92
гомологты хромосомдарындағы гендер сәйкестігінің қандай екенін және С пен
Д гендері арақашықтығының нешеге тең екенін айқасу бірлігімен көрсетіңдер.
Есеп 3.19. Екі жұп дрозофилалар будандастырылған. Екі жұбында да
аналықтары А мен В
гендері бойынша гетерозиготалы, ал аталықтары осы
гендер бойынша рецессивті болған. Ұрпағында мынадай арақатынастағы
кластар алынған, I будандастыруда - 41.5%AaBв; 8.5% Аавв; 8.5% ааВв; 41.5%
аавв; II будандастыруда - 41.5%Aaвв; 8.5% АаВв; 8,5 ааввХ41,5% ааВв. А мен
В гендерінің арақашықтығын анықтаңдар және I, II будандастыруда
аналықтың
жұп хромосомдарындағы А, а, В, гендерінің қандай комбинация құратынын
көрсетіңдер.
Есеп 3.20. А, В және С гендері бір тіркестік топта орналасқан. А мен В
гендерінің аралығында кроссинговер 4%
жиілікте, ал В мен С гендерінің
аралығында – 2,9 % жиілікте жүреді. Егер А мен С гендерінің арақашықтығы
10,3 % кроссинговерге тең болса А, В және С гендерінің орналасуы реті қандай
болады?
Есеп 3.21. Тырнақ кемістігі және тізе сүйегінің аномаль синдромы
аутосомдық доминантты генмен анықталады. Осы ген орналасқан хромосомада
сонымен қатар АВО жүйесі бойынша қан топтарының локусы да бар. Екі
геннің арақашықтығы 10 морганидаға тең. Ата – аналарының біреуінің қаны 2-
ші топқа, екіншісінікі 3-ші топқа жатады. Қаны 2-ші
топтағы ерлі-
зайыптылардың біреуінде тырнақ кемістігі мен тізе сүйегінің аномаль
синдромы бар. Оның әкесінде синдромның белгісі жоқ және қаны 1-ші топқа
жатады, синдромның белгісі бар шешесінің қаны – 4-ші топ. Қаны 3-ші топтағы
ерлі-зайыптылардың екіншісінде
синдромның белгісі жоқ, яғни екі аномалия
бойынша гомозиготалы сау. Осы отбасында тырнақ кемшілігі мен тізе сүйегінің
аномаль синдромы бар балалардың тууы мүмкіндігін және олардың қан
топтарын процентпен есептеп шығару керек.
Достарыңызбен бөлісу: