Дизъюнктивті немесе үзілмеді дислокациялар Үзілмелі дислкация – тау жыныстардың тұтастылығы бұзылуымен
жүреді. Дизъюнктивтер – бұл жыныстардың бір-біріне қарама қарсы
ығысуымен жүретін үзілмелер. Жыныстардың ығысуы жүрген үзілмелі
жазықтығын ыдыратқыш (немесе жылжытушы) деп аталады. Үзілменің
элементтері: ыдыратқыш, аспа қанаты, төсеніш қанаты.
Үзілмелердер қанаттардың ығысу бұрышына жəне бағытына қарай
келесі түрлерге бөлінеді: лықсыма (сброс), ығыспа (взброс), бастырма
(надвиг), ысырма (сдвиг) (15 сурет).
58
Лықсыма ыдыратқыш бойымен аспа қанаты төсеніш қанатына
қарағанда төмен орналасады.
Ығыспа ыдыратқыш бойымен аспа қанаты төсеніш қанатына
қарағанда жоғары орналасады.