А. С. Ибрайханова сынып жетекші: Ата-аналарға қазіргі жаз мезгіліндегі «Су айдындарындағы қауіпсіздік» шаралары, ережелері туралы айтты. Қазіргі таңда қауіпсіздік шараларды орындамаудың нәтижесі қайғылы оқиғаларға әкел



Дата01.06.2022
өлшемі15,24 Kb.
#36107
Байланысты:
Хаттама су қоймасы


«Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ
5 «А» сыныбында «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында
өткізілген ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ

Күні: 22.05.2019ж. 


Қатысқандар: 10 Қатыспағандар: Жоқ.
Күн тәртібінде:
1. «Су қауіпсіздігінің ережелері» (сынып жетекші А.С.Ибрайханова)
2. «Су айдындарындағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі», «Жер сілкінісі 
кезіндегі іс-әрекеттер» (сынып жетекші А.С.Ибрайханова)

Тыңдалды:


1.А.С.Ибрайханова сынып жетекші: Ата-аналарға қазіргі жаз мезгіліндегі «Су айдындарындағы қауіпсіздік» шаралары, ережелері туралы айтты. Қазіргі таңда қауіпсіздік шараларды орындамаудың нәтижесі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатқандығын басып айтты. «Су қауіпсіздігі», «Өрт қауіпсіздігі», «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбында өз сөзінде айтып, ережелермен таныстырды.
а) Суда жүзу кезіндегі талаптар: Қоршау белгілері қойылған жерлерде жүзуге болмайды; Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз; Суда жүзіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз; Мас күйінде суға жүзбеңіз; т.б. кеңестерін айтты.
ә) Өрт қауіпсіздігі бойынша: Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыздар; Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз; Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз; т.б.
б) Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша: Жер сілкінісі кезінде-жердің дүмпуінен қорықпаңыз, сабырлық сақтаңыз; Көшеде болсаңыз, ашық алаңға шығуға тырысыңыз, электр сымдар мен биік ғимараттардан аулақ болыңыз, балкондардан, карниздерден, парапеттерден алыс болыңыз;т.б кеңестер берді.
Ата-аналарға қауіпсіздік шаралары тақырыбында жадынамалар таратты. Әртүрлі апатты жағдайлардың орын алу себептері олардың су айдындарының жанында қараусыз қалуы, өз күштерін асыра бағалау мен шомыла алмауы болып отыр. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар деп кеңес берді.

Шешімі:
1. Жазғы демалыс маусымында оқушылардың су айдындарында адам өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау оқушылардың ата-аналарына міндеттелсін.


Сынып жетекші: А.С. Ибрайханова
Хатшы: А.Алпысбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет