А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Дрозофилмен жұмыс істеу тәртібі



Pdf көрінісі
бет117/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Дрозофилмен жұмыс істеу тәртібі. Шыбынмен жасалатын барлық
амалдарды наркоз беріп жасайды. Наркоз ретінде күкіртті эфирді (pronascosi) 
пайдаланады. Шыбынға наркозды морилка арқылы жібереді, ол қабатталып
жасалған тығыны бар пробирка, оның ішінде эфирге батырылған мақта 
тампонын салады. Абайлап сілкіп шыбынды пробирканың аузынан 
алысыраққа айдайды, содан соң жылдам қимылдап оны морилканың тесігіне 
ендіреді. Шыбындар қимылсыз қалған кезде, оларды жылдамдатып таза 
қағаздың бетіне түсіреді. Наркоздың мөлшері көп болса шыбындар 3-5 
минуттан соң өліп қалады. Эфирден өлген шыбындарға тән көрініс, олардың 
қанаттары жоғарыға және жан-жағына жайылып, аяқтары жансызданып 
созылып жатады.


176 
Шыбындардың морфологиялық ерекшеліктерімен танысу үшін ең 
қолайлысы әлсіз ғана үлкейтіп көрсететін биноокуляр қолданылады, оның 
үлкейткіш шынысы х4. Шыбындарды ақ шынының бетіне жайғастырады. 
Шыбындарды препаровалдық иненің көмегімен немесе қауырсынымен 
қозғалтуға болады. Ұйықтатылған шыбындарды пинцетпен қанатынан немесе 
аяғынан алып көруге болады (егер қанатсыз болса). Егер тексеру кезінде 
шыбындар оянып кететін болса, оларды сағаттық шынымен немесе Петри 
табақшасының жартысымен жауып ұстайды, олардың астында эфирге 
батырылған мақта тампонын салады (1-2 тамшы).  
Шыбынды дайындау, тәжірибе жасау. Будандастыру үшін 10-12 
сағаттық аналықтар алынады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін шыбындар 
жаппай ұшып кетпей тұрғанда ата-аналық жұптарды бөліп алу керек. Ол 
үшін дрозофила өсіретін ортаны әрбір 8-10 сағат аралығында қарап тұрады. 
Жарып шыққан жас ұрғашы шыбындарды еркек шыбындардан бөліп алып 
будандастыруға дайындайды, пайдаланады. 20 мл-лік әрбір флоконға 5-6 мл
қоректік ортадан құйып 2-3 ұрғашы және 2-3 еркек шыбынды отырғызады. 
Бұдан асырса шыбындар майда болып көбейіп кетеді, олардың өмірі 
қысқарады (Crolwding effect). 
Жарып шыққан дрозофилдің ұрғашы шыбындары алғашқы 1,5-2 тәулік 
ішінде жұмыртқа салмайды. Орташа есеппен алғанда әрбір ұрғашы шыбын 200-
300 жұмыртқа салады. Жұмыртқа ашытқысы жақсы ортада тез өседі және мол 
болады. Мұндай көріністер 24-36 сағат аралығында өтеді, қоректік ортаға 
ашытқы егелген соң қоректік ортаның ашуы күшейеді, оның ішіндегі дақылы 
ескіріп, аналықтың жұмыртқа салыну қарқындылығы да төмендейді. 
Дрозофилмен жасалған жұмыстар күнделікке немесе тәжірибе протоколдары 
жазылатын кітапқа белгіленіп отырады (2.2.-ші кесте). 
Кесте 2.2. Зертханалық жұмыстың мысал ретіндегі күнделігі 
Күні Культураның
рет саны 
Будандастырудың
қысқаша түсіндірмесі 
Алынған
нәтижесі 
10.x 
15 
қалыпты ♀♀ ×♂♂ b 
(жалпы культурадан) 
150 шыбын қалыпты 
(♀♀ және ♂♂) 
22.x 
24 
♀♀ №15 ішінде ×♂♂ b 
(жалпы культурадан) 
89 қалыпты және 76 
black 
22.x 
25 
♀♀ ×♂♂ №15 ішінде және 
т.б 
195 қалыпты 
және 57 black 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет