А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Ұрық пайда болғанға дейінгі кезең



Pdf көрінісі
бет78/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   159
Ұрық пайда болғанға дейінгі кезең. Сперматозоидтардың, жұмыртқа 
жасушалырының пайда болу фазаларынан тұрады. Жалпы жыныс 


111 
жасушаларынсыз ұрықтану басталмайды, демек онтегенз басталған жоқ. 
Дегенмен бұл кезеңде, яғни жұмыртқа жасушаларының түзілу (гаметогенз) 
құбылысы жүреді – саруыздардың жинақталуы, ооплазмалық сегреция, 
гендердің амплификациясы, жұмыртқа жасушасының полярлығы т.с.с. 
Ооплазмалық сегрециялану – сарыуыздың, гликоген, РНҚ молекуласының 
т.б. заттардың әркелкі таралуы салдарынан цитоплазманың әр түрлі сапалы 
бөліктерге жіктелуі.
Гендердің амплификациясы – кейбір гендердің көптеген көшірмелер 
күйінде көбейіп жинақталуы. 
Дүниеге келгенге дейінгі (антенатальдық, эмбриональдық) кезеңді мына 
фазаларға бөлуге болады: зигота, бөлшектену, бластула, гаструлация және 
гисто-органогенез. 
Туылғаннан кейінгі (постнатальдық) кезеңді мына фазаларға бөлуге 
болады: нәрестенің дүниеге келуі, емізулі бала, сәби, бөбек, бүлдіршін, 
жеткіншек, жетілген шақ және кәрілік.
Онтогенезді зерттеу, белгінің қалыптасуына ген тигізетін әсерді талдаудан 
басталады. Соңғы молекулалық генетиканың жетістіктеріне сәйкес оны былай 
көрсетуге болады:
ДНҚ → ген → РНҚ → ақуыз → белгі (қасиет) 
Сонымен, нағыз ұрықтану онтогенезден басталады, яғни аталықтан келген 
гендер сол сәттен бастап қызметін атқаруға кіріседі.
Ағзаның жеке даму барысында өзін қоршаған сыртқы орта жағдайларына 
бейімделуі басталады оны онтогенетикалық адаптация деп атайды. Оның 
өзін жасушалық, ұлпалық және ағзалық деп бөледі. Көп жасушалық ағзаларда 
бейімделулерді 
тағы 
бөлуге 
болады: 
физиологиялық 
тұрақтылық, 
иммунологиялық, мінез-құлықтық, шартты рефлекстік және т.с.с. Шартсыз 
рефлекстер де бар, мысалы жұмыртқадан шыққан балапандар өз енесінің 
берген сигналдарын қабыл алады, ал инкубатор балапандарын тауыққа ертсе де 
ол сигналдарды қабылдамайды. Сондықтан да атақты генетик М.Лобашев ата-
анадан ұрпаққа берілетін ақпарататтың бұл түрін сигналдық тұқым қуалау деп 
атаған. Онтогенез барысында ағза біртұтас жүйе болып тіршілік етеді. 
Дегенмен онтогенез барысында оқшаулық дамуда бар, онда жеке даму процесі 
бір қалыпты өтпей, өсу мен дамудың сипаты өзгермелі болады. Мысалы, 
өсімдіктердің бірінші стадиясы – ол тұқымның өнуі, оған қажетті 
температуралық көрсеткіш. Жаздық бидай бұл кезеңде 5-12 
0
С 7-15 күнде, ал 
күздік 6-10 
0
С-та 30-70 күнде. Келесі жарық кезеңі – дұрыс болмаса даму дұрыс 
аяқталмайды. 


112 
Генетиктердің алдынғы күрделі ізденістерінің бірі - жасушаның жіктелу 
механизмдерін анықтау. Митоздың арқасында ағзадағы бүкіл жасушалар 
хрососомалардың барлық жиынтығын алады, ал ересек ағзада жасушалардың 
құрылымдары мен функциялары (нейрон, нефрон т.б.) бірдей болмайды. Ұйқы 
безінің инсулинді синтездеуі, күлте жапырақшалары антоциан пигментін 
шығаруы. 
Қазіргі кезде, бір жасушаның өзінде дамудың әртүрлі кезеңінде немесе 
физиологиялық жағдайына байланысты, хромосоманың белгілі бір бөлігі ғана 
белсенді түрде қызмет атқаратыны анықталды. Дрозофила хромосомаларының
генетикалық картасын жасау барысында, ол хромосомада үрлеп қойған шар 
тәрізді бөлімдерінің бары анықталды, кейіннен оны пуф деп атады. Шыбынның 
дернәсілдерінің дамуы барысында ол пуфтардың өзгеріп түратындығы, яғни 
хромосоманың бір бөлігінде жоғалып, басқа жерінде жаңадан шығатындығы 
байқалды.  


113 
Онтогенез 
барысындағы 
өзгерістерді 
реттеуші 
гендер, 
оның 
құрылымындағы оперондар екені белгілі болғанымен, әліде көптеген 
жұмбақтар аз емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет