А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет71/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

өзгергіштік — жеке организмдердің (индивидтердің) бір тобы екіншісінен 
белгілі бір айқын себептердің әсер етуінің салдарынан пайда болады. Б е л г і с і з 
өзгергіштік — тек қана жекеленген индивидтерге тән бір-бірінен 
айырмашылықтар болатыны. 
Өзгергіштіктің генотиптік және фенотиптік түрлері бар. 
Генотиптік өзгергіштік – ағза белгілері мен қасиеттерінің өзгеруі, 
геннің немесе жасушадағы генетикалық аппараттың (мутация) өзгеруі.
Фенотиптік өзгергіштік – ағзаның дамуы барысында оның 
морфологиялық, 
физиологиялық, 
биохимиялық 
және 
басқа 
да 
ерекшеліктерінің өзгеруі. 
4.1.Модификациялық өзгергіштік 
Жұмыстың мақсаты: модификациялық өзгергіштіктің ерекшеліктерін 
және көріну мүмкіндіктерін түсіндіру. 
Қысқаша 
мағлұмат: 
Модификациялық 
өзгергіштік 
тұқым 
қуаламайтын, генотипті өзгертпейтін фенотиптік өзгергіштік. Ол топтық 
сипаттама көрсетеді, яғни адаптациялық мәні бар, әрбір белгі популяция 
мүшелерінің бәрінде де ұқсас өзгереді де, белгілер көрсеткіші өзара тығыз 
байланыста тұрады.
Модификациялық өзгергіштік табиғатта кеңінен таралган, себебі 
организмнің белгісінің (қасиетінің) дамуына қоршаған орта әсер етеді. Бір 
аналық жасушадан пайда болған ұқсас егіздер, генотиптің бірдейлігіне 
қарамастан, әртүрлі ортада өсірілсе, белгілерінде айырмашылықтар шығады.
Жалпы, сандық белгілерге (өсімдік дәндерінің саны мен салмағы, 
жұмыртқалаушылық, сүт мөлшері, тірі салмағы, жүннің ұзындығы т.б.) 
ортаның әсері өте күшті болғандықтан оларда модификациялық 
өзгергіштік жоғары деңгейде байқалады.
Өсімдіктер мен жануарлардың арасында қоршаған ортаның әсері кейде 
олардың генетикалық айырмашылығын жоққа шығарады. Онда генотипі 


100 
жағынан жақсысы да, жаманы да бірдей өнімділікті көрсетуі мүмкін. Егер 
ортаның жағдайы нашар болса, фенотипі бойынша сұрыптау нәтижесіз 
болады. Мысалы, жердің құнарсыздығынан алынған ұрпақ, немесе
жануарларды нашар азықтандыру, келесі қатардағы ұрпақтарға әсерін 
тигізеді. Осындай жағдайлар созыңқы (ұзақ) модификацияны шығарады. 
Модификациялық өзгергіштік шектеулі (реакция ережесі), яғни 
генотипте қатаң түрде жоспарланған. Қоршаған ортаның жақсы әсерінен 
пайда болған белгілері бар индивидтерді таңдап алғанмен, болашақ ұрпақтың 
осыған сәйкес жақсаруы екіталай. 
Сонымен, әрбір өсімдіктің немесе жануардың фенотипінің қалыптасуы бір 
жағынан генотипіне, екінші жағынан оның даму барысындағы сыртқы ортаның 
әсеріне байланысты (сурет 43).
1 - вариациалық қисықтық, мұнда өсімдіктердің көп бөлігі белгінің орташасын шығарған;
 2 - жапырақтың ұзындығының өзгергіштігі

43 сурет. Модификациялық өзгергіштіктің сызбалық көрсеткіші 
Модификациялық өзгергіштіктің шегі генотиптің сыртқы ортаға 
реакциялық нормасына тәуелді 
Модификациялық өзгергіштегі сандық белгілердің сипаттамасын 
анықтау үшін биометриялық әдістемелерді пайдаланады (қарағын 
сарамандық сабақ: «Вариациялық қатар және оның негізгі»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет