А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Омар. Ал, кедей-батырақ! Бай кетті. Арқа-басың босады. Енді тіршілікке де, кеңес дүниесіне де өздерің иесің. Батырақтар



бет63/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Омар. Ал, кедей-батырақ! Бай кетті. Арқа-басың босады. Енді тіршілікке де, кеңес дүниесіне де өздерің иесің.
Батырақтар. О, айтқаның келсін, жолың болсын! Дегенің келсін!
Омар (күлімсіреп, даурықты басып). Тұра тұрыңдар, жолдастар. Сендер бәрің де байды қуарда, нағыз кедей табы болып бірігіп еңбек еттің, таптық санасы ашылған деген осы болады. Енді ұйымдасу қажет. Бәрің де жассың, комсомолға арыз да берісіп едіңдер. Міне, енді сендерді тегіс комсомол алды. Әуелі соны білдірем.
Батырақтар:
- Бәрекелді!
- Уа, жарайсың!
- Е, бізді алмай кімді алушы еді.
- Боламыз комсомол! (385 б.) («Тас түлек»).
Полилогтық өзара әрекетті функционалды-прагматикалық талдау, тілдік интеракцияның үш аспектісінде жүзеге асады:
- пропозиционалдық аспектіде интенционалды маркер тілдік интеракция кеңістігіндегі пропозиционалды сөйленістің референционалды релеванттылығы, информативтілігі пропозицияның қалыптасуында көрініс табады;
- нақты интеракционалды аспект иллокутивті, аргументативті, интерперсоналды жоспарда қарастырылады;
- дискурсивті жоспарда интеракционалды дискурстың құрылымдық және ұйымдастырушы элементтері тілдік байланысты қолдау, коммуникацияға кіру және шығу үдерісін белгілейді.
Бұл тілдік бірліктер тілдік өзара әрекеттердің түрлі аспектісі мен жоспарларындағы (маркерлер, операторлар) негізгі мынадай қызметтерді атқарады:
Референционалды аспектіде:
- пропозицияны өзара тілдік әрекеттің когнитивті-интенционалды аясында қарастырады;
- жалпы референциалды кеңістіктің құрылымын белгілейді;
- пікірдің ақпаратты релеванттылығын көрсетеді;
- пікірдің эмоционалды-экспрессивті мәнін белгілейді.
Аргументативті аспектіде:
- пікірдің дәлелді (аргументативті) бағыты мен күшін көрсетеді және өзгертеді.
Иллокутивті аспектіде:
- тілдік акті пікірдің иллокутивті күші мен мақсатын көрсетеді.
Интерперсоналды аспектіде:
- «әріптестік немесе конфронтация» бағытын көрсетеді;
- сөйлеушінің «позитивті / негативті бет-бейнесін» анықтайды;
Дискурсивті аспектіде:
- өзара пікірдің байланысын, коммуникацияға кіру, тілдік бастаманы бөліп жіберу, тоқтату, коммуникациядан шығуды көрсетеді.
Коннекторлардың қызметінде: түрлі жоспарлар мен аспектілердегі пікірлерді біріктіріп, оларды аргументативті қызметімен, тілдік өзара әрекеттегі пікірді иллокутивті және интерперсоналды қызметімен (сұрақ / жауап, ұсыныс келісім / қарсылық, әріптестік т.б.) байланыстырады.
Мұндай тілдік бірліктердің жиынтығы туралы зерттеуші Г.Э. Айрапетов былай деп тұжырымдайды: «Несмотря на разнообразие форм, совокупность таких речевых единиц образует единое функциональное поле маркеров, операторов, коннекторов, обеспечивающих взаимодействие семасиологических и ономосиологических процессов в ходе речевой интеракции, позволяет «говорящим» строить многоаспектное и многоканальное, двустороннее и обоюдное диалогическое пространство» [126, 14 б.].
Демек, жоғарыдағы қызметтеріне орай, полилогтар шығармада оқиғаға қатысушы бір топ адамның образын жасайтын, яғни топты танытатын құрал. Мұнда автор оқиғаны баяндау кезінде бірнеше адамдарды қатыстыру арқылы кейіпкерлердің өзіндік бейнесін толықтырып нақтылай түседі.
Сонымен, тілдік қарым-қатынасты лингвистикалық зерттеу тілдік элементтердің өзара әрекеттестігі және байланыстарының заңдылықтары мен белгілі бір ережелерін талдауға сүйенеді. Тілдік өзара әрекеттің барлық құрылымы мен жүйесін талдаудың нәтижесі коммуникативтік актіге қатысушылардың қызметі мен рөлдерге топтастырылуынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет