Нуклеотидтерді қою (инсерция) -
ДНК
молекуласындағы
нуклеотидтерді нуклеотидтермен толықтыру. Генентикалық ақпаратты берілген
ген арқылы жеткізеді.
Нуклеин қышқылдарының гибридизациясы – ДНК және РНК
комплементарлы әрекеттесуінен екі сақиналы молекуланың (дуплекс) түрлі
құрылымдарының түзілуі: ДНК:ДНК, ДНК: РНК, РНК: РНК.
Облигатты – бір ағзаның міндетті қалпын анықтайтын термин, мысалы,
О. аэроб немесе О анаэроб.
Олигонуклеотидтер – бірнеше нуклеотидті қалдықтардан тұратын (2 ден
20 дейін) РНҚ мен ДНҚ тізбегі.
Онкогендер – эукариоттың дұрыс жасушаларын обырісіктіге айналуына
ықпал етуші гендер. Онкогендердің әсері өздері кодтайтын онкоақуыз арқылы
іске
асырылады.
РНҚ
(ретровирустар)
мен
ДНҚ
(аденовирустар,
паповавирустар) ие вирустар, обыр ісігі жасушаларының геномында бар. 30 О
аса онкогендер белгілі.
Онтогенез – жұмыртқа жасушасының ұрықтануынан бастап, қартайып
өлгенге дейін ағзанаң жеке дамуы.
Оперон – бір бірімен функциональдыбайланысқан бактериялардағы
гендер тобы. Бір оперон генімен кодталатын ақуыздар – бұл бір метаболитті
жолдың жеке кезеңдерін катализдеуші ферменттер. Ең жақсы зерттелгендерінің
ішінде лактозалық (lac - оперон), галактозалы (gal) және триптофонды (trp -
оперон). Осы әрбір оперонның құрамында ферменттерді кодтаушы
(цистрондар) құрылымдық гендер бар, және облыстарды реттеушілер:
промотор, оператор и терминатор.
Оказаки фрагменттері – ұзындығы 1000-2000 тұратын ДНК-ның қысқа
фрагменттері. Ковалентті үзіліссіз байланыста болады. Репликация кезінде
үзілу саладарынан түзіледі.
Ортологиялық гендер – гомологиялық гендер және бір және бірнеше
ақуыздарды детерминанттаушы болып саналады. Түрлер геномының бұрынғы
генінде болады. Паралогиялық геннен айырмашылығы дупликациямен
байланыспайды.
Өзгергіштік — организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің
сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-
қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады.