226
Прибнов блогы. Бактериялар геннің басталушы нүктесінен 10
нуклеотидтік жұп қашықтықта орналасқан ТАТААТ кезектестіктері. Олар
промотордың бір бөлігі және де РНҚ
-полимераза әсерімен
транскрипцияның
инициациялауға жауапты бастаушы нүкте.
Прибнов Боксы (ТАТА - бокс) – прокариотты гендердің старт алдындағы
10 нуклеотидтер қашықтығында болатын ТАТААТG канонды тізбегі.
Проматордың бір бөлігін білдіреді.
Полиаденилденген – бастапқы РНҚ транскриптіден оның процессингі
кезінде мРНҚ 3' – ақырына (поли - А) бірнеше аденинді қалдықтарды
ферментативті қосу.
Плазмидтер – автономды репликацияға қабілетті молекулалық массасы
106 - 108 Да ДНҚ екітізбекті сақинаға бекітілген бактериялармен
ашытқылардың хромосомадан тыс тұқымқуалаушылық факторы. Екі – үш
ақуыз геніне ие, ірілері 200 дейін ақуызды кодтайды. R – факторының болуы
бактериялар мен антибиотиктерге және дәрілерге төзімділігін арттырады.
Промотор – транскрипцияның басталуы үшін РНҚ – полимеразасын
байланысатын 5' – ақырғы генде жинақталатын топталатын ДНҚ тізбегі.
Провирус – қожа жасушасының хромосомды ДНҚ – да интегралданған
РНҚ – құрамды вирустың ДНҚ көшірмесі немесе ДНҚ – құрамды вирус
геномы. Бірқалыпты фагтар, онкогенді және кейбір вирулентті вирустарға (вич,
вирус гепатит В) тән провирустардың туындауы.
Протистер – термин микроағзаларды белгілеу үшін қолданылады.
Жоғарғы сатылы протистер – эукариоттар (балдырлар, саңырауқұлақтар,
қарапайымдар), төменгі саты – архей бактериялар қазір «бір жасушалы
эукариоттар» термині қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: