Есеп 2.48. Жоғарыда аталған эпистатикалық және гипостатикалық гендер
бойынша дигетерозиготалы тышқандарды өзара будандастырғанда қандай түсті
ұрпақ алуға болады?
Есеп 2.49. Дигетерозиготалы сұр ( ССАа) тышқанды рецессивті
гомозиготалы ақ тышқанмен будандастырған. Алынған ұрпақтың фенотипін
анықтау керек.
Есеп 2.50. Асқабақ жемісінің ақ түсті доминантты W гені, ал сары түсі
доминантты Y гені арқылы анықталады, W гені Y геніне эпистазды
сондықтан ол бар жерде соңғысы қызмет атқара алмайды. Бұл гендердің
рецессивті аллельдері гомозиготалы жағдайда болса, жемістің түсі жасыл
болады.
Мына төмендегідей генотиптері бар өсімдіктердің жемістерінің түстерін
анықтаңдар:
а) wwYy, ә)Wwyy , б)WwYY, в) WWYy, г) wwYY, ғ)wwyy, д)WwYy.
Есеп 2.51. Мына төмендегідей будандастыруларда алынатын жемістердің
түстерін анықтаңдар:
а) wwYy Х wwYy, ә)WwУy Х Wwуy , б)Wwуу Х Wwуу , в) WWYy Х
wwуy,
г) WWYу Х WwУУ , ғ)Wwуy Х wwуy.
Есеп 2.52. Екі сары жемісті өсімдікті будандастырғанда 3: 1 қатынасындай
болып сары және жасыл жемісті будандар алынған. Ата- енелерінің
генотиптерін анықтаңдар.
Есеп 2.53. Ақ жемісті асқабақты жемісі жасыл асқабақпен
будандастырғанда алынған будандардың жемістерінің жартысы ақ, жартысы
жасыл болып шыққан. Ата- енелерінің генотиптерін анықтаңдар.
Есеп 2.54. Жемістері ақ екі өсімдікті будандастырғанда 3: 1 қатынасындай
ақ және сары жемісті будандар алынған. Ата- енелерінің генотиптерін
анықтаңдар.
Есеп 2.55. Екі сары жемісті өсімдіктерді будандастырғанда алынған
барлық ұрпақтың да жемістерінің түсі сондай болып шыққан. Ата- енелерінің
генотиптерін анықтаңдар.