А с т а н а, 2016 Назарбаев Зияткерлік мектептері



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата22.12.2016
өлшемі3,52 Mb.
#114
1   2   3   4

 

деңгейлерін  көрсетеді. 

7-

суретте  көрсетілгендей,  мұғалім  рубрикада 



орташа  деңгейді  сипаттап  жазу  кезінде  тапсырмадағы  оқушы  қателік 

жіберген нақты сол элементті атап көрсетуі қажет.   

 

Жиынтық  бағалау  бойынша  әдістемелік  ұсыныста



 

бөлім/ортақ 

тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  тапсырмалар  үлгілеріне

 

рубрикалар құрастырылып, ұсынылған. 



 

 

5



.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі 

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасы  мазмұнындағы 



білім,  дағды  және  түсінуге  қатысты  дәлелдеулерді  ұсынады, 

тоқсандағы  оқу  барысының  ілгерілеуін  өлшейді.  Тоқсандық  жиынтық 

бағалау  тоқсан  соңында  өткізіледі,  онда  тоқсандық  баға  қою  кезінде 

есепке алынатын балдар қойылады. 



 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауда  бақылау

-

тексеру  жұмыстарын  әр 



түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру 

кезінде  ойлау  дағдыларының  деңгейлерін,  жетістігін  көрсетуін,  ойлау 

деңгейлерінің  талдау,  синтез  және  бағалау  сияқты  жоғарғы 

сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет. 

 

Оқу  жылында  әдістемелік  бірлестіктер  құрастырған  жиынтық 



бағалаудың  жоспарында  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  рәсімдері

 

көрсетілуі керек (Жиынтық бағалау үдерісі, 4.2



-

бөлімді қараңыз). 

 

 

5.2.2.1 



Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру 

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  жоспарлауда  әуелі  оқу 



бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарына  шолу  жасау  керек,  себебі 

бағалау олардың меңгерілуін тексереді. 

 

Бағалаудың  аталған  рәсімдерін  ұйымдастыру,  жоспарлау  кезінде 



жиынтық  бағалауға  арналған  әдістемелік  ұсыныста  берілген 

тапсырмалар  үлгілері  бар  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың 

спецификациясы қолданылады. 

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  мазмұнын, 



құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

 



 

тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

 



 



тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:

 



жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;

 



бағалау құрылымы;

 



тапсырмалар саны; 

 



тапсырмалар бойынша балдарды бөлу.

 



 

тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау;

 

 

 



 

27 


 

 

 



тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері



 

тапсырмалардың балл қою кестелері

.  

Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше 



тапсырмалар  құрастыруына

 

мүмкіндігі  бар.  Тоқсандық  жиынтық 



бағалау  тапсырмаларын  құрастыру  спецификацияға  сәйкес  бір 

параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге 

асырылады. 

 

Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, 



тест, зертханалық жұмыстар

бақылау жұмыстары, жобалар және т.б. 



 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  кезінде  тоқсан  басында 

оқушылар

 

мен  олардың  ата



-

аналарын  хабардар  ететін  тоқсандық 

жиынтық  бағалаудың  кестесі  Зияткерлік  мектеп  директорының 

бұйрығымен бекітіліп құрылады. 

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау



 

бір  параллельде  бірдей

 

жағдайда 



өткізіледі.

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  уақытында  белгілі  себептерге 



байланысты 

(

ауруына,



 

жақын  туыстарының  қазасына

конференция, 



олимпиада,  ғылыми,  спорттық  жарыстарға  және  т.б.  қатысуына 

байланысты

оқушылар


 

келмеген  жағдайда  оларға  мектепке  келген 

соң  екі  апта  ішінде  тапсыруға  рұқсат  етіледі,  ол  үшін  жиынтық 

бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады. 

  

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  материалдарын  оқушылар



 

жұмысты 


орындағанға  дейін  қол  жетпейтін  орында  сақтау  қажет. 

 

Қауіпсіздікті 



қамтамасыз  ету  мақсатында  тапсырмаларды  белгілі  бір  орында, 

белгілі  қызметкерге  ғана  (мысалы,  директордың  орынбасары) 

мүмкіндік беріп сақтау ұсынылады.

   


Тоқсандық  жиынтық  бағалау  әдетте  мұғалімдермен  өткізілетін 

болғандықтан,  оқушылар

 

жиынтық  бағалауды  орындайтын  кабинетте 



тек бір мұғалім ғана болады. Мүмкіндігінше кез келген бос мұғалімнің 

тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізуді  ұйымдастыруға,  өткізуге 

мысалы,  бақылаушы  ретінде  көмектесуі  ұсынылады.  Тоқсандық 

жиынтық  бағалауды  өткізу  кезінде  мұғалімнің  жиынтық  бағалаудың 

өткізілуін  үздіксіз  қадағалауы  маңызды  және  басқа  әрекеттер 

жасамағаны  дұрыс 

(

мысалы


дәптер  тексеру

компьютермен  жұмыс 



жасау

).  


Тоқсандық  жиынтық  бағалау  өткізілетін  кабинеттерді  мұғалімдер 

алдын  ала  дайындайды.  Айналасы  оқушыларға

 

таныс  болуы, 



күнделікті

 

сабақ  өтіп  жүрген  кабинеттері  болуы  ұсынылады. 



 

 

 



28 

 


 

Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет



 



оқушылардың

 

шуламай,  жұмысты  өз  бетінше  орындауына 



қолайлы болатындай етіп отырғызуды ойластыру.  

 



 

оқушыларды

 

басқа 


оқушылардың

 

жұмыстарын 



көре 

алмайтындай, тақта жаққа қарайтындай етіп отырғызу ұсынылады. 

 



 



оқушыларда  сұрақ  немесе  мәселе  туындаған  жағдайда 

парталардың  арасы  мұғалім  мен  бақылаушының  еркін  жүріп  тұруына 

мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс.  

 



 

негізгі  нұсқаулық  пен  уақыт

 

жазылып  тұратын  болғандықтан 



тақта оқушылардың

 

алдында болғаны дұрыс. 



  

 



тапсырманы  орындау  барысында  оқушыларға

 

көмегі  тиюі 



мүмкін 

деген 


плакаттар, 

ақпараттық 

сипаттағы 

қабырға 


материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс. 

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізуге  дейін  мұғалім 



оқушылардың

 

тапсырманы  орындау  барысында  көмегі  тиюі  мүмкін 



тыйым салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Оқушылар

 

өздерімен  бірге  тек  тоқсандық  жиынтық  бағалау  бойынша 



спецификацияда  көрсетілген  материалдарды,  құралдарды  және 

заттарды  ғана  әкелуіне  болады. 

 

Тыйым  салынған  заттардың  болу 



жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.  

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  туралы  жан



-

жақты  ақпарат 

тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған 

нұсқаулықта берілген (

6-

қосымша).   



 

 

5

.2.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы 



 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  жиынтық  бағалаудың  әдістемелік 

ұсынысында  берілген  үлгідегі  балл  қою  кестесіне  сәйкес 

құрастырылады. Аталған кестеге сәйкес мұғалімдер балдарды қояды. 

 

Мұғалім  әр  жауапқа  қойылған  балдардың,  нәтижелердің  дұрыс 



жазылғанына көз жеткізуі тиіс. 

 

Бағалау  нәтижелерін  мұғалім,  оқушының



 

оқудағы  ілгерілеуін

 

бағамдау үшін қолдануына болады. Ол үшін мұғалім нәтижелерді, кері 



байланысты  оқушыны

 

оқуға  ынталандыратындай  түсінікті  етіп,  өзінің 



нәтижесі бойынша ойлануына мүмкіндік беру қажет. 

 

Мұғалім  тоқсандық  жиынтық  бағалау  нәтижелерін  оқушылардың



 

оқу  бағдарламасы  мазмұнын  қаншалықты  тиімді  меңгергенін,  қандай 

дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге 

мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау 

кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.  

 

 



 

 

29 



 

 

5.2.2.3 


Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау 

  

Бағалауды  стандарттау  мақсатында  мұғалімдер  оқушылардың

 

тоқсандық  жиынтық  бағалау  жұмыстарының  нәтижелерін  талқылауы 



үшін  модерация  белгіленген.  Модерация  үдерісі  бір  қатар  сыныпта 

сабақ  беретін  мұғалімдердің  қатысуымен  өткізіледі.  Олар  белгілі  бір 

пән  бойынша  мұғалімдердің  балл  қою  кестесі  бойынша  бір  ұғымда, 

түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала 

талқылайды.

  

Мұғалім  тоқсандық  жиынтық  бағалау  нәтижелерінің  модерация 



қорытындысы  бойынша  жоғары  сондай

-

ақ,  төмен  деңгейге  қарай 



өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет. 

 

Модерация  төрағасы  әдістемелік  бірлестіктің  жетекшісі,  одан 



басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. 

 

Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті 



 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  модерациялау  үдерісі  белгілі  бір 

тәртіппен жүргізіледі. 

 

Мұғалім модерацияға дейін



:  

 



оқушылардың

 

жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне 



сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпен қойылады; 

 



 

жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін іріктеп алады (максималды, 

минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды); 

 



 

жеке  мәліметтерді  шифрлейді

оқушылардың



 

жұмыстарының 

көшірмелерін дайындайды. 

  

Модерация кезінде:



 

 



жұмыс

 

қорытындысын ұжымда талқылайды, барлық балдардың 



балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;

 



 

қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне 

өзгерістер енгізеді; 

 



 

отырыс хаттамасына қол қояды.

 

Модерациядан кейін:

 

 



модерацияны ескере отырып, оқушылардың

 

жұмыстарын қайта 



қарайды,  жоғарылату  немесе  төмендету  жағына  қарай  балдарды 

өзгертуі де мүмкін;

 



 



соңғы нақты балдар қаламмен қойылады;

 



 

соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды. 

 

Модерацияны  ойдағыдай  жүргізу  үшін  қажетті  жағдайлар



ынтымақтастық мәдениеті

ашық және анық коммуникация



сындарлы


 

(

конструктивті)  кері  байланыс  және  ұжымдағы  кәсіби  қолдау  болып 



табылады

 



 

 

30 



 

 

6. 

ОҚУШЫ

 

ПОРТФОЛИОСЫ   

 

Оқушылардың

 

ілгерілеуін  қадағалау  мақсатында  мұғалімдер 



оқытудың  белгілі  бір  кезеңінде  орындалған  жұмыстарды  сақтауы 

қажет.  Оқушылардың

 

портфолиосы



 

бағалау  нәтижелерінің  анықтығы 

мен  дәлдігін  арттыруға

 

бағытталған



Портфолио 

– 

оқушылардың



 

мақсатты  түрде  жинақтаған,  олардың  оқудағы  нәтижесін,  ілгерілеуін, 

белгілі  бір  оқу  жылындағы  бір  немесе  бірнеше  пәндер  бойынша 

жетістіктерін көрсететін жұмыстары

Портфолио бір оқу жылына арнап 



құрылады.  Оқу  жылы  аяқталған  соң,  оны  оқушыларға,  ата

-

аналарға 



беру керек.  

 

Портфолиода



 

оқушылардың

 

бағалау 


критерийлері 

бар 


бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  және  тоқсандық  жиынтық  бағалау 

кезінде  орындаған  жұмыстары,  балл  қою  кестелері,  оқушылардың

 

рефлексиялары, 



мұғалімнің 

ұсыныстары 

көрсетілген 

кері 


байланыстары болуы қажет.  

   


Оның  ішінде  оқушылардың

 

жұмыс  дәптерлері,  салған  суреттері, 



тәжірибелік

 

тапсырмаларды  орындау  кезіндегі  фотолары,  зерттеу 



жұмыстарының  қорытындылары,  мұғалімнің  жұмыстарға  берген 

пікірлері  болу  да  мүмкін.  Оқушылардың

 

кейбір  жұмыстарын 



электрондық нұсқада сақтауға да болады.

  

Оқушы



 

портфолиосына ұсынылған құрылым

 



титул беті; 

 



 

пән


 

бойынша бөлгіштер;

 



 



бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша,  тоқсандық  жиынтық  бағалау 

жұмыстары,  мысалы:  бағалау  критерийлері,  балл  қою  кестесімен 

жазба жұмыстары, таныстырылымдар, бақылау жұмыстары, эссе, т.б.;

 



 

оқушылардың



 

оқу  жетістігі  деңгейін  көрсететін  күнделікті  сабақ 

үдерісінде орындаған жұмыстары;  

 



 

мұғалімнің

 

кері байланысы, пікірлері, ұсыныстары; 



 

 



оқушының

 

рефлексиясы.  



  

Портфолионың  формасы

 

оқушылардың



 

жас  ерекшелігіне,  пәнге 

байланысты.  Мысалы

АКТ,  информатика  бойынша  портфолио 



электрондық  үлгіде  болуы  мүмкін  (электрондық

 

портфолио)



ол 


электрондық тасымалдаушы құралда сақталады

 

(дискіде



).  

 

 

 



 

 

 



 

31 


 

 

7. 

НӘТИЖЕЛЕРДІ ТІРКЕУ

 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша

 

жиынтық  бағалау,  тоқсандық 



жиынтық  бағалау  нәтижелері  электрондық  нәтижелерді  тіркеу 

журналында

 

тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың



 

есебі


 

электрондық 

журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.  

 

Оқушылардың



 

бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  және  тоқсандық 

жиынтық  бағалау  нәтижелерін  қою  электрондық  журналда  оқыту 

тәжірибесін  жетілдіру,  талдау  үшін  қолданылатын  балдар,  бағалар 

туралы ақпараттарды көрсетеді. 

 

Жиынтық  бағалаудың  нәтижелері  оқушыларға,  ата



-

аналарға


 

тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі 

(8-

кесте


). 

 

8-



кесте. Нәтижелерді тіркеу

 

Оқушыларға



 

қойылады

 

Сипаты 

 

Әр

 



бөлім

/

ортақ



 

тақырыптар

 

бойынша


 

жиынтық


 

бағалаудың

 

балы


  

Жинақталған

 

балдар


 

саны


 

мен


 

оқу


 

жетістігі

 

деңгейлері



 (

жоғары


орта


төмен


Тоқсандық жиынтық 

бағалаудың балы 

 

Тоқсандық жиынтық бағалауға



 

сәйкес жинақталған балдар саны

 

Тоқсандық баға  



 

Балды бағаға ауыстыру

 

шәкіліне сәйкес белгілі пайыздық 



арақатынастағы барлық тоқсандық жиынтық бағалаулардың 

балл саны. Оқушылар

 

тоқсандық бағаны 50% бөлім/ортақ 



тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық 

жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды

 

Жылдық баға 



 

Барлық тоқсандардағы максималды мүмкін балдарға қатысты 

жинақталған балдар санының пайыздық арақатынасы балды 

бағаға ауыстыру

 

шәкіліне сәйкес



 

 

Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері 1



-

ден 5


-

ке дейінгі 

бірыңғай  балды  бағаға  ауыстыру

 

шәкілі  негізінде  есептеледі,  бұл 



бағалаудың  ашықтығын,  салыстырымдылығын,  білім  беру  үдерісіне 

қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді

 (9-

кесте


).  

 

9-



кесте. Балды бағаға ауыстыру шәкілі

  

 



(бастауыш мектеп үшін)

 

Балдың пайыздық 

мазмұны

 

Баға көрсеткіші

 

Баға 

 

Бағаланбады 



 

«1» 


1%-20% 

Қанағаттанғысыз

  

«2» 


21%-50% 

Қанағаттанарлық 

 

«3» 


51%-80% 

Жақсы 


 

«4» 


81%-100% 

Өте жақсы 

 

«5» 


 

 

 



32 

 


 

Балды

 

бағаға

 

ауыстыру

 

шәкілі

 

(

негізгі

 

мектеп

 

үшін



Балдың пайыздық 

мазмұны

 

Баға көрсеткіші

 

Баға 

 

0 % 


Бағаланбады 

 

«1» 



1%

39% 



Қанағаттанғысыз

  

«2» 



40%

59% 



Қанағаттанарлық 

 

«3» 



60%

80% 



Жақсы 

 

«4» 



81%

100% 



Өте жақсы 

 

«5» 



 

Балды бағаға ауыстыру шәкілі

 

(

жоғарғы

 

мектеп үшін)

 

Балдың пайыздық 

мазмұны

 

Баға көрсеткіші

 

Баға 

 

0%



49% 

Бағаланбады 

 

«1» 


50%

59% 



Қанағаттанғысыз

  

«2» 



60%

74% 



Қанағаттанарлық 

 

«3» 



75%

89% 



Жақсы 

 

«4» 



90%

100% 



Өте жақсы 

 

«5» 



 

8. 

БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ

 

8

.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою 



 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  әр 

рәсімінің

 

қорытындысы  негізінде  оқушылар



 

оқу  жетістігі  деңгейіне 

сәйкес  максималды  жинақталған  балл  саны  түріндегі  қорытынды 

нәтижеге  қол  жеткізеді.  Өз  кезегінде  оқу  жетістігінің  деңгейі  болашақ 

тоқсандық  бағаны  болжаудың  көрсеткіші  қызметін  атқаруы  да  мүмкін 

(9-


кесте).

 

 



9-

кесте.  Оқу  жетістігі  деңгейлеріне  сәйкес  балдың  пайыздық 

мазмұны 

 

Оқу жетістігі 



деңгейлері

 

Балдың пайыздық 

мазмұны

 

Болжам баға

 

Жоғары 


 

81%-100% 

деген бағаға сәйкес



 

Орта 


 

21%-80% 


3 – 4 

деген бағаларға сәйкес

 

Төмен 


 

0-20% 


1 – 2 

деген бағаларға сәйкес

 

      


Төменде «Математика» пәні бойынша 

7-

сынып оқушыларының



  1-

тоқсандағы  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалау  нәтижелері  мысал 

түрінде берілген. 

 

 



 

 

 



33 

 


 

«Математика»  пәні  бойынша 

7-

сынып  оқушыларының

  1-

тоқсандағы 

бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері

 

 

 



 

Бөлім 

бойынша 

жиынтық 

бағалау (ЖБ) 

 

Оқушылардың

 

балы

 

Максималды

 

балл

 

Оқу жетістігі 

деңгейі

 

Болжам баға 

 

 

1 бөлім 



бойынша ЖБ 

 



12 

Орта (66%)

 

3-4 


2 бөлім 


бойынша ЖБ

 



10 

Орта (50%)

 

3-4 


3 бөлім 


бойынша ЖБ

 

10 



12 

Жоғары (83%)

 



 



8.2 

Тоқсандық баға қою 

 

1-

сыныпта

  1-

жартыжылдықта  жиынтық  бағалау  өткізілмейді. 

Тоқсандық бағалар тек 3 және 4

-

тоқсандарда қойылады. 



 

Тоқсандық  бағалар  бөлім/ортақ  тақырыптар

тоқсандық  жиынтық 



бағалау қорытындысы есебінен жинақталады. 

 

2-4-



сыныптарда тоқсандық бағалар

 

бөлім/ортақ тақырыптар және 

тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы арқылы жинақталады. 

 

Тоқсандық  бағаны  қою  үшін  бөлім/ортақ  тақырыптар



тоқсандық 

жиынтық  бағалау  қорытындысының  белгілі  пайыздық  арақатынасы 

пайдаланылады

:    



тоқсандық  бағаның  50%  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша 



жиынтық бағалау қорытындысы

 

арқылы қалыптасады;



 

тоқсандық  бағаның  50%  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың 



қорытындысы

 

бойынша қалыптасады. 



 

 

Жиынтық бағалау



 (

ЖБ



 

Үлес салмағы

  

Бөлім


/

ортақ


 

тақырыптар

 

бойынша


 

ЖБ

  



50% 

Тоқсандық ЖБ

  

50%  


Тоқсандық баға



100% 

 

Төменде



 

«Математика» пәні бойынша 

7-

сынып оқушыларының



  1-

тоқсан бағаларының есебі мысал түрінде берілген

.  

 

 

 

 

 

 



 

34 


 

 

 

«Математика»  пәні  бойынша 

7-

сынып  оқушыларының

  1-

тоқсанның, 

бөлімнің жиынтық бағалауы бойынша нәтижелері

 

 

 



 

Жиынтық 

бағалау (ЖБ)

 

Оқушы

 

лар 

 

балы

 

Максималды

 

балл

 

Оқу 

жетістігі

 

деңгейі

 

Болжам баға

 

Арақаты

 

насы





Балдың 

пайыздық 

мазмұны

 

1-



бөлім 

бойынша ЖБ 

 



12 



Орта  

(66%) 


3-4 

50% 


33,8% 

2-



бөлім 

бойынша ЖБ

 



10 



Орта 

(50%) 


3-4 

3-



бөлім 

бойынша ЖБ

 

10 


12 

Жоғары 


(83%) 



Тоқсандық ЖБ

 

15 



20 



50% 

37,5% 


Барлығы

 

71,3 

 

 



Тоқсандық бағаның есебі төмендегі формула

 

бойынша шығарылады





 

Тоқсандық баға = �

Бөлім бойынша ЖБ нақты балл жиынтығы

Бөлім бойынша ЖБ максималды балл жиынтығы ∗ ????????????%� 



 

 

                                          + �

Тоқсандық ЖБ нақты балы

Тоқсандық ЖБ макс. балы  ∗ ????????????%�                                                     

 

 

Тоқсандық  бағаны  есептеу  үшін  бөлім  бойынша  және  тоқсандық 



жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.  

   


  

33,8% + 37,5% = 71,3%  

 

Балды бағаға ауыстыру



 

шәкілі


 

бойынша баға оқушының

 

тоқсандық 



бағасымен анықталады. 

 

 



Баға 

 

Балдардың пайыздық 

мазмұны

 

«1» 


0 % 

«2» 


1%

39% 



«3» 

40%


59% 


«4» 

60%


80% 


«5» 

81%


100% 


 

Аталған шәкілге сәйкес

 71,3 

%,  баға «4

-

ке» сәйкес. 



 

 

 «



Математика»  пәні  бойынша  оқушының

  1-


тоқсандағы  бағасы 

– 

«4».  



 

 

 



35 

 


 

8.3 


Жылдық баға қою 

 

Оқушының



 

пән  бойынша  жылдық  бағасы  барлық  төрт

 

тоқсанның 



нәтижелерінен құралады (

1-

сыныптағы



 3, 4-

тоқсандар

).  

Төменде 


7-

сыныптың  «Математика»  пәні  бойынша  оқушының

 

жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген. 



 

 

7-



сыныптағы «Математика» пәні бойынша оқушылардың

 1-

4-

тоқсандардағы нәтижесі

 

 

 



Жиынтық 

бағалау

 

(ЖБ) 

 

1-

тоқсан

 

2-



тоқсан

 

3-



тоқсан

 

4-



тоқсан

 

Балдың 



жалпы 

саны

 

Арақатынасы





Оқу жылы 

бойынша 

балдардың 

пайыздық 

мазмұны 

 

Бөлім 

бойынша 

ЖБ

  

34-


тен 

23 


30-

дан 20


 

25-


тен 21

 

20-



дан 18

 

109-



дан 

82 


50% 

37,6% 


Тоқсан

 

дық ЖБ

  

20-


дан 18

 

20-



дан 15

 

20-



дан 19

 

20-



дан 16

 

80-



нен 

68 


50% 

42,5% 


Барлығы

 

80,1 % 


 

Жылдық баға есебі төмендегі формула бойынша шығарылады



 

Жылдық баға = �

Бөлім бойынша ЖБ нақты балл жиынтығы (?????? − ?????? т. )            

Бөлім бойынша ЖБ максималды балл жиынтығы (?????? − ?????? т. ) ∗ ????????????%� + �

?????? − ?????? т. ЖБ нақты балы

?????? − ?????? т. ЖБ макс балы  ∗ ????????????%�



 

 

 



Жылдық баға есебі үшін оқушы

 

бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 



және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан 

соң  оқу  жылындағы  балдың  пайыздық  мазмұны  (50%:50%)  пайыздық 

арақатынаспен анықталады. 

 

Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық 



балдың  пайыздық  мазмұны  жинақталады,  балды

 

бағаға  ауыстыру 



шәкілі арқылы ауыстырылады.

    


37,6% + 42,5% = 80,1%  

 

Баға 

 

Балдың пайыздық 

мазмұны

 

«1» 


0 % 

«2» 


1%

39% 



«3» 

40%


59% 


«4» 

60%


80% 


«5» 

81%


100% 


 

80,1 % 

балды бағаға ауыстыру

 

шәкіліне сәйкес 



– 

бұл 


баға

 «4». 

7-

сыныптағы 



«

Математика

» 

пәні бойынша оқушының



 

жылдық бағасы 

«4».  


 

 

 



36 

 


 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оқыту  тек  білім  берудің  төңірегінде  ғана  болмайды,  ол  оқушының 

жеке  тұлға  ретінде  жан

-

жақты  дамуына  да  тікелей  қатысты  болады. 



Оқытудың  қаншалықты  табысты,  ойдағыдай  өтетіні,  сондай

-

ақ, 



оқушылардың  қандай  қиындықтарды  басынан  өткізетіндігі  туралы 

ақпаратты  мектептің  тиімді  бағалау  жүйесі  көрсетеді.  Сондықтан  

критериалды бағалау жүйесі қолданылады. 

 

Бағалау  барысында  қарапайым  субъективті  сандық  бағаларды 



тіркеуден  сапалы,  объективті  бағалауға  өту  жүзеге  асырылған.  Оқу 

нәтижелерін  бағалау  барысында  балдарды  қоюды  қарастыратын 

жиынтық  бағалау  мен  кері  байланыс  беруді  қамтитын  қалыптастырушы 

бағалау енгізілмек

Мұғалімдерге  көмек  ретінде  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 



қалыптастырушы  және  жиынтық

 

бағалау  үдерістерін  жоспарлау, 



ұйымдастыру  мақсатында  практикалық  ұсыныстар  берілген.  Атап 

айтқанда,  бағалауды  өткізудегі  қолданылатын  әр  түрлі  бағалау  түрлері 

(қалыптастырушы және жиынтық), олардың формалары (топтық, жұптық, 

жеке),  бағалау  критерийлерін  құрастыру,  кері  байланыс  беру,  баға  қою 

және тағы да басқаларын қамтитын мысалдар жиынтығы. 

 

Осылайша,  бағалаудың  құралдарын  енгізу  де  жоспарланған: 



критерийлер,  әр  түрлі  деңгейдегі  тапсырмалар,  дескрипторлар,  оқу 

жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. 

– 

бұл оқуда және бағалауда 



мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді. 

 

 



 

 

 



 

37 


 

 

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

Блум  Б.С.  (1956).  Классификация  учебных  целей.

 

Нью  Йорк: 



Лонгман.

 

Блум  Б.С.,  Кратволь  Д.  (1956).  Таксономия  целей  обучения.



 

Нью 


Йорк: Лонгман.

 

Блэк  П.,  Уильям  Д.  (2009).  Педагогические  исследования: 



формативное  оценивание.

 

Британский  научный  журнал  исследований 



№29. 

 

Вуд Д., Брунер, Дж. С., Росс, Г. (1976). Скаффолдинг, тьюторство 



и компьютерное сопровождение обучения

Журнал детской психологии 

и психиатрии, 17(2), 89

-100.   


Выготский  Л.С.  (1978).  Развитие  высших  психических  функций.

 

Москва: изд. АПН РСФСР.



 

Кембридж  университетінің  білім  беру  факультетімен  бірлесіп, 

Педагогикалық 

шеберлік 

орталығы 

құрастырған, 

Қазақстан 

Республикасындағы  педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру 

курсының деңгейлік бағдарламасының глоссарийі: оқу

-

әдістемелік құрал 



(2012). Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық 

шеберлік орталығы. 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 7 желтоқсандағы 



№1118  жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасындағы  білім 

беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. 

 

Зимняя  И.А.  (1973).  Психология  слушания  и  говорения.



 

Москва: 


Докторская диссертация. 

 

Логвина  И.,  Рождественская  Л.  Инструменты  формирующего 



оценивания  в  деятельности  учителя

-

предметника.

 

Пособие  для 



учителя. 

– 

Нарва, 2012. 



– 

48 с.


 

Оценивание  учебных  достижений  учащихся.

 

Методическое 



руководство/Сост.  Р.  Х.  Шакиров,  А.А.  Буркитова,  О.И.  Дудкина. 

– 

Б.: 



«Билим», 2012. 

– 

80 с.



 

ЭЫДҰ  (2014).  Ұлттық  білім  беру  саясатына  шолу.  Қазақстандағы 

орта білім беру.

 

Пинская  М.А.  Формирующее  оценивание:  оценивание



 

в  классе: 

Учебное пособие. 

– 

М.: Логос, 2010. 



– 

264 с.


 

Уигнис Г. и Тай Дж. (2011). Что такое «обратный дизайн»? 



 

 

 



 

38 


 

 

Уильям  Д.  (2008).  Изменяя  практику  в  классе.  Заметки  из 

исследований  Ширли  Кларка,  Дилана  Уильяма  и  Национальной 

стратегии. 

 

Уильям  Д.  и  Томсон  М.  (2007).  5  основных  стратегий  для 



формативного оценивания. 

 

Фишман  И.С.,  Голуб  Г.Б.  Формирующая  оценка  образовательных 



результатов  учащихся:  Методическое  пособие.

 



Самара: 

Издательство «Учебная литература», 2007. 

244 с.


 

Шамова  Т.И.  (2007).  Современные  средства  оценивания 



результатов  обучения  в  школе.

  - 


Москва:  Педагогическое  общество 

России




 

 

 

 

 



 

39 


 

 

ҚОСЫМШАЛАР 

 

1-

қосымша



 

 

Оқушылардың



 

оқу жетістігін бағалау туралы мұғалімнің рефлексияға 

 

қатысты сұрақтары 

 

Сабаққа дейін (жоспарлау)

 

• 

Менің  сабақ  жоспарым  оқу  мақсаттарынан,  нақты  күтілетін  нәтижелерден 



тұрады. 

 

• 



Мен оқушылардың

 

 



қабілеті мен қажеттіліктерін анықтай аламын, мұны қалай 

түсіндіруге болатыны туралы жоспарым бар.

 

Сабақта  

 

• 

Менің оқушыларым



 

сабақтың оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін біледі. 

 

• 

Мен  әуелі  оқушыларымның



 

осы  сабақтағы  тақырып  бойынша  білім,  дағды, 

түсіну деңгейлерін анықтаймын.

 

• 



Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді. 

 

• 



Әр оқушы

 

өзі орындайтын тапсырмалардың бағалау критерийлерін, одан не 



күтілетінін біледі. 

 

• 



Мен  оқушылардың

 

тапсырманы  орындау  бойынша  нәтижелерін  сабақ 



барысында, келесі сабақты жоспарлау кезінде пайдаланамын. 

 

• 



Мен  оқушылардың

 

өз  білімдеріне  жауапкершілікпен  қарауына,  бір



-

бірінен 


үйренуіне, нәтижелерін бағалай алуына мүмкіндік беремін.  

 

• 



Ашық  сұрақтар  оқушылардың

 

түсінгенін  үнемі  тексеріп  отыру  үшін 



қолданылады.  

 

• 



Оқушыларға

 

сұраққа жауап беру кезінде ойлануға уақыт беріледі. 



 

• 

Мен  білімін,  түсінгенін  тексеру  үшін  қалыптастырушы  бағалаудың  түрлі 



әдістерін қолданамын. 

 

• 



Мен  оқушылардың

 

ілгерілеуін  мониторингілеу  үшін  бағалау  нәтижелерін 



тіркеп отырамын. 

 

• 



Оқушылардың

 

өз жұмысын, өзінің ілгерілеуін бағалауға мүмкіндігі бар.



  

• 

Бағалау  нәтижелері  оқушылардың



 

оқудағы  олқылықтарын  анықтау  үшін 

қолданылады. 

 

• 



Мен өз оқушыларымның

 

жұмысына сындарлы



  (

конструктивті) кері байланыс  

беремін.  

 

Сабақтан соң



 

• 

Мен талдаймын:



 

оқу мақсатына жетті ме, жетсе қалай;  



не орындалды, нені орындау керек еді; 

не орындалмады;  



келесі жолы басқаша қалай жасауға болады; 

нені қайталау қажет;   



жоспарланған шарадан басқа оқушылар тағы нені үйренді; 

оқушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылды ма.   



 

 

 



 

40 


 

 

2-

қосымша



 

 

 



Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу 

 

 

Оқу  мақсаттарына  жету  деңгейін  анықтау  үшін  бағалау  критерийлері 



құрастырылады,  ол  Б.Блумның  таксономиясы  арқылы  оқу  мақсаттарына  сәйкес 

ойлау дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі. 

 

Блум  таксономиясын  1956  жылы  америкалық  психолог  Бенджамин  Блум 



когнитивтік  ортада  педагогикалық  оқу  мақсаттарын  болжайтын  алты  ойлау 

дағдылары:  білу,  түсіну,  қолдану,  талдау,  синтез,  бағалау  арқылы  топтастыруды 

ұсынды.

 

Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі 



болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың төңірегінде берілді

:  


 

білу және түсіну;



 

 



қолдану



 

жоғары деңгей дағдылары (анализ, синтез, бағалау). 

 

 

Бағаланатын дағдылар сипаттамасы 

 

 

Ойлау 

дағдыларының 

топтары

 

Сипаты 

 

Етістіктер 

 

Білу және түсіну

 

Нақты деректерді,



 

ақпараттар 

мен сипаттамаларды, есте 

сақтау немесе елестету, 

меңгерген материалды дұрыс 

жеткізу, болжау немесе 

ақпаратты жеткізу арқылы түсіну 

және түсіндірудегі баға 

қабілеттілігі

.  


атайды, назар аударады, есте 

сақтайды, талқылайды, анықтайды, 

айтады, жазады, қайталайды, 

көрсетеді, хабарлайды. 

 

 

Қолдану 



 

Бір мәселені нақты жаңа 

жағдайда шешу үшін меңгерген 

материалды қолданудағы

 

баға 


қабілеттілігі.

 

Білімді қолданудың 



таныстыру әдісі тәжірибелік

 

жұмыстар, эксперименттер, жоба 



жұмыстары, мәселені шешу және 

жаңа және/немесе түрлі 

нәтижелер жасау болып  

табылады.  

 

қолданады, санайды, өзгертеді



таңдайды, топтастырады, аяқтайды, 

қорытындылайды, таныстырады, 

табады, жасайды, ықпал етеді, 

зерттейді, эксперимент жүргізеді, 

түсіндіреді, сахналайды, 

түрлендіреді, сәйкестендіреді, 

жоспарлайды, көрсетеді, шешеді, 

пайдаланады, құрайды, іске 

асырады. 

 

Анализ, синтез



 

және бағалау

 

Баға қабілеттілігі



:  

ақпараттық материалдарды 



жеке бөліктерге бөлу,

 

дәлелді 



анықтау жолымен түрлі пікірлер 

алу үшін ақпараттарды немесе 

талдайды, бағалайды, 

топтастырады, есептейді,

 

қабылдайды, салыстырады



байланыстырады, қарсы қояды, 

сынайды, талқылайды, саралайды, 

 

 



 

41 


 

 

Ойлау 

дағдыларының 

топтары

 

Сипаты 

 

Етістіктер 

 

себебін, тұжырымын меңгеру, 

жалпы ережелер үшін дәлелдер 

табу


;  

жаңа мәнмәтінте бөліктерді 



(идея, элементтер) біріктіру, 

қиыстыру


мысалы хабарлама 

(

сөз сөйлеу, баяндама оқу



), 

әрекет жоспары, қажет мәліметті 

реттейтін кесте

;  


осы немесе басқа материалдың 

маңызын бағалау 

(

бекітілген 



көркем шығарма, зерттеу 

мәліметтері

).    

ажыратады, бөледі, зерттейді, 



эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, 

пікір білдіреді, сәйкестендіреді, 

тексереді. 

 

топтастырады, жинақтайды, қосады, 



үйлестіреді, құрайды, құрады, 

құрастырады, жалпылайды, 

біріктіреді, саралайды, 

ұйымдастырады, жоспарлайды, 

ұсынады, орнатады, біріктіреді, 

аргумент келтіреді, негіздейді, 

келіседі, салыстырады. 

 

дәлелдейді, таңдайды, 



салыстырады, қорытынды жасайды, 

сендіреді, негіздейді, түсіндіреді, 

өлшейді, болжайды, алдын алады, 

ұсынады, пікір білдіреді, саралайды, 

бөліп көрсетеді, қосады, қолдайды, 

тексереді, бағалайды, талдайды. 

 

 

Бағалау  критерийлерін  құрастыру  кезінде  мұғалім  әр  ойлау  дағдыларының 

деңгейін көрсететін етістіктерді қолдануына болады. 

 

 



 

 

42 



 

 

3-

қосымша



 

ҚБ нәтижесі бойынша бақылау парағы

 

 

Мұғалім: _________________________Кезең: ___________________________________           мақсатқа қол жеткізілді 

  

Сынып:  __________________________Бөлім атауы: ____________________________

           

мақсатқа қол жеткізілмеді

 

Сабақ саны:  ______________________Бөлімше: ___________________________________                

                 

 

*

Ескертпе



дөңгелектердің саны бір оқу мақсаты бойынша өткізілген сабақ санына сәйкес келеді

 

 



 

Оқушының

 

аты

-

жөні

 

Оқу мақсаттары 

 

Қосымша пікірлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 


 

 

 



 

 

2. 


 

 

 



 

 

3. 


 

 

 



 

 

4. 


 

 

 



 

 

5. 


 

 

 



 

 

6. 


 

 

 



 

 

7. 


 

 

 



 

 

8. 


 

 

 



 

 

9. 


 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

43 


 

 

4-

қосымша



 

 

«



Бекітілді» 

_________________________________ 

_________________________________  

 

Жиынтық бағалауды өткізу жоспары 

 

20_____ - 20______ 

оқу жылы

 

Пән

_____________________________                                                                                                           



Сынып

________________________ 

 

То

қсан 

 

То

қсанд

ағ

ы

 а

пт

ал

ар

 

саны

 

Жиынтық бағалау рәсімдерінің атауы 

 

(бөлім бойынша жиынтық 

бағалаудың тақырыптары)

 

апт

а 

 

Бағалауды өткізу формасы

 

Жиынтық бағалау 

рәсімдерін орындау 

ұзақтығы 

 

Мерзімі 

 

Ескерту 

 

құр

аст

ы

ру

 

эк

спер

ти

за

 

ти

раж

дау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



44 

 


 

 

5-



қосымша

 

 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың 



қорытындысы туралы ата

-

аналарға арналған  ақпарат 

(рубрикалар)

 

 

Оқушының

 

аты

-

жөні

 

_____________________  

_____________________ 

Пән

 

Сынып 

 

___________________________ 

___________________________ 

 

Тоқсан

 ____ 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 

«_______________________________» 

 

Бағалау критерийлері

 

Оқу жетістігі деңгейі

 

Төмен

 

Орта

 

Жоғары

 

(



бағалау 

критерийлерінің 

тұжырымдамасы

)  


 

 

(

бағалау критерийлері 



бойынша оқушылардың

 

оқу жетістігінің төмен 



деңгейінің сипаты

) 



 

 

(

бағалау 



критерийлері 

бойынша 


оқушылардың

 

оқу 



жетістігінің орта 

деңгейінің сипаты

) 

 

 

(

бағалау 



критерийлері 

бойынша 


оқушылардың

 

оқу 



жетістігінің жоғары 

деңгейінің сипаты

) 

(

бағалау 



критерийлерінің 

тұжырымдамасы

 

 

 

(

бағалау критерийлері 



бойынша оқушылардың

 

оқу жетістігінің төмен 



деңгейінің сипаты

) 



 

 

(

бағалау 



критерийлері 

бойынша 


оқушылардың

 

оқу 



жетістігінің орта 

деңгейінің сипаты

) 

 

 

(

бағалау 



критерийлері 

бойынша 


оқушылардың

 

оқу 



жетістігінің жоғары 

деңгейінің сипаты

) 

Мұғалімнің қосымша 

пікірлері

(

мұғалімнің пікірі



 

 



Мұғалімнің аты

-

жөні

: _________________________________ 

 

Қолы

:_______________ 

  

Күні



_____________ 

 

 



 

 

 



45 

 


 

6-

қосымша



 

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған 

нұсқау

 

Оқушылар


 

орындарына  жайғасып,  тоқсандық  жиынтық  бағалау  жұмысын 

орындауға дайын болған кезде мұғалім төмендегілерді орындауы қажет:

 



 

Тапсырманы оқушы

 

отырған партаның үстіне бетін төмен қаратып қояды, 



бетті аударып қарамауын өтінеді.  

 



 

Оқушыларға

 

бағалауды өткізу ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсіндіру 



жұмыстарын жүргізеді.  

 



 

Бағалауды  өткізу  кезінде  оқушылардың

 

бір


-

бірімен  сөйлесуіне,  көмек 

сұрауына, біреуге көмектесуіне болмайтыны туралы ескертіледі. 

  



 

Оқушылардың

 

тапсырманы  орындауға  қажетті  құралдарының бар  екеніне 



көз жеткізеді. 

 



 

Оқушылардан  тапсырма  парағының  бетін  аударып,  өзі  туралы  мәліметті 

толтыруын сұрайды: оқушының

 

тегі, аты және сыныбы



 

(мектебі). 

 



 



Алғашқы  беттегі  нұсқауды  дауыстап  оқып,  жұмысты  орындауға  берілген 

уақытты  хабарлайды.  Бағалау  жүргізіліп  жатқан  кезде  оқушылардың

 

бір


-

бірімен 


сөйлеспеу керектігін ескертеді. 

 



 

Оқушылардың

 

нұсқауды  түсінгеніне  көз  жеткізеді,  сұрақ  туындаған 



жағдайда жиынтық бағалау жұмысы басталмас бұрын жауап береді. 

 



 

Тақтаға басталу және аяқталу уақытын жазады, оқушылар

 

хабардар болу 



үшін қосымша дауыстап айтады. 

  



 

Бағалау  жүріп  жатқан  кезде  оқушылардың

 

жұмысты  өз  бетінше  орындап 



жатқанына көз жеткізеді. Олар бірі

-

бірімен сөйлеспеуі қажет, бір



-

бірінен көшіруіне 

болмайды.  

 



 

Оқушылардың

 

тапсырманы  орындау  кезінде  көмек  болатын  қосымша 



құралдарды  қолданбағанына  көз  жеткізеді,  мысалы,  сөздіктер  немесе 

калькуляторлар  (егер  аталған  заттар  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың

 

спецификациясында қарастырылмаған болса). 



 

 



Оқушыларға

 

«Математика»,  «Жаратылыстану»  сияқты  пәндерден  шешу 



жолдарын көрсетіп, содан соң ғана жауап жазу бағанына тек нақты жауапты жазу 

қажеттігін түсіндіреді. 

 



 



Бағалау  өтіп  жатқан  кезде  мұғалім  нұсқауға  немесе  жұмысты  орындау 

уақытына  қатысты  сұрақтарға  жауап  береді.  Мұғалім  оқушылардың

 

жазуына, 



сұрақты өзгертіп айтуға көмектесуіне немесе ақпарат беруіне болмайды. 

 

 



 

Оқушылардың



 

келген,  келмегенін  белгілеп  алу  қажет.  Оқушылардың

 

жас 


ерекшелігіне  қарай  анықталған  уақыт  аралығы,  яғни  жұмысты  орындауға  неше 

уақыт қалғаны туралы ақпарат беру маңызды. 

 

Бағалау  жұмысын  аяқтауға  5 



минут қалғанын оқушыларға

 

әрқашан ескертіп отыру қажет.   



 

Егер  кейбір  оқушылар



 

жиынтық  бағалау  жұмысын  белгіленген  уақыттан 

бұрын  орындайтын  болса,  өз  жауаптарын  қайта  қарап  шығуын  өтінеді.  Жиынтық 

бағалау  жұмысын  орындау  уақыты  аяқталған  соң  оқушылардан  жұмысты 

орындауды  тоқтатуын  және  қалам/қарындаштарын  үстел  үстіне  қоюын  өтінеді

Барлық  жұмыс  жиналып  біткенше  оқушылардың



 

бір


-

бірімен  сөйлеспеуі  және 

тыныш отыруы өте маңызды. 

 

 



 

 

 



46 

 

Document Outline

  • КІРІСПЕ
  • 1. ЖЕТІЛДІРІЛГЕН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ
  • 2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
  • 3. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
  • 4. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
  • 5. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
    • 5.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі
      • 5.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
      • 5.1.2 Кері байланыс беру
      • 5.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы
    • 5.2 Жиынтық бағалау үдерісі
      • 5.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
      • 5.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
      • 5.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы
      • 5.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі
      • 5.2.2.1 Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
      • 5.2.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы
  • 6. ОҚУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ
  • 7. НӘТИЖЕЛЕРДІ ТІРКЕУ
  • 8. БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ
    • 8.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою
    • 8.2 Тоқсандық баға қою
    • 8.3 Жылдық баға қою
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  • ҚОСЫМШАЛАР


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет