А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Жыныстың тұқым қуалауы және жыныспен белгілердің



Pdf көрінісі
бет55/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159
3.1. Жыныстың тұқым қуалауы және жыныспен белгілердің 
тіркесуі 
Жұмыстың мақсаты: жыныстың тұқым қуалауы және жыныспен 
белгілердің тіркесуін түсіндіру және есептерді шығарту арқылы игерту.
Қысқаша мағлұмат: Жыныс, ағзаның барлық басқа белгілері тәріздес 
тұқым қуалаумен анықталады. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық 
теориясы жынысты анықтаудың генетикалық механизмін түсіндірді. Осы 
теория бойынша ағзаның жынысын хромосомалар анықтайды, ондай 
хромосомаларды жыныстық хромосомалар деп атайды. Ағзаның жынысы 
ұрықтану кезінде анықталады.
Жыныстық хромосома арқылы анықталуының төрт түрі бар. Ататалық 
және аналық дарақтарды шығаратын хромосомаларды – жыныстық 
хромосомалар немесе гетеросомалар деп атайды. Жануарлар мен түрлі 
жынысты өсімдіктердің хромосома жиынтығында аутосомалар мен қатар 
жыныстық хромосомалар да болады, олар Х және У деп бөлінеді. Жыныстың 
хромосома арқылы анықталуының төрт типі бар (кесте 11). 
Егер, жыныстық хромосомалар біркелкі ХХ болып келсе, ондай жынысты 
гомогаметалы, ал керісінше әркелкі ХУ болса гетерогаметалы деп аталады.
Жыныстың бірі гомогаметалы, екіншісі гетерогаметалы болуының арқасында 
ұрпақтардағы жыныстың шығуы теңдей болып келеді. 
Егер ағза белгілері жыныстық хромосомаларда орналасқан болса, онда 
ондай белгілерді жыныспен тіркескендер деп атайды. 


81 
Ағза гендері жыныс хромосомаларында орналасқан жағдайда Мендельдік 
ажыраулардың арақатынастары сақталмауы да мүмкін, себебі гетерогаметалы 
жыныстың Х- хромосомасы тек ұрғашы ұрпағында, ал У – хромосомасы тек 
аталық 
ұрпағында 
тұқым 
қуалайды. 
Былайша 
айтқанда, 
жыныс 
хромосомаларда орналасқан гендер ұрпаққа тәуелсіз тұқым қуаламайды.
Кесте 11. Жынысты анықтаудың сипаттамасы 
Жынысты 
анықтаудың 
типтері 
Ағзалар түрі 
Жыныс 
хромосомалары 
Гетерогамет
алық 
жыныс 
♀ 
♂ 
ХУ 
Адам, сүт қоректі жануарлар, екі 
қанатты насекомдар, кейбір 
балықтың түрлері, өсімдіктер 
XX 
ХУ 
аталық 
ХУ 
Құстар, көбелектер
ХУ 
(ZW) 
XX 
(ZZ) 
аналық 
ХО 
Шегіртке, қандала
XX 
ХО 
аталық 
ХО 
Күйелер 
ХО 
XX 
аналық 
Т. Морган тәжірибесінде қызыл көзді ұрғашы шыбынды (қызыл көз 
доминантты белгі), ақ көзді еркек шыбынмен (ақ көз рецессивті белгі) 
будандастырғанда Ғ
1
ұрпақтың бәрінің көздері қызыл болған, бұл Мендель 
заңына сәйкес келеді (41 сурет). Ал қызыл көзді Ғ

шыбындарын бір-бірмен 
будандастырғанда Ғ
2
шыбындарының 3 бөлігінің көзі қызыл, 1-бөлігінің көзі 
ақ болып ажырауы керек еді, бірақ еркек және ұрғашы шыбындарды бөлек 
талдағанда ұрғашы шыбындардың бәрінің көзі қызыл, ал еркек шыбындардың 
жартысының көзі қызыл, жартысының көзі ақ болған. 
Ақ көзді ұрғашы шыбынды қызыл көзді еркек шыбынмен 
будандастырғанда Ғ
1
ұрпақтың жартысының көзі қызыл, жартысының көзі ақ 
болған. Сонымен қатар, қызыл көзді шыбындардың бәрі ұрғашы, ақ көзділер 
еркектер болып шыққан. 
Осы тәжірибенің қорытындысы бойынша Т. Морган мынадай тұжырым 
жасады: шыбындардың көзінің түсін анықтайтын ген жыныс хромосомасында 
(Х- хромосомада) орналасқан және онымен бірге тіркесе тұқым қуалайды, ал Ү 
хромосомада ол кездеспейді. 
Т. Морган гомозиготалы сүр түсті қалыпты қанатты (ВВVV) шыбынды 
қара түсті қысқа қанатты (bbvv) шыбынмен будандастырғанда Ғ
1
ұрпақтың 
бәрінде де доминантты белгі (сұр түсті, қалыпты қанатты) шыбындар алынған 
(Мендельдің 1-ші заңы). 
Ғ
1
генотиптерін анықтау үшін талдаушы будандастыру жүргізген: 


82 
Ғ
1
♀ bbvv х ♂ ВbVv 
Ғ
2
– де: 50% сүр түсті қалыпты қанатты (ВbVv);
50% қара түсті қысқа қантты (bbvv).
Барлығы 2 фенотип: белгілер толық тіркескен. 
Ал, Мендель бойынша шығу керек еді 4 түрлі фенотип. 
Дигетерозиготалы ұрғашы шыбынды ♀ ВbVv х ♂ bbvv 
будандастырғанда ажырады 41,5% + 8,5% +8,5% + 41,5% белгілер толымсыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет