А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет66/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Бейсембі (жалғыз отырып). Есендік үйінің шырқы бұзылып барады. Көлденеңнің көзіне сөгісті болатын, өрескел істер көбейіп кетті. (Тым- тырыс.) Бірақ не қылмақ керек? Барлық дәулет осының қолында. Партия істесең, мұны кірістірмей, іс өнбейді. Кірістіргенде қатарыңа жүруге жарайтын біреу жоқ. Бастығы Есендік болып, ел келесі былай тұрсын, өз атының басын да алып жүре алмайды. Бәйбіше баласын сүйейін десем, ұстауға ауыр, бетіңді үнемі ұғып отырмайды. Жөн білмейтін олақтығының үстіне, кей уақытта сөзге көнбейтін семіздігі де бар. «Бәйбіше баласымын» деген кеуде бар. Тоқал баласы болса, оның да шаласы көп, дүние көрмеген малқор да ақылы аз. (Тым-тырыс.) Бірақ мұны ұстау жеңіл. Уысымнан шықпайды. Түбінде атаның дәулеті осында қалған соң, бұл шаңырақта менің үлесім көп қой. Мұндайлық мол дәулетті бұлардың әрқайсысына билеткенше, өз билеуіме керек. Олай болса, енді Қуатжанды ұстайын. Осы партияда жеңсем, болысқа да соны қояйын. Бір жағынан Есендік, Қайша қолымда болсын. Екінші, ел көзінде жас бала болып жүре берер. Түбінде мұндай шымылдық әрі іске, әрі есепке қолайлы екен. (77 б.)
Беріліп отырған ішкі (жалғыздық) монологта лингвостилистикалық сипатына қарай, тілдің түрлі функционалдық-мағыналық ерекшеліктері (хабарлау, суреттеу және ой толғау) жинақталған.
Екіншіден, бұларды жанрлық-стилистикалық бағыты бойынша біркелкі топтастыру да қиын. Мысалы, В.В. Одинцовтың жіктеуіне сүйенсек, (Кожин, Крылова, Одинцов) әрбір монологта ұтымды, ойға қонымды құрылым (эстетикалық міндетке бағындырылған) сақталып отырады [109, 159 б.].
Персонаждардың монологы арқылы драматургиялық шығарманың эпикалық жоспары кеңейеді, сондықтан оқырман/көрермен пьесада көрсетілмеген құбылыстар туралы да біліп отырады (эпикалық бояудағы монолог), драмалық монологтарда (Г. Винокур) бір мезгілде кейіпкердің тілдік және психологиялық бейнесін әсерлі көрсету маңызды рөл атқарады.
Монологтарда ең алдымен тілдік тұлғаның орны өте маңызды, яғни, абыздардың, билердің, қарттардың, жастардың т.б. түрлі кейіпкерлердің сөздеріндегі, сондай-ақ тұрмыстық, отбасылық, т.б. жағдайлардағы қолданылатын сөйлеу тіліне де (әдеби ме, қарапайым ба) ерекше мән беріліп, мәтін астарындағы бейнелілік және басқа тілдік ерекшеліктер имплицитті түрде кездесіп отырады. Монологтық репликалар өз бойына философиялық сипаттағы мазмұн жинақтап, адам болмысын рухани тұрғыда ашып көрсетуге тырысады.
Сонымен, драмалық шығармалардағы монологтар өзінің синкреттік қасиетімен ерекшеленеді: оларда екі негізгі монологтық түрдің (жеке (ішкі) және көпшілікке арналған) белгілері байқалады. Бұл әрине, бір жағынан, ХХ ғасырдың басындағы драматургияның ілгері басу үрдісімен байланысты, сондай-ақ, жанрлық, стильдік, поэтикалық т.б. тілдік-көркемдік драматургиялық құрылымдардың контаминацияланғандығын көрсетеді.
Негізінен, драмалық мәтінде автор – драматургтың «мені» көрінеді, яғни, автор өз ойын, ішкі дүниесін кейіпкерлер арқылы білдіру, жеткізу мақсатын іске асырады.
Сол кезең кейіпкерлерінің тіліндегі синкретизмде адамдардың өзіндік саналылығы, ой-өрісі коммуникациялық екі типте көрінеді.
Ю. Лотманның көрсетуі бойынша, «Мен-Мен» (автокоммуникация) және «Мен-Ол» қарым-қатынасы монологтанған репликаларда драмалық кейіпкерлердің «ой ағынын» (поток сознание) бағалауға мүмкіндік береді [139, 198 б.]. Бұл кейін зерттелген құбылыс болса да, сол кезеңдегі драмалық шығармалар табиғатына өте-мөте тән. Себебі, ол кезеңдегі адамдардың ойлау өресі мен сөйлеу әдебі ерекше болатын.
Ал ХХI ғасырдағы модернистік әдебиеттен нәр алған жеке тұлғаның ментальдық өмір категориясы бүгінде жаңа қырынан терең зерттелуде, мұндай сана-сезім, ой ағыны стилінің басты өкілдерінің ішінде Джеймс Джойс, Марсель Крус көп аталады.
Сана-сезім, ой ағыны ұғымын прагматизм негізін салушы американдық философ Уильям Джеймс енгізді, ал «сана сезім ағыны бұлақ сияқты, онда ой, сезімдер, күйзелістер, ассоциациялар бір-бірінен өтеді және ғажап түрде сабақтасып отырады, бұл түс көрген кезде болатын құбылыс»,-дейді
В.П. Руднев [140, 341 б.].
Бұл құбылыс автордың өмірді тануын, сол кезеңнің ғана емес, өзіне дейінгі уақыттың таңбасын, келер болашақта да өшпейтін идеясымен қалу мүмкіндігін бағамдатады.
Ал қазіргі драмалық шығармалардан байқағанымыз, психологизмді күшейтудің бір көрінісі ретінде, ерекше түрдегі монологтар, яғни, кейіпкерлерінің ментальдылығының өзіндік ерекшеліктерін көрсететін және логикаға құрылмаған әсерлер мен ассоциациялар, вербальданған сана-сезім легі көрініс табады.
Құрылымдық-семантикалық белгілері бойынша, мұндай монологтық формалар ішкі оймен астасып, семантикалық өзгешелігімен, айтылған сөздің кейбір лингвистикалық белгілерімен (ерекше синтаксистік құрылымдар; көптеген лексика-семантикалық мәнмәтіндік маңызды құралдар, өзіндік дауыс ырғағы, өзіне тән жүйемен берілетін пунктуация т.б.) ерекшеленеді.
Сонымен, монолог – тыңдаушы тікелей қабылдайтын бір адамның ой толғанысы. Монологтың өзіне тән лексикалық бірліктері мен синтаксистік құрылымы болады. Монологтың сипаттау, баяндау, сендіру, әңгімелеу сияқты функционалдық, коммуникативтік ерекшеліктері бар.
Зерттеуіміздің нәтижесінде, біз қарастырған кезеңдегі пьесалардың құрылымында монологтық сөз нысанына көп көңіл бөлінгенін байқадық.
Кейіпкерлердің ішкі монологтары драмалық әрекеттердің түйінді сәттерінде енгізіледі. Бұлай сөйлеу тек тікелей ішкі әлемді ашудағы экспрессиялығымен ғана емес, сонымен бірге, көптеген сыртқы қосымша әрекет факторларындағы деформациялық сәттерді, экспллицитті және имплицитті болып келетін мазмұнды жоспарлауда сыртқы төл сөздерді дифференциялайды. Оның идеялық-эстетикалық бағалылығы қандай да болсын көзге түспей қалатын кейіпкерлердің өзінің жеке тұлғалық сипаттарын көре білуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет