А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет81/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Харди—Вайнберг заңы. 1908 жылы ағылшын математигі Г.Харди мен неміс 
дәрігері В.Вайнберг популяциядағы генотип пен фенотиптің таралу жиілігін 
анықтайтын формула ұсынды. Ол кейіннен Харди—Вайнберг заңы деп аталды.
Бұл заң келесі жағдайларда өмір сүретін популяцияларға арналған: 

еркін будандасып жүрген популяцияға, яғни қандайда болмасын белгілері 
бойынша арнайы таңдалынып алынбаған топтар;

популяцияда гендер ағыны толығымен шектелінген, мұнда миграциялық 
немесе таңдалынған топтар жоқ;

популяцияға мутациялық немесе миграциялық жолдармен басқа 
топтардан дарақтер қосылмаған, гендер ағыны болмағын;

гомозиготты және гетерозиготты ағзалардың ұрпақтарының таралуы 
бірдей. 
Харди-Вайнберг заңының бірінші қағидасы: популяциядағы бір геннің 
аллелдік жиілігінің қосындысы тұрақты бірдей болады: p + q = 1, мұнда, p – 
доминанты аллелдің жиілігі А, q – рецессививті аллелдің жиілігі а (бірліктің 
бөлігі). Популяцияда доминантты және рецессивті аллелдердің бірдей болуы 
міндетті емес, олардың ара қатынастар түрліше болуы мүмкін. Доминанттылар 
мүмкін 60%, рецессивтілер 40% (p = 0.6, q = 0.4) немесе 90% және 10% (p = 0.9, 
q =0.1) және т.с.с. Олай болса, популяциядағы қажетті гендердің жиілігі, 
бірнеше ұрпақтар бойы табиғи сұрыптаумен қалыптасады. 
Харди-Вайнберг заңының екінші қағидасы: популяция генотиптеріндегі 
бір геннің жиліктік қосындысы әрқашанда тұрақты, ал оның бөлінуі мына 
формулаға сәйкес жүреді: p
2
+ 2pq + q
2
= 1, мұнда, p
2
– доминантты аллелді 
дарақтардың гомозиготаларының жиілігі, 2pq – гетерозиготтар жиілігі, q

– 
рецессивті алледегі гомозиготтардың жиілігі. 
Харди-Вайнберг заңы тағы маңызды мынаны білдіреді: теңдіктері 
сақталған популяцияда гендердің және генотиптердің жиіліктері бірнеше 
ұрпақтар бойы сақталады. Мысалы, доминантты аллелдің жилілігі р = 0,6 
болғанда, ал рецессивтің q = 0.4 болса, генотиптері былай бөлінеді: АА (p
2
) = 
0,36; Aa (2pq) = 0,48; aa (q
2
) = 0,16. Келесі ұрпақта аллелдердің бөлінуі 
былайша жүреді. Аллель бойынша доминантты гомозиготалар (АА) 0,36 береді, 
аллелді гамета А және 0,24 осы сыяқты гаметалар гетерозиготалыларды 


117 
шығарады, олай болса, р = 0,36 + 0,24 = 0,6. Рецессивті аллелді гаметалар а 
былай құрастырылады: 0,24 гетерозиготтардың арқасында, рецессивті аллелді 
гомозиготтардан 0,16 береді, олай болса q = 0,24 + 0.16 = 0,4. Осылайша екінші 
ұрпақтарда алдыңғы ұрпақтағыдай қатынастар сақталады. 
Бұл алынғандарды жинақтағанда Харди-Вайнберг формуласы шығады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет