А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Сахна тіліндегі қарқын мен дауыс ырғағы. Репликалардың интонациялық-әуезділікпен берілуі



бет30/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Сахна тіліндегі қарқын мен дауыс ырғағы. Репликалардың интонациялық-әуезділікпен берілуі.
Cөйленістің негізгі мәні интонациялар арқылы беріледі. Ол белгілі бір экспрессияны, түрлі эмоцияларды, сөйлеушінің субъективті қатынасын, оның өзіндік мінездемесін бір мезгілде сипаттайды.
Арнаулы әдебиеттерде негізгі интонациялық құралдарға сөйленістің қарқыны (интенсивтілігі, ұзақтығы, мелодика, тембр) жатады.
Актер дауысының динамикалық диапазоны персонаждардың тебіренісі, сахналық әрекеттің ширығуымен байланысты. Ауызша және логикалық екпін түсетін буындар қатты естіледі. Сөздердің дыбысталуының ең үлкен ұзақтығы фразалық екпіндегі сөздің буынына түседі.
Сөйлеу мен дауыстың өзіндік ерекшелігі адамға табиғаттан беріледі. Яғни адамның психофизикалық ерекшелігі, сыртқы келбеті, мінез-құлқы, т.б. оның сөйлеу ерекшелігін қалыптастырады.
Тілдегі интонацияның ең басты және универсалды компоненті әуен (мелодика) деп аталады. Бір тілдің басқа тілден өзгешелігін білдіруде әуен үлкен рөл атқарады. Себебі сөйлеу тілінің ағысын алуан түрлі бөлшектерге бөліп жіктейтін осы әуен мен кідіріс болып табылады. Сондай-ақ олар сөйлемдердің коммуникативтік түрлерін, олардың айтылу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты) анықтауда да үлкен қызмет атқарады.
Акцент жасалатын сөйлеу актілері баяу қарқында түрлі ұзақтықтағы кідірістер арқылы беріледі. Паузалар персонаждардың эмоционалды, психологиялық жай-күйін білдіреді. Психологиялық паузалар бір нәрсені күткенде, ойды аяқтамай, сөйлемді толық айтпаған кезде, бір жағдайларды еске алудың алдында қолданылады.
Бұдан басқа, физиологиялық (дем тартуда, шаршаған адамды суреттеуде) және ритмикалық паузалар (өлең және прозалық шығармаларда) болады.
Интонация компоненттерінің бірі болып табылатын дауыс ырғағы (тембр) – адамның көңіл-күйін, эмоциясын білдіретін тәсіл. Соңғы кездері ғалымдар оны реңк, интонацияның реңкі деп атап жүр. Тембр (реңк, әуезділік) – бұл дауыстың эстетикалық сапасы. Дауыстың жағымды ырғағы репликалар, монолог пен диалогтардың эмоционалды әрекетін күшейтеді.
Сахна тіліндегі акцент жасауда (логикалық екпіндерде) дауыс тоны жоғарылайды. Фразалық екпіндер (негізінен логикалық екпіндер) дауыс тонының төмендеуінен, ал тактикалық (көмекші логикалық) екпін жоғарылығымен ерекшеленеді.
Дауыс тонының өзгеруі персонаждардың мәтін астарын ашуына көмектеседі. Сөйленістің әуезділігі (тембр, мелодика), сөйлеудің бірнеше синтаксистік құралдары – қарсыласу, бұйыру, сұрау, көлгірсу, тікелей кінәлау, тұжырымдау, ирония, юмор т.б. арқылы беріледі.
Сөйлеудің эмоциялылығында дауыс – «вокалды канал», ал дем – эмоционалды ақпаратты беру көзі ретінде маңызды рөл атқарады.
Сонымен, фонетикалық құбылыстардың эстетикалық қызметте өнімді жұмсалуы драмалық шығармалар тілінде де ерекше көрініс табады. Драма тілінде сөздің айтылу әуезі мен әуені, синтаксистік құрылысы ерекше болатындықтан, көркем образ жасауда тілдік құралдардың мазмұны мен сыртқы формасы біртұтас бірлік құрап, тұтасқан күйінде қабылданады. Себебі, фонетикалық құралдар өз алдына микрообраздар жасай алғанымен, олардың тұтастай бірлігі ғана көркем туындының біртұтас көркемдік-эстетикалық құрылым жүйесін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет