65
Есеп 2.36. Қошқыл қызыл түсті тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті: а.қызыл
дәнді, ә. қызыл дәнді, б. ақ дәнді өсімдіктермен будандастырудың нәтижесінде
алынатын будандардың генотиптері мен фенотиптерін анықтаңдар.
2.7. Генотиптің және ортаның ағзалардың дамуына әсері
Жұмыстың мақсаты:
Плейотропия – бір геннің бірнеше белгінің шығуына ықпалдық жасауы.
Плейотропияға мысал
ретінде қаракөл қойларының С генін алуға болады. Ол
қой түгі түсінің сұр болуын бақылайды (геннің 1-ші әсері), осы ген бойынша
генотипі гомозиготалы сұр қозыларды (
СС) енесінен айырғанда азықты қорыта
алмай өледі (геннің 2-ші әсері), өйткені оларда кезген жүйке қызметі бұзылған.
Модификациялаушы – белгінің дамуына өзінің тікелей ықпалы жоқ, бірақ
басқа локуста орналасқан геннің әсерін күшейтетін немесе әлсірететін гендерді
айтады.
Мысалға адамның АВО қан тобы жүйесінде
модификациялаушы
гендері жақсы анықталынған. Ішкі секреция бездерінде АВN –антигеннің болуы
Se (секреция) геніне байланысты. Рецессивті гомозиготалыларда (se/se)
антигеннінің безде түзілуі байқалмайды, ал Se/Se және Se/ se сөлді бөлушілер.
Онда, se-рецессивті гені – тежеуші деп түсіну қажет. Бұдан басқа сирек
кездесетін басқа гендер АВN –антигенінің
эритроцит бетінде бөлінуін
толығымен тежейтіні белгілі болды.
Криптомерия – басқа алелльді емес гендермен әрекетестікке түспесе
өзінің фенотиптік көрінсін шығармайды. Криптомериялық әсердің Ғ
2
-де
ажырау былай жүреді - 9 : 3 : 4.
Достарыңызбен бөлісу: