170
Sma I
5`– ЦЦЦГГГ –
–ГГГЦЦЦ– 5`
ІІ S типті рестриктазалар - тану сайттарынан қашықтау кесетіндер
Hph I
5`– ГГТГАNNNNNNNN –
– ЦЦАЦТNNNNNNN – 5`
Mbo II
5`– ЦЦГГNNNNNNNN –
– ЦТТЦТNNNNNNN – 5`
Қорыта келгенде рестрикциялық ферменттердің
ІІ-типімен ДНҚ
молекуласынан генді қалаған жерден кесіп алуға болады, өйткені олардың 500
астам түрлері бар (ДНҚ-дан генді 500 жерден бөлуге болады).
171
ІІ БӨЛІМ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
2.1. Генетика пәнінен өтуге қажетті тұрақты препараттарды
дайындау
Жұмыстың мақсаты: Генетика пәнін игеру барысында студенттерге
тұрақты препараттарды дайындауды үйретіп, мамандықты игеруге көмектесу.
Препараттарды дайындаудың нәтижесінде студенттер жасушаның құрылысын,
кариотиптерін,
митоз және мейоз процесстерін, ұрықтану және де басқа
процестермен таныса алады.
Тұрақты боялған препараттарды дайындау техникаларын ботаник В.И.
Беляев жасаған. Ондай препараттарды микротомдардың көмегімен,
өте жұқа
кесінділерді жасайды. Микротомның екі түрі бар – ротациалы және
жылжымалы.
Егер микротом кесінділерінің қалыңдығы 10-20 мкм болса,
онда ол
кесінділерден митоз, мейоз, микро-, макроспорогенез, ұрықтану процессстерін
және басқаларды зерттеуге болады.
Жұмыстың барысы:
Тұрақты боялған препараттарды дайындау техникаларының этаптарын
жасаудың ең қолайлы (В.Н. Юрцев,1961) этаптары келесі кезектестіктер:
1. Материалды фиксацияға дайындау.
2. Материалды фиксациялауда қажетті препаратқа байланысты сулы
немесе спиртті фиксаторлар қолданылады.
3. Материалды жуу.
4. Сусыздандыру.
5. Материалды парафин еріткішіне салу.
6. Парафинмен қанықтыру.
7. Материалға парафинді құю.
8. Парафинмен қанықан материалдан блоктарды жасау.
9. Микротом көмегімен кесінділерді дайындау.
10. Микроскоптың затты бақылау шынысына кесіндіні жапсыру.
11. Жасырылған кесіндіні термостатта кептіру.
12. Кесіндіден парафинді ксилол және толуолдың көмегімен алып тастау.
13. Кесіндіден ксилолды спиртпен тазалау.
14. Кесіндіден спиртті дистілденген су көмегімен кетіру.
15. Кесіндіні квасцаларға салып сіңдіру.
16. Кесіндіні бояу.
17. Боялған кесіндіні спирттің көмегімен сусыздандыру.
18. Кесіндіде қалған спиртті ксилол мен алмастыру.
19. Жабынды шыны көмегімен канадалық бальзаммен жабыстыру
(кесіндіні канадалық бальзамен өңдеу).
20. Кесіндіні кептіру және тазалау.
21. Препаратты этикеткілеу.
22. Микроскоп арқылы кесіндіні қарау.
172
Тұрақты препараттарды дайындаудың календарлық жоспарларын жасау
қажет. Әр операцияның басталу және
аяқталу сағаттары журналда
(дәптерде) көрсетіледі.
1.Материальды фиксацияға дайындау (пиязды өсіруге қою және т.с.с.) –
1-3 тәулік.
2. Материальды фиксаторға салу (су фиксаторы) – 24 сағат.
3. Ағынды сумен жуу – 1-3 сағат.
4. Матариальды сусыздандыру (спирт ертінділерінде).
а) 20 % спиртте - 30 мин.
б) 40 % спиртте - 30 мин.
в) 60 % спиртте - 30 мин.
г) 80 % спиртте материалды түнге немесе одан көп уақыттар бойы
сақтауға болады.
5. Материальды толық сусыздандыру былай өткізіледі.
а) 96% спиртте-1, бір сағат
б) 96% спиртте - 11, бір сағат
в) 100% спиртте - 1, бір сағат
г) 100% спиртте - 1, бір сағат
6. Спиртті парафин ертіндісімен алмастыру
а) ксилол 1 бөлік + 3 бөлік спиртте – 1 сағат
б) ксилол + спирт 1:1 - 1 сағат
в) ксилол + спирт 3:1 - 1 сағат
г) ксилол 1 - 1 сағат
д) ксилол 11 - 1 сағат
7. Ксилолға парафинді толық қаныққанша қосу (мол артықшылығымен) –
10 мин.
8. Қосындыны жабық ыдыста 56-57
0
С термостатқа салып,
материальды парафин және ксилолмен қанықтыру үшін 1 тәулік (одан да
көп) уақыт ұсталады.
9. Ыдыстың қақпағын ашып, ксилол толық кеткенше ұстайды – 3-6 тәулік.
10. Материальды парафинімен салқындатып, дайын «Пряникті» – 10
мин ұстап,
парафинді қосымша құйып, оны ұзақ мерзімдерге сақтауға
қоюға болады.
11. Блоктарды дайындау – 15 мин.
12. Микротоммен кесінділерді алу – 10 мин.
13. Микроскоптың заттық шынысына кесіндіні жапсыру – 10 мин.
14. Препаратты 40
0
С термостатта 12 сағат бойы кептіру.
15. Кесіндіден парафинді толық кетіру: кесіндіні ксилолмен тамызытқыш
арқылы жуады, кейін оны 30 мин ксилолға салады.
16. Кесінді бар шыныны таза ксилолға 5 мин салады.
17. Ксилолды кесіндіден кетіру: кесіндіні 96%
спиртпен тамызытқыш
арқылы жуып, кейін шыныны 5 мин 96 % спиртке салады.
18. Кесіндісі бар затты шыныны үш қайтара дистелденген сумен 5 мин
бойы жуады.
173
19. Материалдың жақсы боялуы үшін 4-6 сағат 4% темір аммонийлы
квасцасының ертіндісіне салады.
20. Дистилденген суды екі рет ауыстыра отырып 5 мин материалды жуады.
21. Материальды бояу: гематоксилин ертіндісінде (0,1-1%) – 12 сағ).
22. Қайтадан суда жуу – 15 мин.
23. Кесіндіні артық бояуды кетіру үшін 2% темір аммонийлы
квасцасының ертіндісіне салады - 5 мин.
24. Қайтадан суда жуу – 30 мин.
25. Боялған кесіндідерді сусыздандыру: 96% спиртте – 10 мин.
100% спиртте – 10 мин.
26. Спиртті кетіру: ксилол І – 10 мин.
ксилол ІІ – 10 мин.
27. Бальзамдау және жабынды шыныны жапсыру – 5 мин.
28. Препаратты кептіру – 3 тәулік.
29. Препараты бар шыныға атауын жазу – 5 мин.
Осындай календарлы жоспарды
студенттің өзі жасайды, оқытушыға
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: