А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


 Көлдер мен батпақ көлдердің геологиялық əрекеті



Pdf көрінісі
бет42/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   145
Байланысты:
2 Жалпы геология

1.6.7. Көлдер мен батпақ көлдердің геологиялық əрекеті 
Көлдер – құрлық  беткейіндегі  ойпаттар  мен  шұңқырлар  сумен 
толтырылған  жəне  олардың  теңізбен  байланысы  жоқ.  Пайда  болу  жолына 
қарай көл ойпаттары эндогенді жəне экзогенді деп бөлінеді.  
Судың құрамы бойынша олар: 
а) тұщы; 
ə) тұзды болады.    
Ауылшаруашылық маңыздылыққа көлдердің химиялық шөгінділері ие, 
олар гипспен, галитпен, калийлі-натрийлі тұздарымен, мергелдермен, темірлі 
кендерімен, кремнийлі қосылыстарымен байқалады. 
Батпақ  көлдер  деп  көбінесе  құрлықтың  ылғалданған  салаларын 
айтады, олардың үсті қалыңдылығы 30 см кем емес шымтезекпен жабылған, 


51 
 
құрғатылған  күйінде  олардың  қалыңдылығы 20 см  дейін  жетеді. 
Шымтезекпен  жабылмаған  мол  ылғалданған  аумақтарды  батпақталған 
жерлер деп айтады.     
Көріктенудің  сипатына  қарай  батпақ  көлдер  келесі  түрлерге  бөлінеді: 
1) үстіңгі жақты; 2) төменгі жақты.  
Үстіңгі жақты батпақ көлдер су айырығының алаңдарында орналасқан 
жəне тұнбалармен қоректенеді. Төменгі жақтағы батпақ көлдер жер бедердің 
төменделген  жерлерінде  орналасады,  су  қоймалардың  шымтезекетнуі 
арқылы пайда болады.   
Өсімдіктердің  жойылған  бөліктері  су  қоймалардың  түбінде  біртіндеп 
өсетін шөпті шымтезек қабатың құрайды.  
Шымтезек – құрылымсыз  гумусты  массасымен  бірге  жартылай 
ыдыраған  өсімдіктердің  механикалық  қоспасы.  Шымтезек  қабатында 
түйіртпекті  материалдардың  линзалары  мен  қат-қабатталуы  жəне 
ағаштардың түптері байқалады.  
  
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет