А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет90/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Қарасақал (ашуланып). Уа, салт болса, бастарыңа шайнап жағыңдар! (92 б.) дейтін қарапайым қолданыстағы фразеологизмдер ойға жоғарғы экспрессивтілік және кекесін мән үстеп тұр.
Қазақ тілі лексикалық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық синонимдерге де сондай бай. Олар көркем образ жасауда жиі қолданылады:
Балта. «Жала жауып, күйе жағып нең бар мұнда (96 б.).
Балта. Тоң мойын заманда томырық өстік (72 б.). Бетің бар, жүзің бар демей кететін кездері бола беретін» (79 б.).
Сондай-ақ, пьеса тілінің фразеологиялық антонимдерге де соншалықты кедей еместігі байқалады. Мұның себебі, олардың тілдегі сан алуан стильдік сөз қолданыстарымен тығыз байланыстылығында деп түсінген жөн. Мысалы, «Мысқалдап кірген ауруым бар. Батпандап бір ақ шығарғалы отырмын (76 б.). Біз ақты ақ, қараны қара деп өткен жанбыз» (72 б.).
Сонымен қатар, «Қатын би болар, сиыр пұл болар» деген осы да! (73 б.) «Жанға-жан сұрадың ғой, оныңды да берем (71 б.) дейтін әбден қалыптасқан, орныққан мақалдар да автор қолданысынан орын алған.
Сондай-ақ пьесадағы «Күн жаумай су болып, етегіңе сүрініп, қай божырауың бұл? Шаңырағыңа қобыз ойнатып жатқан жоқ па? (98 б.) Төбем көкке аз-ақ тимей қалды ғой (91 б.). Мойны жуандығын қайда көрсетеді бұл күйеу! (89 б.) т.б. тұнып тұрған тұрақты тіркестер ана тіліміздің шексіз байлығын көрсетумен қатар, драматург тілінің орасан орамдылығын көрсетеді.

    1. Сахна тіліндегі қос үнді сөздер құбылысы

Қос үнді сөз кең мағыналы, көп тармақты күрделі құбылыс болғандықтан, онда дербес стильдік тәсіл, психологиялық бейнелеу тәсілдері қолданылатындықтан, драмалық шығармалар тілінде де қос үнді сөздің элементтері кездесетіндігін байқадық.


Қос үнді сөздің табиғатын жан-жақты зерттеген ғалым Г. Шоқымның еңбегінде: «Қос үнді сөздің қолданылуы баяндауды жандандырады, әсер күшін молайтады, оны күрделендіреді. Олай дейтініміз, қос үнді сөз қызметі шығарманың композициялық құрылымына, стильдік, көркемдік ерекшеліктеріне тікелей қатысты. Қос үнді сөз арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық жағдайы, көңіл-күйі ашылады; белгілі бір оқиғаны баяндау немесе кейіпкер образын бейнелеу жүзеге асады. Ондайда қос үнді сөз оқиғаның, автор көзқарасының, кейіпкер ойының жалпы ағымын беріп қана қоймай, түрлі экспрессивтік-эмоциялық қырларын; модальдық реңктерін және сол арқылы туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді» [186, 17 б.],-деп көрсетіледі. Көркем шығарманы талдауға қатысты бұл жайттер драма тіліне де тән.
Көркем шығармаларды талдау барысында қос үнді сөз баяндау тәсілі, стилистикалық амал тұрғысынан зерттеледі. Драмалық шығармаларда қос үнді сөз түрлі формаларда көрініс табады. Мәселен:
Сырым. Ендеше тыңдаңыз, хан ием. Жұрт та тыңдасын. Тәуке хан өлген күні қазақтың хандығы да өлді. Қасым мен Тәукенің тұсында бір ұранның, бір тудың астында тұтас отырған ел едік-ау! Қазақ елінің соңғы ханы қайтыс болғаннан кейін, осы тұтастықты, осы елдікті қалай сақтаймыз деген ой, қазақ хандары, қайсысыңның аузыңнан шықты? Жоқ, шыққан жоқ! Елді бөліп-бөліп әкетулеріңе ырық бермей келген Тәуке ханның өлгеніне қуанып кеттіңдер! Мал шаруашылығының ыңғайымен үш атырапқа бөлініп отырған тұтас елді – бір елді үшке бөліп, жүз басына екі ханнан отыра қалдыңдар. Ұлы хандық өлді демей не дейміз? Әбілмәмбет Түркістанға барып Тәукенің орнына жарбиып отыра қойып еді, Тәукенің орнына Тәуке болу қиын екен, қылжия кетті. Кәрі бөксесін Қытайға тосып, баласын Қытайға бағындырып, бас сауға сұрады. Орта жүзде біріне-бірі бағынбайтын екі хан отыр. Бір уыс Кіші жүзде екі хан отыр. Қазақ елінің бірлігін де, хандығын да, туын да, ұранын да осылай құлаттыңдар! (195 б.) («Болашаққа аманат»)
Сыртқы формасы монологқа ұқсайтын Сырымның осы репликасындағы бөліп көрсетілген сөйлемдер қос үнділік баяндауға жатады деп есептейміз. Қос үнділік баяндауда кейіпкердің күрделі ой толғанысы, дүниетанымдық көзқарасы, эмоциялық ішкі жай-күйі баяндалады. Берілген мысалда Сырым хандарға деген, тарихқа деген көзқарасын білдіріп, елдің сөзін, іште қатқан өзінің пікірін ашық жеткізеді. Мезгілдік ендікте орналасу ретіне қарай ретроспективті баяндауға жататын бұл мысалда, өткен оқиғаны жаңғыртып, қайта баяндап, елдің алдында хандардың есіне түсіріп жеткізуі көрсетіледі.
Ал қос үнділік ойталқыда кейіпкердің түрлі мәселелерге деген өзіндік ой, пікірі, көзқарасы, эмоциясы, интеллектуалдық қабілеті көрінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет