11
2 тақырып. ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ
МЕН ЗАҢНАМАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. ҚАЗІРГІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ
СИПАТТАМАСЫ
Кесте 1
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНННЫҢ
ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Көшпенділердің, яғни қазақтардың жазалау жүйесінде бас бостандығынан
айыру немесе өлім жазасы әдетте қолданылмаған.Көшпенділерде негізгі жаза
ретінде айыппұл төлеу, мысалы, қылмыскер кісі өлтірген кезде құн,ал
басқадай қылмыс жасаған кезде айып төлейтін болған.Осыған орай қазақ
қоғамында түрме салу және осы сияқты мекемелердің қажеттілігі
болмаған.Қазақстан аумағында түрме салу патшалық Ресейдің колониялдық
саясаты дәуірінде басталған.XX ғасырдың басында Қазақстан аумағында 20 -
ға жуық түрме болған.
Жеті жарғы
Біздің ата-бабамыз өз қасиетті жерлерінде түрме
(абақты) салмаған. Қылмыс жасаған адамды дала билері
қазақтың асыл сөздерімен кесіп тастап отыратын болған
немесе әз Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын қолданған.
«Жеті жарғы» қазақтардың әдеттегі құқығының
заңнамалық ескерткіші – хан кезеңіндегі (XV-XIX ғғ.)
қазақ құқығы.
Жазаның негізгі түрлері:
Құн төлеу кісі өлтіру және ауыр дене жарақатын алу
кезінде қолданылатын жазаның негізгі түрлерінің бірі
болды. Бұл төлем болды, оның мөлшері жәбірленушінің
әлеуметтік мәртебесіне және қылмыстың ауырлығына
байланысты болды. Қарапайым адамды өлтіру 1000 қой,
200 жылқы немесе 100 түйе төлеумен жазаланды.
Қарапайым сұлтан, би, батырды өлтіргені үшін бір
жарым немесе қос күн төлеуге тура келді. Беделді
сұлтан-билеушіні өлтірген жағдайда жеті еселік құн
тағайындалатын.
Айып мүліктік қылмыстардың басым бөлігі және
жеке адамға қарсы бірқатар қылмыстар үшін
тағайындалды. Айып тоғыз бас ірі қара немесе бағалы
заттармен төленген айыппұл.
Дене және масқаралайтын жазалар дінге қарсы және
жеке адамға қарсы қылмыстар (қорлау, антты бұзу және
т.б.) үшін қолданылған.
Өлім жазасы сирек қолданылды. Оған үйленген
әйелді немесе ұсталған қызды өлтіру және зорлау үшін
12
кінәлілер сотталды. Жәбірленуші тараптың келісімімен
өлім жазасы құнмен алмастырылуы мүмкін болған.
Жәбірленушінің кінәлі тарапына ұстап беру
кінәлінің туыстары құн немесе айып төлеуді қаламаған
жағдайда қолданылды. Бұл жағдайда сотталған адам
айыппұл немесе өндіріп алу құнын өтеуге немесе өз
қалауы бойынша өлім жазасына дейін жазалауға мәжбүр
болуы мүмкін.
Осылайша,
көшпенді-қазақтардың
жазалау
жүйесінде бас бостандығынан айыру сияқты жаза болған
жоқ, ал өлім жазасы, әдетте, айыппұл төлеумен (айып,
құн) алмастырылды.
1917-1919 жж
1917 жылы ақпан революциасынан кейін уақытша
үкімет тарапынан түрме жүйесін реформалауға
талпыныс жасалған. Алайда ол да аяқталмай қалған, ал
үкіметтің өзі 1917 жылғы Қазан революциасымен
орнынан тайдырылған.1917 жылғы қазан айынан кейін
бас бостандығынан айыру орындарына басшылық ету
РСФСР Халық әділет комиссариатына жүктелген, оның
қамауда ұстаудың Бас басқармасы құрылған.1918 жылы
мамырда жазалаушы болып атын ауыстырған, ал 1919
жылы орталық жазалаушы бөлім болып қайта құрылған.
Губерниялық (облыстық) әділет комиссариаттары
жанында түрме инспекциялары,ал 1919 жылдан бастап
жазалаушы бөлімдер жұмыс істеді.
1920-1922 жж
Қазақстанда 1920 жылы тамыз айында Қазақ
автономиялы республикасын құрумен байланысты
ҚазКСР Әділет Халық Комиссариаты (ӘХК) енгізумен
Қамауда ұстау орнының бас басқармасы (ҚҰОББ)
құрылған,оған республика аумағында жұмыс істеген 20
жалпы қамауда ұстау орын тікелей бағынды.Бұдан
басақа ҚазКСР Ішкі Істер Халық комиссариаты (ІІХК)
құрамында төрт еңбек лагері болды.
1921 жылдың наурыз айының соңында Қаз КСР СНК
шешімі бойынша милицияның қарауында үйде қамауға
алынғандар және ІІЖК еңбек лагерлерінде отырғандар
ҚазКСР Әділет Халық комиссариатының ҚҰОББқұрамы
енді.Алайда 1922 жылы қамауда ұстау барлық орындары
Ф.Э.Дзержинскийдің ұсыныс бойынша РСФСР ІІХК
қарауына берілген болатын.Сондықтан 1922 жылдың
жазынан бастап, Қазақстанда да барлық қамауда ұстау
орындары ҚазКСР ІІХК қарауына көшті. Азамат
соғысынан кейін 1921 жылы кеңес үкіметінің басшысы
В.И.Ленин
социализмге
нарықтық
экономика
арқылы,мемлекеттік капитализм арқылы өтуді ұсынған
13
болатын.Нарықтық экономикаға көшу бірінші кезекте
мемлекеттің
құқықтық
жүйесін
құруды
талап
етті.Осыған
байланысты
1922
жылы
ұйымдастырушылық-құқықтық
реформа
жылы
болды.Сондықтан бір жыл ішінде қылмыстық және
азаматтық кодекс, жаңа жер және еңбек кодекстері
дайындалып, қабылданды.Заңдарды қабылдау соттарды
реформалаумен бірге жүрді.Сол кезде мемлекеттік
прокуратура
тағайындалып,адвокатура
жүйесі
реттелінді.
1922-1924 жж
1922
жылы
РСФСР
Қылмыстық
кодексі
қабылданғаннан кейін РСФСР бірінші Еңбекпен түзету
кодексі (ЕТК) жобасы әзірленді.Бір жыл ішінде бұл
жоба көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда, бұған қоса
1923 жылы Мәскеу қаласында өткен пенитенциарлық іс
қызметкерлерінің
бірінші
Бүкілресейлік
съезінде
талқыланған.
РСФСР ЕТК 1924 жылғы 16-қазандағы Бүкілодақтық
орталық атқару комитеті (БОАК)екінші сессиясының XI
шақырылымында бекітіліп, осы кодекс белгілі бір
өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жеті жыл
бойы қолданылған.
1924 жылғы РСФСР ЕТК кіріспе бөлімінде кеңес
мемлекетінің
түзеу-еңбек
саясатының
негізгі
принциптері айтылған.Жалпы, РСФСР-дің 1924 жылғы
ЕТК
барлығы
231-бап
болған.Талдау
жасау
көрсеткендей, Еңбекпен түзеу кодексінің концептуалдық
негізі-қамаудағыларды түеу идеясы болған. 1924 жылғы
РСФСР ЕТК қамауда ұстау орындарының жабық
типтерін: қамауда ұстау үйі, түзеу-еңбек үйлері және
арнайы
тағайындалған
изоляторларды
құруды
қарастырды.Кодекс
нормаларына
сәйкес
аталған
мекемелерде
сотталғандарды
камералар,
топтар
бойынша ұсталды.
1924-1929 жж
Мұрағаттық деректер бойынша 1924 жылдан 1929
жылдар аралығынада Қазақстанда 13 қамауда ұстау
орындары, 9 еңбекпен түзеу мекемелері және 3 арнайы
тағайындалған изоляторлар болды.
1929-1930жж
1929-1930жылдары
РСФСР -дің 1924 жылғы
Еңбекпен
түзеу
кодексіне
бірқатар
өзгерістер
енгізілді.Аиап
айтқанда:қамаудағыларды
қатаң
оқшаулау жойылды, бөліп таратушы және қадағалаушы
комиссиялары жойылды.
14
1933-1934 жж
1933 жылы РСФСР ӘХК бастамасы бойынша жаңа
еңбекпен түзеу кодексі дайындалып, ол Бүкілодақтық
орталық атқару комитетінің (БОАК) 1933 жылғы 1-
тамыздағы қаулысымен бекітілді.
1934 жылы БМСБ өзінің барлық еңбекпен түзеу
лагерлерімен және одақтық және автономиялық
республикалардың
ӘХК
барлық
қамауда
ұстау
орындары КСРО орталық атқару комитеті (ОАК) 1934
жылғы 10-шілдедегі қаулысымен құрылған КСРО Ішкі
істер Халық комиссиариатының құрамына енген КСРО
ІІХК құрылымында еңбекпен түзеу лагерлерінің және
еңбек қоныстарының Бас басқармасы (ГУЛАГ)құрылды.
1936-1950 жж
Қазақстан аумағында 1936-1950 жылдары 23 түрме
болған, оларда шамамен 20 мыңнан астам сотталғандар
ұсталды.
1961-1971 жж
Келесі пенитенциарлық жүйенің реформасы 1961
жылы жабық типті еңбекпен түзеу колонияларын
салумен басталды.
Қазақ КСР -дың 1971 жылғы Еңбекпен түзеу кодексі
жеті бөлімнен тұрған, әр бөлімде бірнеше тарау болған.
Жалпы кодекс 125 баптан тұрды. Аталған кодексте бас
бостандығынан айыру түрінде жазаны орындау, жер
аудару, басқа жерге жіберу,бас бостандығынан айырусы
зтүзеу жұмысының тәртібі және жағдай толығымен
реттелді.
1980 жж.
Қылмыстық-атқару
заңнамасы
негіздерінің
тұжырымдамасын дайындалды
1988ж.12 - 13 қазан.
КСРО ІІМ Рязань жоғары мектебінде өткен
бүкілодақтық
ғылыми-практикалық
конференцияда
КСРО
Одағы
мен
одақтас
республикалардың
қылмыстық-атқару заңнамасы негіздерінің жобасын
талқыланды.
1990 ж. желтоқсан
РСФСР Қылмыстық-атқару заңнамасы негіздерінің
жобасы дайындалды және РСФСР Жоғарғы Кеңесінің
комитеттеріне жіберілді.
Қылмыстық-атқару заңнамасын дамытудың қазіргі кезеңі
1994ж. 12 ақпан.
Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды
1997ж. 13 желтоқсан.
ҚР бірінші қылмыстық-атқару кодексі қабылданды
2014ж. 5 шілде
ҚР екінші қылмыстық-атқару кодексі қолданысқа
енгізілді
15
Кесте 2
Қылмыстық-атқару
құқығының
нормалары
–
бұл
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық-атқару саясатының талаптарына сәйкес
мемлекет белгілеген және тиісті заң актілерінде көрсетілген, қылмыстық
жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын
орындау және өтеу процесінде және соған байланысты қалыптасатын
қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық
қағидалары (моделі)
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Функционалдық рөлі
бойынша
бастапқы нормалар (ҚР ҚАҚ 1,5,9, .97баптары )
нормалар-мінез-құлық ережелері (ҚР ҚАҚ 1,31,39,
97баптары )
Мінез-құлық ережесінің
сипаты бойынша
ынталандыру нормалары (ҚР ҚАҚ 1.96.128 баптар)
қорғау нормалары (ҚР ҚАҚ 51.54.60 баптар)
реттеуші
нормалар
Міндеттейтін (ҚР ҚАҚ 11.50.53,66
баптар)
Уәкілетікті (ҚР ҚАҚ 106 б.4б.)
Тыйым салатын (ҚР ҚАҚ 119 б.6,8
б., 104 б. 3б.)
заңды күші бойынша
заңнамалық сипаттағы нормалар
заңға тәуелді сипаттағы нормалар
нақтылау нысаны
бойынша
жалпы сипаттағы нормалар (ҚР ҚАҚ 9.10 баптар)
арнайы нормалар (ҚР ҚАҚ 19.20,21.22,23 баптар)
бірлік нормалары (ҚР ҚАҚ 114 бап)
категориялық норма
дәрежесі бойынша-
императивті (категориялық. авторитарлық) (ҚР
ҚАҚ 90.91,93,94 баптар)
диспозитивті (ҚР ҚАҚ 106 б.4б,119 баптар)
ұйғарымның сипаты
бойынша
материалдық нормалар
процестік, рәсімдік нормалар (ҚР ҚАҚ 129, 132,
133,154 баптар)
техникалық нормалар (ҚР ҚАҚ 99 бап)
Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының құрылымы - қылмыстық-
атқару құқығының құрылымы-норманың қандай бөліктерден(элементтерден)
тұратынын және бұл бөліктердің өзара қалай әрекеттесетінін көрсететін оның
функционалдық дербестігін қамтамасыз ететін қажетті элементтердің
реттелген жиынтығы
16
Гипотеза - құқықтық
факт
(оқиға,
іс-әрекет,
жай-күй) болған
кезде
қылмыстық-атқару
нормасы қолданылуы тиіс
шарттар
Диспозиция - бұл
қылмыстық-атқарушы
құқықтық
қатынас
субъектілердің
мінез-
құлық ережесі(моделі),
норманың жүрегі.
Санкция - диспозиция
ережелерін орындаудың
немесе
орындамаудың
белгілі бір салдары
Достарыңызбен бөлісу: |