А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет39/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Әрекеттесулер 
типтері
Анықтамасы
Мысалдар
1. 
1. Аллелді гендердің әрекеттіктестері 
Толық 
доминаттылық 
Бір аллель басқаның әсерін 
толығымен тежейді 
Бұршақ дәндерінің 
түстерінің тұқым 
қуалауы
Толымсыз 
доминаттылық 
Белгінің аралық көрінісінің 
шығуы
Намазшам гүлінің 
түсі 
Кодоминанттылық Гетерозиготалы геннің екі 
аллелінің 
бірлесе 
белгіні 
шығаруы
Адамның 
қан 
топтарының тұқым 
қуалауы 


59 
2. Аллелді емес гендердің әрекеттіктестері
Комплементарлы 
Бірнеше алельді емес гендер 
әрекеттесіп жаңа белгінің 
шығуына ықпал етеді
Қораз айдарының 
пішінінің 
тұқым 
қуалауы. 
Асқабақтың 
пішінінің тұқым 
қуалауы. 
Эпистаз 
Бір ген екінші алельді емес 
геннің әсерін тежейді.
Спаниельдің 
жүнінің 
түсінің 
тұқым қуалауы 
Полимерия 
Белгінің шығуына бірнеше 
аллельді емес гендердің біріге 
әсерлесуі.
Адам терісінің түсі, 
арпа дәнінің түсі.
Аллельді емес гендердің өзара әсері: комплементарлы, эпистаз, 
полимерия 
толық 
доминаттылық, 
толымсыз 
доминаттылық 
және 
кодоминанттылық жағдайындағы ұрпақтардың ажырауы.
Кодоминанттылық. Адам қанының топтары аутосомды генмен 
кодталады, оның үш аллелдері бар - 0, А, В. Аллельдер А және В 
доминанттылар, ал аллель 0 екі доминантты аллелдерге рецесивті (10 кесте).
Кесте 10. Адамның АВО жүйесіндегі әртүрлі қан топтарына 
(фенотиптерге) сәйкес келетін генотиптер 
Қан топтары 
(фенотип) 
Аллель 
Генотип 
О (1 топ) 
і 
іі 
А (2 топ) 
І
А
І
А
І
А
, І
А
і 
В (3 топ) 
І
В
І
В
І
В
, І
В
і 
АВ (4 топ) 
І
А
І
В
 
Комплементарлық. Комплементарлы немесе толықтырушы деп өз алдына 
жеке келгенде әсері байқалмайтын, ал егер генотипте баска біреуімен қатар 
кездессе жана бір белгінің дамуын ықпал ететін гендерді айтады. Бұл жағдайда 
белгі екі аллельді емес гендердің бақылауымен түзілетін екі ферменттің, өзара 
әрекеттесуінің нәтижесінде дамиды. 
Комплементарлы әсерде жаңа құрылымдық дарақтар шығады, олардың 
ерекшеліктері F
1
ата-аналықтарына ұқсастығы жоқтығында. Көбінде олар 
жабайы типтерге ұқсас болады немесе соған жақындылығымен айқындалып 
тұрады. 


60 
34. сурет Комплементарлы гендердің әсері 
Егер комлементарлы гендер екеу және олар тіркесе тұқым қумайтын болса, 
онда F
2
ұрпақтарындағы ажыраулар былай болуы мүмкін: 
- 9 : 3 : 3 : 1 яғни, әр екі доминатты гендердің өздерінің фенотиптік 
көріністері; 
- 9 : 6 : 1; 9 : 7 яғни, түрлі гендердің доминантты және рецессивті 
аллелдері фенотиптік көріністі өз алдына шығара алмайды; 
- 9 : 3 : 4 түрлі гендердің доминантты және рецессивті аллелдері 
фенотиптік көріністі өз алдына шығара алады. 
Жалпы айтқанда ажыраулар 9 : 7, мұнда 9/16 – жабайы типтің бөлігі, ал 
7/16 – мутантты дарақтардың немесе мутантты типтердің бөлігі. 
Гендердің комплементарлы әсері хош иісті бұршақта жақсы зерттелген. 
У.
Бэтсонның тәжірибелерінің бірінде хош иісті бұршақтың гүлдерінің түсі ақ 
формаларын алып будандастырғанда, олардан шыққан барлық будан 
өсімдіктердің гүлдері қызыл түсті болған. Оларды өздігінен тозаңдандырғанда 
Ғ
2
-де 9 Қызыл: 7 ақ гүлділер болып ажыраған. Бұл жағдайда гүлдың қызыл-
түсін екі комплементарлы доминантты гендер (А мен В) бірігіп анықтайды. Ал 
егер генотипте ол гендердің біреуі ғана болса, гүлдің түсі ақ болып келеді. Ғ
2
-
дегі ажыраудың арақатынасы 9 қызыл: 7 ақ. болуы да соған байланысты. 
Гендердің комплементарлы әсері табиғатта көп тараған құбылыс. Мысалы, 
қораздардың айдарының және асқабактың жемісінің пішіндері.


61 
35 
сурет. Асқабақтағы доминантты эпистаздың көрінісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет