А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет84/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159
Есеп 6.5. Рецессивті аутосомды генді ұзын бұйра жұнді (ll бұйра) 
мысықтардың Орта Еділ аймағындағы кездесу жиілігі 0,56, ал Қыйыр Шығыста 
– 0,23. Мұндай мысықтардың Казаньдағы және Алматыдағы кездесу 
мүмкіндіктері қандай? Қысқа жүнді тегіс мысықтар ше? 
Есеп 6.6. Харди-Вайнберг заңдылығына бағынатын А және а 
аллельдерінің жиілігі қандай, егер популяцияның генотипінің құрылымы 
мынадай болғанда: 49% АА, 42% Аа, 9% аа? 
1) 
2) 3) 4) 
5) 
А: 0,6 0,7 0,3 
0,7 0,3 
а. 0,5 
0,7 
0,3 
0,3 0,7 
Есеп 6.7. Адам популяциясындағы индивидумдердің қоңыр көзділері (А
64%, көк көзділері (а) - 36%. Берілген популяциядағы (Аа) генотиптерінің 
жиілігін анықтаңдар (пайызбен).
1) 2) 3) 4) 5) 
16 32 36 48 64 
Есеп 6.8. Харди-Вайнберг заңдылығына бағынатын популяциядағы Аа 
гетерозиготтылардың жиіліктерін 10 ұрпақтан соң табыңдар, егер бастапқы 
ұрпақтардағы генотиптерінің қатынастары мынадай болса:
26% АА, 25% аа және 50% Аа. 
1) 
2) 
3) 
4) 
5) 


25 
50 
100 
Бақылау сұрақтар 
1. 
Панмиксиялық популяция дегеніміз не? 
2. 
Айқас тозаңданатын организмдердің популяциясы 
3. 
Популяция дегеніміз не? 
4. 
Харди-Вайнберг формуласын талда және түсінігіңді жазып шыққын. 


120 
6.2. Вариациялық қатар және оның негізгі көрсеткіштері 
Жұмыстың мақсаты: генетикада белгілерді зерттеулердегі әр түрлі 
биологиялық мақсатқа сәйкес іріктемені топтастыруларын құра білу және 
орташа шамаларды шығаруды игерту. 
Қысқаша мағлұмат: генетикада белгілерді зерттеулердегі әр түрлі 
биологиялық мақсатқа сәйкес іріктемені топтастыру үшін пайданылатын 
статистикалық қатардың бірнеше келесі түрлерін ажыратады: вариациялық 
қатар, соның ішінде – орта шамалар, өзгергіштік коэффициенттері, олардың 
статистикалық қателігі мен сенімділігі және т.б. 
Жинақталған материалдың көрсеткіштерді вариациялық өңдеуден 
өткізгенде ғана жан-жақты талдауға болады. Мұндай білім жүйесін биометрия 
деп атайды. Биометрия деп математика әдістерін, солардың ішінде 
математикалық статистика және ықтималдықтар теориясының бөлімдерін
биологияда қолдануды айтады. Биометриялық әдістің объектісі ретінде біркелкі 
ағзалар тобынан алынған өзгермелі белгі саналады. Мысалы, бір тұқымдық 
шөптің ұзындығы немесе дәнінің салмағы, бір түрге жататын құстың 
жұмыртқасының саны және оның салмағы т.с.с. Өзгермелі белгінің жеке 
сандық мәндері нұсқа деп аталады. Іріктеме деп бас жиын мүшелерінің тобын 
айтады. Іріктеме белгілі түрінен өткен соң математикалық формулалар арқылы 
қажет статистикалық коэффициенттерді анықтайды. Олар мыналар: 
1. Өзгермелі белгінің орта шамалары 
2. Белгінің өзгергіштігін сипаттайтын коэффициенттер. 
3. Белгінің үлестірім типтері, олардың заңдылығын сипаттайтын 
коэффициенттер. 
4. Статистикалық қателіктер және оның коэффициенттерінің сенімділік 
критериялары. 
5. Хи-квадрат көрсеткіші. 
6. Белгілер арасындағы байланыс дәрежесін анықтайтын коэффициент. 
7. Дисперсиялық талдаулар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет