А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет156/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Санақ рамасының жабылуы. Құрамында терминацияны алдын–ала 
тоқтатын кодоны болғандықтан, иРНҚ ақуыз трансляциясын жүргізуге 
мүмкіншілікті бермейді. 
Селекциялық материал – селекциялық жұмыс барысында сұрыптап 
алынатын формалар. 
Сибстер – адам генетикасында ағалы-қарындасты деген мағынада 
қолданады. 
Сорт – морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық қасиеттері 
жағынан ұқсас, шығу тегі бір, белгілі бір аймақта өсірілетін екпелі өсімдітер 
тобы. 
Сүрыптау – генотиптері орта жағдайларына тиімді бейімделеген 
даралардың сақталуы. 
Стерильділік – дарақьтың (дарақтың) белгілі бір орта жағдайында 
тіршілікке қабілетті гаметаларды түзе алмауы. 
Табиғи сұрыптау – табиғи ортаның әсер етуіне жақсы бейімделеген 
даралардың сақталуы. 
Таза линия (іріктемелер, қолтұқымдар, штаммалар) – гендердің бір 
немесе бірнеше аллель бойынша гомозиготты жиынтығы, өсімдіктердің 
өздігінен немесе өзара тозаңданғанда белгілердің ыдырауы байқалады. 
Толық доминанттылық – аллельді жұп геннің біреу басым қасиетті 
көрсетіп, гетерозиготалы күйде де гомозиготалы даралардағы сияқты айқын 
көрініс береді, ал рецессивті геннің әсері байқалмай жасырын қалады. 
Толымсыз доминанттау – аллельді гендердің екеуінің әсері бірдей 
байқалып, сондықтан аралық сипаттағы формалар қалыптасады. 
Трансдукция – бактерияның генетикалық материалының бактериофагтың 
көмегімен тасымалдануы. 
 Трансформация – генетикалық ақпараттың тасымалдануының бір жолы. 
Бұл жағдайда бір жасушадан бөлініп алынған ДНҚ басқа жасушаға өтіп, оның 
барып геномына жалғасады.


229 
Тұқымқуалау – организмдердің ұрпақтан ұрпаққа белгілерін өтқізе алатын 
қасиет. Тұқымқуалауғыштық материалдарын тасымалдаушысы ДНК болып 
есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет