А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет65/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Есеп 3.22. Шешесінен резус факторы генін, әкесінен элиптоцитоздың 
генін қабылдаған екі белгі бойынша да гетерозиготалы ер адам резус факторы 
жоқ, ал эритроциттері дұрыс пішінді әйелге үйленген. Осы отбасында туатын 
балалардың генотиптері мен фенотиптерінің проценттік мөлшерін анықтау 
керек.
Есеп 3.23Дрозофила көзінің қалыпты түсін анықтайтын ген ақкөзділіктің 
геніне қарағанда,доминантты, ал құрсақ пішінінің басқаша болуы дұрыс 
пішінге қарағанда доминантты белгі. Бұл аталған жұп гендер Х-хромосомда 
бір-бірінен З морганида арақашықтықта орналасқан. Көздерінің түсі қалыпты 
және құрсақ пішіндері дұрыс, яғни екі жұп белгі бойынша да гетерозиготалы 
аталық және аналық шыбындарды өзара будандастырса, алынатын ұрпақтың 
генотипі мен фенотипі қандай болатынын анықтау керек.


93 
Есеп 3.24. Жүгері дәнінде боялған эндосперм мен тегіс алейронды 
доминатты гендер С және S, ал боялмаған эндосперм қатпарлы алейронды 
олардың рецестивті аллельдері с пен s бақылайды. Бұл гендер бір жұп 
гомологты хромосомаларда орналасқан, яғни олар бір-бірімен тіркескен. 
Сондықтан көрсетілген гендердің сәйкестенуінің нәтижесінде гаметалардың 
саны бірдей болып түзілмейді- кроссоверлі емес гаметалар кроссоверлілерге 
қарағанда едәуір көп болады. С және S гендерінің ара қашықтығы 3,6 
кроссинговер бірлігіне тең екендігі анықталған. Мынандай генотиптері бар 
өсімдіктерде түзілетін гаметалардың типтері және олардың проценттік 
қатынасы қандай болады 
а) _CS_ б) _Cs_ 
cs cS 
Есеп 3.25Бір жұп гомологты хромосомалардың бір сыңарында А және в, 
ал екіншісі сыңарында а және В гендері бар өсімдік кроссинговерлі және 
кроссинговерлі емес гаметалардың қандай типтерін түзе алады.  
Генотипінің құрылымы мына төмендегідей болып келетін екі түрлі ағзада 
түзілетін гаметалардың сан жағынан қандай айырмашылықтары болады: 
а ) __А_ 
ә) _В_ б) __АВ_ 
а в аb 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет