Теңіздің бұзушылық жұмысы Əлемдік мұхіттың сулары арқылы жүретін бұзушылық жұмыс абразия деп аталады. Абразия арқылы тік жартастарды, жағалауларды бұзылады,
нəтижесінді оның қабырғаларында ойыстар пайда болады, оларды толқын
соқпалардың қуыстары деп айтады. Олар біртіндеп тереңделеді жəне қайта
ауырлық күштер арқылы құлайды. Тік жаға құрлық жаққа кері қайтады, оның
орынында толқын соқпалы терраса немесе абразия террасасы пайда болады.
Мұхит-теңіздердің шөгінділері:
1. Құрлықтың бұзылып, одан тасымалданып, теңіз түбіне шөккен
жыныстар жинағын терригендік (латынша терра - жер деген мағынада)
дейді.
2. Теңіз суынан химиялық жолымен шөккен жыныстарды хемогендік деп атайды.
3. Биогендік немесе органогендік деп организмдер қалдықтарының
үйілуінен жаратылған түрлерін айтады.
4. Жанартаулық жыныстар су асты мен үстіндегі жанартаулардың
атқылау əректінен пайда болады.