Бастырма — ыдыратқыш 45 градусқа дейін еңістелген.
Ысырыма ыдыратқыш бойымен жер қыртысында блоктардың
көлденең жылжуы.
15 сурет. Лықсымалар мен ығыспалар: I– лықсыма құрылысының сұлбасы:
1 – жобада, 2 – қимада; I – қимада лықсыманың элементтері; А – көтерілген
блок (төсеніш блок), Б – төмен түсірілген блок (аспа блогі). ГГ –
лықсыманың ыдыратқышы, α– лықсыманың құлау бұрышы, аб – жылжудың
нақты амплитудасы, ав – көлденең амплитуда, бв – тік амплитуда; II –
ығыспа құрылысының сұлбасы: 1 – жобада, 2 – қимада; II` - қимада
ығыспаның элементтері: А – көтерілген блок (аспа блок), Б ~ төмен
түсірілген блок (төсеніш блогі), II – ығыспаның ыдыратқышы, α– ығыспаның
құлау бұрышы, аб – жылжудың нақты амплитудасы, ав – тік амплитуда, аб –
көлденең амплитуда
Грабен– үзілмелі бұзылыстармен шектелген жер қыртыстың
төменделген салалары.
Горст - үзілмелі бұзылыстармен шектелген жер қыртыстың көтерілген
салалары.