А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


  2.3.2. Дрозофилді өсіру және оның биологиясы, морфологиясы



Pdf көрінісі
бет118/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

 


177 
2.3.2. Дрозофилді өсіру және оның биологиясы, морфологиясы. 
Сабақтың мақсаты: Студенттерді дрозофилдің сыртқы құрылысымен, 
оны өсіру ерекшеліктерімен және өмір сүру кезеңдеріндегі әр түрлі циклдерінің 
ұзақтығымен таныстыру. 
Материалдар және жабдықтар:
1. 
Дрозофила шыбыны салынған пробирка (drosophila melanogaster). 
2. 
Дрозофиламен жұмыс істеуге арналған жинақтар. 
Эфирі бар тамшылатқыш, морилкалар (мақтадан тығыны бар 
пробиркалар), шыбындармен жұмыс істеуге арналған тақтайлар, кептердің
қанаты. Дрозофиланың маңызды 4 ерекшеліктері: 
1) жұмыртқадан шыбынға айналу мерзімінің қысқалығы; 
2) жоғары өсімталдылығы
3) тұқымқуалағыштық белгілерінің тез мутациялануы және мол болуы; 
4) хромосом санының аздығы; 
Дрозофилді зертханалық тәжірибелерде алғаш рет биолог Корпектер 
пайдаланды, ол бірқатар биологиялық мәселелерді зерттеу үшін өткен жүз 
жылдықтың басында тәжірибе жасады. 1910 жылы Т.Х. Морган бірінші 
мутациядан пайда болған тұқым қуалағыштық дрозофилдің мутантын (ақ көзді 
- White) ашты. Осыдан бастап дрозофилге генетикалық және цитологиялық 
сараптамалар жасалынып (Стэтевант, Мёллер және Бриджес), қарқынды 
зерттеулер жүргізілді.
Генетиканың бірқатар теориялық мәселелері, атап айтқанда мутацияны 
жасанды түрде алу және гендер табиғаты, жынысты анықтау және 
хромосомадағы жыныстық факторларды жинақтау, гендер экспрессиясы, 
популяция генетикасы, нәсілдің және түрдің жасалу механизмдері және басқа 
да зерттеулер дрозофиламен жүргізілді. 
Бұл зерттеулер тек қана генетикада емес, жалпы биологияда және түрлер 
эволюциясында да өте маңызды мәселелер, олардың көбі шешулерін тапты. 
Drosophila melanogaster немесе сірке қышқылды шыбыны, Drosophiciclae 
тұқымдасына, Diptera отрядына жатады. Бұл өте майда шіркей көлемі 2,1 мм 
болады, денесі сұр тұсті, көздері ашық-қызыл шыбындар. 
Dr. melanogaster отаны Индо-малайлық аймақ. Қазіргі кезде ол космополит 
болып саналады, ол Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада, 
Австралияда, Японияда және Оңтүстік Европада қоныстанады, ал Ресей 
аумағында Dr. melanogaster Кавказда өмір сүреді. Бұл шыбын түрі 60
0
Солтүстік ендігіне дейін кездеседі, ол жаққа жаз кезінде жемістермен және 
көкөністермен ілесіп барады. Дрозофилдер ферменттелген жемістермен, 
көкөністермен, ағаш шырындарымен қоректенеді. Зертханалық жағдайында 
шыбындарды әр түрлі құрамдағы қоректік орталарда өседі.


178 
Қысқаша сипаттама: дрозофил өзінің нәсілімен және формасымен
табиғатта тіршілік ететін түрге жатады және сондықтан жабайы (wild tуpe) 
немесе қарапайым (Normal) деген атқа ие болды. Зертханалық жағдайда 
дрозофил үшін қалыпты температура 24-25
0
С. Температура 31
0
-тан жоғары 
болса шыбын толығымен немесе жекелеп ұрықсыз болып қалады. Қалыпты 
температурада дрозофилдің жұмыртқадан шыбынға дейінгі даму циклі 10 
тәулік шамасында. Тұқымның жетілу мерзімі 20 сағат, ал майда көбелектерінің 
жетілуі 8 тәулік. Бір жылда дрозофилдің 40 ұрпағын алуға мүмкіндік болады.
Температура төмендеген сайын оның дамуы баяулайды. 10

С-де
гигиеналық кезеңі 57 тәулікке, ал көбелектің мерзімі 13-14 тәулікке дейін 
созылады, ал 20

С-де 8 және 6,3 тәулік. Ересек шыбынның өмір сүру ұзақтығы, 
қуыршақ кейпінен шыққаннан соң, зертханалық жағдайда 3-4 аптаға созылады,
ал өмір сүру жағдайының ортасына (температура, ылғалдылық, тағам, 
халықтың орналасу тығыздығына, қоректік ортадағы бактерияларға) 
байланысты. 
Арнаулы тәжірибелерде дрозофилдер 152 тәулікке дейін өмір сүреді. 
Мутанттардың өмір сүру қабілеттері көптеген жағдайда жабайы түрлерімен 
салыстырғанда төмен болады, дегенмен, қарапайым шыбындармен 
салыстырғанда тіршілікке бейімділігі жоғары мутанттық түрлері де белгілі. 
Дрозофилдердің еркектері және ұрғашылары бір-бірінен көлемімен және басқа 
да морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді. Ұрғашылары еркектеріне 
қарағанда ірі болады.(2.1. сурет). 
Сурет 2.1. Дрозофила шыбынының аталығы және аналығы. 


179 
Ұрғашыларының құрсақ бөліктері домалақ болып шеткі жағы үшкірленіп 
тұрады. Еркегінде іші цилиндір тәріздес болып, ұшы доғал болады және қара 
түсті пигменттелген және ұшында тергиттері болады. Тергиттер дегеніміз – 
шыбын –шіркейлердегі құрсақтың арқа бетіндегі хитиндік пластинкалар. 
Ұрғашыларында жақсы дамыған 8 тергит болса, еркектерінде - 6, оның 
алтыншы және жетінші тергиттері бір-бірімен қосылған, ал сегізіншісі
жыныстық аппараттық құрамына кіреді. Стерниттер дегеніміз - құрсақ 
бөлігінде хитиндік пластинкалар. Сергиттер саны ұрғашы шыбында - 4, еркек 
шыбында -3 болады. Екінші жыныстық ерекшеліктеріне жататын еркек 
шыбындағы жыныстық тарақшалар, бұлар алдыңғы аяқтың табанының оң жақ 
буынында орналасқан, мықты хитиндік қылшықтар түрінде болады. Ұрғашы 
шыбында жыныстық тарақшалар болмайды. 
 
Сурет 2.2. Дрозофиланы тәжірибе жүргізгенде салыстыруға қажетті белгілер 


180 
Генетиканың негізін тереңінен оқып игеру үшін дрозофилдің генетикасын 
пайдаланған дұрыс. Оқу жұмысындағы бұл элементті дұрыс игеру, теориялық 
білімді бекітіп қана қоймайды, сонымен қатар өзіңнің жеке ғылыми – зерттеу 
немесе практикалық біліміңді жоғарлату үшін тәжірибелер жасауға да 
мүмкіндік береді. Генетиканың бірқатар тараулары тұқым қуалаудың 
хромосомдық теориясы, жынысты анықтаудың генетикалық теориясы және 
жыныстық баланс, көптеген аллелизмдер, мутагенез және басқалары 
дрозофилде жеткілікті зерттелген (2.3. сурет). 
Дрозофила зертханалық жағдайда оңай көбейеді, даму циклі өте қысқа, өте 
өсімтал және морфологиялық белгілері өте айқын байқалады. Өздерінің 
спонтандық және индуктивтік мутанттық түрлерінің арқасында, олардың 
өзгеру ерекшеліктері аздаған хромосомдары арқылы анық көрінеді және 
студенттердің сарамандық жұмысын жүргізгенде моделдік объект ретінде 
пайдаланылады. 


181 
2.3. сурет. Дрозофиланың тұқым қуалайтын белгілері мен 
қуыршақтарының көріністері 
Генетика және селекция бағыттарында тәжірибелер жасау үшін 
дрозофильдің мутанты (melanogaster) қолданылады, ол түрі дақылдарда болады. 
Студенттер дрозофилдердің биологиясымен, морфологиясымен, генетикасымен
және генетикалық номенклатурасымен танысады, қоректік орта дайындайды.
Студенттер сабақ кезінде дрозофила шыбынын будандастырады және 
оның F
1
, F
2
, F
3
ұрпақтарын алып оларды сараптайды. Осы тәжірибелерді 
жүргізу арқылы генетиканың қатал заңдылыққа бағынатынын, дрозофиладан 
бірнеше құбылыстарды көре алатындығына көз жеткізеді және олардың сандық 
заңдылықтарын нақты есептеуге үйренеді. Бұл зертханалық сабақтың әр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет