А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет54/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   159
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


79 
ІІІ ТАРАУ. ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ 
ХРОМОСОМАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ 
Т.Морган бір жұп гомологты хромосомада орналасқан гендердің 
тұтасымен тұқымқуалап тіркесу топтарын құрайтындығын анықтады. Белгілі 
бір топқа жататын гендерді будандастыру кезінде бір-бірімен тіркесетіндігі 
байқалды, ал әртүрлі топтарға жататын гендер бір-біріне теуелсіз тұқым 
қуалайды. 
Тіркес тұқым қуалау аутосомаларда және жыныс хромосомаларда 
орналақан гендерге тән, соңғысын жыныспен (Х, У –хромосомалары) тіркесе 
тұқым қуалау деп атайды. 
Гендердің ара қашықтығының өлшем бірлігі ретінде морганида 
қолданылады, 1 морганида тең 1 кроссинговерге. Егер гендердің ара 
қашықтығы 50 морганидаға тең болса, немесе 50 морганидадан артық болса
онда Мендель заңдарына сәйкес тұқым қуалайды. 
 
41 сурет  Т. Морган дрозофиламен жүргізген тәжірибесі 
а) 1-ші тәжірибеде Ғ
1
толық тіркесу (белгілердің ажырауы 50% де 50%); 
б) 2-ші тәжірибеде Ғ
2
толымсыз тіркесу (41,5% : 8,5% : 8,5% : 41,5%) 
немесе кроссинговер 


80 
Морганның хромосомалық теориясының қағидалары
- гендер хромосомада орналасқан. Әрбір хромосомада гендердің топтасу 
топтары бар. Түрдің тіркесу топтарының сандары, олардың гаплоидтық 
хромосома сандарына тең;
- әр геннің хромосомада арнайы орны (локус) болады. Гендер 
хромосомада сызық бойында орналасады; 
- аллелді гендер гомологтық хромосомалардың бірдей локусында 
орналасады; 
- бір хромосомада орналасқан гендер тіркесе тұқым қуалайды, тіркесу 
тобын құрайды; 
- гендердің тіркесу күші олардың ара қашықтығына кері 
пропорционалды; 
- кейде гомологиялық хромосомалар арасында аллелді гендермен 
алмасулар өтеді - кроссинговер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет