А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Жантық. Ақ Баян Қозы Көрпештің мойнына асылып бара жатпаса, мені шауып таста сонда! (37 б.) («Қозы Көрпеш – Баян сұлу») Қодар



бет88/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Жантық. Ақ Баян Қозы Көрпештің мойнына асылып бара жатпаса, мені шауып таста сонда! (37 б.) («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)
Қодар. Бұ да Қодарды айуан деп тұр, ә?.. Қодар айуан болса, сен малғұнсың, кет маңайдан, кет малғұн!.. (60 б.) («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)
Жомарт. Сөйле, олай болса, Батыр Есен! (Бәрі Есенге қарайды) (38 б.)
Осындағы Ақ баян, Қозы Көрпеш, Қодар айуан, Есен батыр есімдерінің алдынан, кейде артынан препозитивті, поспозитивті анықтауыштардың қолданылуы, бұл антропонимдердің ерекшелігін көрсетіп, фольклорға тән көне дәстүрді айғақтайды.
Абыз. Не дейсің! Не деп келесің сен? Әнет бабаң, Әнет бабаң серік пе саған... бұ шақта! О-о-о!.. Сонау... сонау ма?.. Қалқаман-Мамыр етпек пе ең? Сұмдық! Ерінің жаны, бөрінің аузына түскен сұмдық заман! Сұм заман!.. (41 б.) («Еңлік – Кебек»)
Мұндағы түркі агоиотопонимдеріне жататын Әнет баба есіміне сыйыну, сыйлау халықтың наным-сенімінен, діни-танымынан туындағанын көрсетеді. Демек, жергілікті халықтың әулиелерге табынып, сыйынғандықтары топонимдерде үнемі көрініс тауып отырады.
Сондай-ақ, драмалық шығармалар тіліндегі ру-тайпа аттарын зерттеудің де ономастика саласындағы орны бөлек. Мысалы, М. Әуезов пьесаларында ру аттары өте жиі ұшырасады. Мысалы:
Сырым. Қаракесекке – менің нағашыма. Бұл ел саған да ел болмайды. (134 б.)
Сырым. Бізді қуса, жаулық қылса, солардан үлкен жау, солардан әрі кететін жат жоқ. Бірақ Қарауылдың елін елемей, белін сындырғандай болармыз. (135 б.)
Сырым. Нәсілі жеті-сегіз атаға жеткен Өсердің бір жұрағаты – менмін. «Отыз ауыл Өсер дейді...» Содан менің алмаған үлесім, ортағым, еншім бар. (140 б.) Осындағы Сырымның руға байланысты айтылған репликаларынан пьесаның фабуласын айқындауға, яғни рулар арасындағы тартысты, олардың арасындағы әлеуметтік жағдайларды байқауға болады.
Яғни, ономастикалық атауларды қолданудағы көркемдік шындықтың тарихи-әлеуметтік шындыққа негізделетіндігіне Е. Жұбановтың «...ғылым тұрғысынан алғанда, бұлар антродонимдік, топонимдік, этнонимдік, пиктографикалық т.б. деректер. Осы нақты мәліметтердің әрқайсысының негізінде тарихи шындық жатыр. Бұдан басқаша айтқанда, Қазақстан территориясындағы жер-судың, ру-тайпалардың аты-жөні жайлы хабар аламыз»,-деген пікірі дәлел [182, 172 б.].
Сонымен, қазақ драмалық шығармаларындағы кісі есімдері мен жер-су атауларындағы тілдік белгілер мен ондағы этномәдени мазмұнның халықтың материалдық және рухани мәдениетін танытудағы рөлі зор. Оның себебі:
- ДШ-ғы кісі аттары, кейіпкердің тағдырымен үндес келетін көркемдік астарлы символды көрсетеді;
- Суреткерлер кейіпкер есімдері арқылы парадокс, алогизм тәрізді астарлы мағына тудырған;
- ДШ-ғы кейіпкер есімдерінен авторлық ұстанымды, құпия кодты анықтауға болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет