Көп аллельділік Есеп 2.65.Үй қояндарында жүнінің бояуы бойынша көп аллельділіктің
болатыны анықталған. Доминантты С гені бүкіл денесіне қара түс беретін
пигменттің түзілуін қуаттайды. Оның рецессивті аллелі – с альбинизмді
тудырады. Сонымен қатар гималай түсті бояудың ( құлақтары, аяқтарының
басы мен құйрығының ұшы қара, денесінің басқа жерлері ақ) пайда болуына
ықпал ететін С
һ
аллелі болады. С
һ
гені С геніне қарағанда рецессивті, с геніне
доминантты. Мынадай генотиптері бар ұй қояндарының түстерін анықтаңдар:
а) С С
һ
; б) С
һ
с; в) Сс; г) сс; д) СС.
Есеп 2.66. Мынандай будандастырудан алынатын ұрпақтың түстерін
анықтаңдар: а) С С
һ
Х С С
һ
; ә) С
һ
С
һ
Х Сс; б) С
һ
С
һ
Хсс; в) ссХ С С
һ
; г) СсХсс;
ғ) С
һ
С
һ
Х С
һ
с.
Есеп 2.67. Екі гималай қоянын будандастырғанда алынған ұрпақтың 3\4–і
гималай, ал 1/4- альбиностар болып шыққан. Ата – енелерінің генотиптерін
анықтаңдар.
Есеп 2.68.
Гетерозиготалы
қара
және
гималай
қояндары
будандастырылған.
Алынған
ұрпақтардың
генотипі
мен
фенотипін
анықтаңдар.
Есеп 2.69. Екі қара қоянды будандастырғанда алынған ұрпақтың 3\4–і
қара, 1/4- гималай түсті болған. Ата –енелерінің генотиптерін анықтаңдар.
Есеп 2.70. Гетерозиготалы гималай қояны альбинос аналықпен
будандастырылған. Ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтаңдар.
Есеп 2.71. С
һ
гені бойынша гетерозиготалы қара аталық қоян альбинос
аналықпен будандастырылған. Алынған ұрпақтың генотипі мен фенотипін
анықтаңдар.
Есеп 2.72. Екі гималай қояны будандастырылғанда алынған ұрпақтың
барлығы да гималай түсті болған. Сонда олардың ата – енелерінің
генотиптерінің қандай болғаны?
Бақылау сұрақтары:
1. Гендердің аллельді әсерлесуі деген не?
2. Гендердің аллельді емес әсерлесуі деген не?
3. Комплиментарлық құбылысын түсіндіріп бер.
4. Комплиментарлық кезіндегі фенотиптік қатыныстар қандай болады?
5. Эпистаз құбылысын түсіндіріп бер.
6. Эпистаз кезіндегі фенотиптік қатыныстар қандай болады?
7. Полимерия құбылысын түсіндіріп бер.