176
Шыбындардың морфологиялық ерекшеліктерімен танысу үшін ең
қолайлысы әлсіз ғана үлкейтіп көрсететін биноокуляр қолданылады, оның
үлкейткіш шынысы х4. Шыбындарды ақ шынының бетіне жайғастырады.
Шыбындарды препаровалдық иненің көмегімен немесе қауырсынымен
қозғалтуға болады. Ұйықтатылған шыбындарды пинцетпен қанатынан немесе
аяғынан алып көруге болады (егер қанатсыз болса).
Егер тексеру кезінде
шыбындар оянып кететін болса, оларды сағаттық шынымен немесе Петри
табақшасының жартысымен жауып ұстайды,
олардың астында эфирге
батырылған мақта тампонын салады (1-2 тамшы).
Шыбынды дайындау, тәжірибе жасау. Будандастыру үшін 10-12
сағаттық аналықтар алынады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін шыбындар
жаппай ұшып кетпей тұрғанда ата-аналық жұптарды бөліп алу керек. Ол
үшін дрозофила өсіретін ортаны әрбір 8-10 сағат аралығында қарап тұрады.
Жарып шыққан жас ұрғашы шыбындарды еркек
шыбындардан бөліп алып
будандастыруға дайындайды, пайдаланады. 20 мл-лік әрбір флоконға 5-6 мл
қоректік ортадан құйып 2-3 ұрғашы және 2-3 еркек шыбынды отырғызады.
Бұдан асырса шыбындар майда болып көбейіп кетеді, олардың өмірі
қысқарады (Crolwding effect).
Жарып шыққан дрозофилдің ұрғашы шыбындары алғашқы 1,5-2 тәулік
ішінде жұмыртқа салмайды. Орташа есеппен алғанда әрбір ұрғашы шыбын 200-
300 жұмыртқа салады. Жұмыртқа ашытқысы жақсы ортада тез өседі және мол
болады. Мұндай көріністер 24-36
сағат аралығында өтеді, қоректік ортаға
ашытқы егелген соң қоректік ортаның ашуы күшейеді, оның ішіндегі дақылы
ескіріп, аналықтың жұмыртқа салыну қарқындылығы да төмендейді.
Дрозофилмен жасалған жұмыстар күнделікке немесе тәжірибе протоколдары
жазылатын кітапқа белгіленіп отырады (2.2.-ші кесте).
Кесте 2.2. Зертханалық жұмыстың мысал ретіндегі күнделігі
Күні Культураның
рет саны
Будандастырудың
қысқаша түсіндірмесі
Алынған
нәтижесі
10.x
15
қалыпты ♀♀ ×♂♂ b
(жалпы культурадан)
150 шыбын қалыпты
(♀♀ және ♂♂)
22.x
24
♀♀ №15 ішінде ×♂♂ b
(жалпы культурадан)
89 қалыпты және 76
black
22.x
25
♀♀ ×♂♂ №15 ішінде және
т.б
195 қалыпты
және 57 black
Достарыңызбен бөлісу: