А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Қодар. Не істедім, не істедім?.. Неге арқаладым қанын? Жарасқан жастардың жазығы не еді! Жазығы не еді? О, жауыз Қодар! (Отыра кетеді.) (57 б.) Жантық



бет12/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Қодар. Не істедім, не істедім?.. Неге арқаладым қанын? Жарасқан жастардың жазығы не еді! Жазығы не еді? О, жауыз Қодар! (Отыра кетеді.) (57 б.)
Жантық. О, шіркін, шіркін! (57 б.)
Мұнда Қодар Қозыны өлтіргеніне өкініп, бармағын тістеп, өзіне-өзі «О, жауыз Қодар!» деп күйзеледі. Ал Қозыны өлтіруге өзі итермелеген Жантық сұмның «О, шіркін, шіркін» деген сөзінен не құптағаны, не қайрағаны, я өкінгені белгісіз болып, көрермен интригасына қалдырылған.
Драмалық шығармаларда кейіпкерлердің сөзі жеке-дара айтылғанмен, композициялық құрылымы тұтастық құрайды. Мұндай тұтастықтар абзацтар, күрделі синтаксистік тұтастықтар сияқты құрылымдық-семантикалық бірліктер болып табылады. Бұл туралы Р. Сыздық: «Тұтастықты түзетін бөліктердің (әр кейіпкерлер сөздерінің) өзара іліктесетін, жалғасатын тетіктері сөз арқылы көрінеді, «сөз кесектерін» жымдастыратын амалдар іске қосылады. Бұл да жазушы шеберлігіне барып саятын әңгіме. Мұндай «цементтеуші» құралдар әр қилы: олар әңгіме арқауы (тақырыбы) болуы мүмкін, алдыңғы кейіпкер айтқан бір сөзді екінші кейіпкердің қайталап айтуы арқылы да репликалар ұласып кетуі мүмкін, сұрау-жауап болып тұтасуы да мүмкін»,-деп көрсетеді [46, 5 б.].
Ойдың берілуінде, көркем сөздің эмоциялық әсер-қуатын жеткізуде ақ өлең кейде түйдек-түйдек, кейде қысқа, кейде толымды-толымсыз ұйқасқа, дауыс қарқынына, дыбыс әуезділігіне, сәйкестілігіне құрылады. Ақ өлеңде дыбыс, әуезге, ырғаққа негізделген құлаққа жағымды, жүрекке жақын сөздер диалогтар мен сырлы монологтарда кездеседі.
Мысалы:
Баян. Қара күн қайта орнады,
Тез жетсін деп айтты де, Баян.
Үстіме тау құлағалы тұр,
өзі құтқарып алсын деп айтты де, Баян.
Отым сөнгелі тұр,
өзі келіп тұтатсын деп айтты де, Баян.
Таңым атқанша,
Күнім батып та болды деп айтты де, Баян... (40 б.)
Драматург тіліндегі сөз ұйқасына құрылған кейіпкерлердің осындай сөздері сезім ұйқасына, мән мен мазмұн ұйқасына айналып жүре береді.
Сахнаның басты шарты ауызша сөздің нормалары мен жазба сөздің ара жігін ажырату болып табылады. Әрине, барлық уақытта сөздің жазылуы мен айтылу нормасының сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Сондықтан, сахнада орфоэпиялық норманың сақталуы да негізгі талаптардың бірі.
Баянның жоғарыдағы монологын сахнадағы айтылым ырғағына қарай транскрипциялайық:
Баян. // Қарагүн // ғайтаорнады, //
// Тежжетсіндеп // айттыде, // Баян. //
// Үстүме // тауғұлағалұтұр, //
// өзүғұтқарып // алсындеп // айттыде, // Баян. //
// Отұмсөңгөлүтұр, //
// өзүгеліп тұтатсындеп // айттыде, // Баян. //
/ /Таңыматқанша, //
// Күнүмбатыпта // болдыдеп // айттыде // Баян... //
Осындағы ұйқасқа себепші болып тұрған «де» етістігінің лексика-граммматикалық сипаты өте күрделі. «Де»-ні көбінесе көмекші етістік дегенмен, лексикалық мағынасынан айрылып қалмаған, айт, сөйле деген тұлғалармен мағыналас сөз. Мысалдағы де баяндауышқа қосымша мағына үстеп тұр. Мұндағы төл сөз де етістігінің арқасында өзінің ішкі дербестігін сақтап, оған қоса автор сөзі түріндегі сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарып тұр. Мысалдағы де етістігі етістік мәнінен шығып, сөз арасын байланыстыратын шылау ретінде қолданылған.
Қозының репликасын да өлең жолдарына түсіріп талдайық:
Қозы. Қара жүрегіңді қанжарға тапсырар ем, қара қаныңды қайда қоярмын!
Арам жаныңды аллаңа тапсырар ем, арам денеңді қайда қоярмын!
Арам жаныңның арашасы мұндай көп болар ма?
Қайттым де қара ниеттен!.. (51 б.)
Сахнада бұл сөздер де дұрыс транскрипциялануы қажет. Осында Қозы батыр Қодарды өлтірмей аяушылық білдіріп, босатып жібереді. Қолын қанға былғамайды. Шұғыл дыбысқа жататын тек қатаң қ-дан басталып жасалған Қозының қаһарлы сөздерінің перлокуциялық әлеуеті орасан. Мысалдағы ең актив формаға жататын Қ фонемасы сөздің барлық позициясында тұр. Қара қаныңды дегендегі қ фонемасының көрші дыбыстардың әсерінен ғ-ға айналып ұяңдануы (қара ғаныңды) дыбыс амплитудасын күшейтіп, алапат ашудың, ызаның тасқын күшін білдіреді.
Әрбір дауысты және дауыссыз дыбыстар өз бойында көзге көрінбейтін белгілі бір ишараны қамтиды. Ол ишаралар бейнелі түрде көзге көрінуі де мүмкін. Бір-бірімен дыбыстар сияқты ажыратылып та тұрады. Көркем сөзді зерттеуде, ғалымдар, адам тілінің өзі қимыл-қозғалыс, әрекеттен тұрады дегенді айтады.
Мысалы, А дыбысында көзге көрінбейтін әсерге бөлену, таңқалу, қастерлі қасиеттерге бөлену, ал У дыбысында керісінше тұйықталу, тығырыққа тірелу сияқты ишаралар бар.
Жоғарыдағы Қозының сөздерінде Қ дыбысы құбылысқа терең бойлап, оның мәніне үңілдіртеді. Онда ашу мен қаһар, сананы тілгілеген салмақ бар. Дауысты дыбыстар адамның ішкі жан дүниесінің әсерленуімен, сезінуімен, жақсы көріп құшақ жаюымен тығыз байланысты болса, дауыссыз дыбыстар әлемнің сыртқы құбылысының ишараларын білдіріп тұрады.
Осы орайда белгілі театртанушы А.Б. Құлбаев «сөздер мен сөйлемдерде түйдектелген дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, шексіз әр алуан реңктерді тудырып, бір-бірін байыта, өзгерте түрлентіп жатады. Өзінің дайындықтағы азапты жұмысын кейінірек ұмытуға құқы боп, сосын өзінің шығармашылық тіліне (сөзіне) еркін берілуі үшін актер әрбір дыбысты жекелей түрінде айтуға жаңадан үйренеді (бала кезінде әрбір дыбысты жекелей жазып үйренгеніндей) [49, 259 б.],-деп ой түйеді «Сыр мен сымбат» атты еңбегінде. Демек, әрбір дыбыста жан бар, «өмір» бар. Оны актер жан-тәнімен сезінбейінше, яғни «дыбыстық эвритмиканы» меңгермейінше, образды – ишараны да жеткізу мүмкін емес.
Дыбыстың жанын сезінбеген адам, сөздің де жанын сезінбейді. Актер әрбір сөйлем мен ойдың жан дүниесін сезінуі керек. Актер мұраты сөз сарайының ішкі қуатын ашып, тіл қазынасының астарын ақтару болып табылмақ.
Тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес мұндай мәселелер сахна тілінің ғана емес, тілді тұтынушы жалпы халықтың да мәдениетін көрсетеді.
Сонымен, ақ өлең терең талғамды қажет етеді. Ақ өлең тілі – ұлттық колоритті танытатын көркем тіл үлгісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет