Сабақтың кезеңі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
|
Тақырып: IDE-мен танысу
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
– Программа құрудың кіріктірілген ортасымен танысады;
– python программалау тілінде алғашқы программаларын өз бетінше құрады
|
Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу
|
|
Презентация (1-4 слайдтар)
|
Жаңа сабақ
|
Жаңа сабақты түсіндіру
Программа – компьютер түсінетін тілде жазылған командалар мен нұсқаулар жиынтығы.
Компьютерлік программа – компьютерді басқаруға арналған логикалық құрылымы мен реттілігі бар командалар жиынтығы.
Программаларды процессор тіліне (екілік кодқа) аударатын программа транслятор (аударғыш) деп аталады.
Транслятордың 2 түрі бар:
Компилятор – программаны машиналық кодқа толық аударып, орындайтын транслятор;
Интерпретатор – программаны машиналық кодқа қадам бойынша (кезең – кезеңімен) талдай отырып, аударып, одан кейін орындайтын транслятор.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Презентация (5-10 слайдтар)
|
Практикум
|
|
Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
|
Презентация (11-15 слайдтар)
|
Бекіту
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
№1-тапсырма.
Кез келген екі санның қосындысын табу программасын жазыңыз.
№2-тапсырма.
«Менің Отаным – Қазақстан!» сөйлемін экранға шығару программасын құрыңыз.
№3-тапсырма.
«Qazaq Eli» сөзін экранға 3 рет шығару программасын құрыңыз.
|
Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
|
Презентация (16-18 слайдтар)
|
Қорытынды
|
Сабақты қорытындылау, рефлексия
|
|
|
Презентация (19 слайд)
|