А с т а н а, 2016
Назарбаев Зияткерлік мектептері
мұғалімдеріне арналған критериалды
бағалау бойынша нұсқаулық
Жетілдірілген критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру аясында
Назарбаев Зияткерлік мектептері
Дербес білім беру ұйымы
Педагогикалық өлшеулер орталығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
1
ЖЕТІЛДІРІЛГЕН
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ
5
2 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
5
3
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
7
4. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
7
5 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
10
5.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі
11
5.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
11
5.1.2 Кері байланыс беру
15
5.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы
18
5.2 Жиынтық бағалау үдерісі
20
5.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
20
5.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау
және ұйымдастыру
21
5.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің
талдауы
25
5.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі
27
5.2.2.1 Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
27
5.2.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы
29
5.2.2.3 Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау
30
6
ОҚУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ
31
7 НӘТИЖЕЛЕРДІ ТІРКЕУ
32
8 БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ
33
8.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою
33
8.2 Тоқсандық баға қою
34
8.3 Жылдық баға қою
36
ҚОРЫТЫНДЫ
37
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
38
ҚОСЫМШАЛАР
40
2
АННОТАЦИЯ
Нұсқаулықта критериалды бағалау жүйесінің терминдері мен
анықтамалары, қағидалары берілген. Оқушылардың оқу жетістіктерін,
қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерісін жоспарлау
,
ұйымдастыру кезінде мұғалімге көмек болатындай, тәжірибелік
ұсыныстар мен тоқсандық, жылдық баға қою механизмдері
көрсетілген
.
Аталған
нұсқаулық
Назарбаев
Зияткерлік
мектептерінің
мұғалімдеріне арналған
.
Оқыту және бағалау бойынша нұсқаулықтар сыныптар мен
пәндерге қатысты оқу бағдарламасында, оқу жоспарында,
критериалды бағалау ережесінде және
жиынтық бағалау бойынша
әдістемелік ұсыныстарда қосымша берілген.
3
КІРІСПЕ
Критериалды
бағалау
жүйесі
Зияткерлік
мектептері
оқушыларының оқу жетістігін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудің
негізін анықтайды.
Бұл бағалау рәсімдерінің
сапалылығын, олардың
халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр оқушының
оқудағы
қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының
дамуын, оның
қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға
бағытталады.
Егер әр оқушыға
және оның ата
-
анасына түсінікті болатындай нақты
әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге
әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің
көмегімен мұғалім де, оқушы
да:
•
Оқушы
оқытудың қай сатысында?
•
Олар білім алуда неге талпынады?
•
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?
екенін түсінеді.
Критериалды
бағалау
жүйесінің
мақсаты
бағалау
критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы
шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық
қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері
:
1.
Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын
кеңейту
;
2.
Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың
өзін
-
өзі
үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау
;
3.
Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын
,
механизмдерін қалыптастыруға көмектесу
;
4.
Қолжетімді, нақты, үздіксіз
:
-
оқушыларға
олардың оқу сапасы туралы
;
-
мұғалімдерге оқушылардың
ілгерілеуі туралы
;
-
ата
-
аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
-
басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы
туралы
ақпараттар ұсыну.
4
1.
ЖЕТІЛДІРІЛГЕН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ
Жетілдірілген критериалды бағалау жүйесін енгізу кестеге сәйкес
жүзеге асады (1
-
кесте).
1-
кесте. Критериалды бағалау жүйесін жаңарту кестесі
Оқу жылы
Сыныптар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
2016-2017
2017-2018
2018-2019
Енгізудің әр
кезеңінен
кейін
құқықтық
актілерге
өзгерістер
мен
толықтырулар
енгізіледі
,
критериалды
бағалау
жүйесін
енгізу
бойынша
әдістемелік
ұсыныстар
жетілдіріледі
.
2.
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Құжатта төмендегідей терминдер қолданылады
:
Бағалау критерийі
–
оқушының
оқу жетістіктерін бағалауға негіз
болатын белгі.
Балл қою кестесі
–
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына
балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер
қолданатын кесте
.
Дескриптор
–
тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті
көрсететін сипаттама.
Жиынтық бағалау
–
оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ
тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, білім
беру деңгейі) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Жиынтық жұмыс
–
оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша
оқушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған оқушылар
жұмысы.
Критериалды бағалау
–
белгіленген критерийлер негізінде
оқушылардың
нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі
.
Критериалды бағалау бойынша электрондық
журнал
–
жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін
тіркейтін
және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды
автоматты
түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат
.
Қалыптастырушы бағалау
–
оқұды
дер кезінде түзетуге
мүмкіндік беретін, оқушымен мұғалім арасындағы кері байланысты
5
қамтамасыз етіп, оқу үдерісі барысында
жүргізілетін бағалаудың түрі
.
Модерация
–
бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету
үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық
бағалау бойынша оқушылардың
жұмыстарын талқылап қарастыратын
үдеріс
.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
–
әрбір деңгейі ойлау
дағдыларын
анықтауды
қалыптастыруға
бағытталған
оқу
мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі
.
Оқу
бағдарламасының ортақ тақырыбы
–
нақты пән бойынша
оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін
біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ
компонент.
Оқу мақсаттары
–
оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу
курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты
күтілетін нәтижелерді
қалыптастыратын тұжырым
.
Оқушы
портфолиосы
–
пән бойынша оқу жылына оқушының
оқу
жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл
.
Оқушының оқу жетістігі деңгейі
–
бағалау критерийлеріне
сәйкес оқушылардың
оқу жетістігін дамыту деңгейі
.
Оқытудың күтілетін нәтижелері
–
оқушының
оқу үдерісі
аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын
айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы
.
Рефлексия
–
қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне
талдау жасауға, өзін
-
өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі
.
Рубрика
–
бағалау критерийлеріне сәйкес оқушылардың
оқу
жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі
.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
–
тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға
және оны өткізуге қойылатын талаптар
.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар
–
оқушының
қабілетін есепке ала
отырып,
дифференциациялық
оқытуды
ұйымдастыру
үшін
қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар
.
6
3.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
(
ПРИНЦИПТЕРІ
)
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға
(
принциптерге
)
сәйкес жүзеге асырылады:
•
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы.
Бағалау оқытудың
ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы
мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
•
Шынайылық, сенімділік
және валидтілік
.
Бағалау
дәл және
сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің,
құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді
бағалайтынына сенімділігі болады.
•
Ашықтық және қолжетімділік
.
Бағалау түсінікті, айқын
ақпараттарды
ұсынады,
сондай
-
ақ,
барлық
оқу
үдерісіне
қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
•
Үздіксіздік
.
Бағалау оқушылардың
оқу жетістігінің ілгерілеуін
дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз
үдеріс болып табылады.
•
Дамуға бағыттау
.
Бағалау нәтижелері оқушылардың
,
мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын
анықтайды және ынталандырады.
4.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен,
үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады. (
1-
сурет
).
1-
сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
.
7
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
төмендегідей
нұсқаулық
-
әдістемелік
және құқықтық
құжаттар арқылы реттеледі
:
•
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы
;
•
Оқу бағдарламасы
;
•
Оқу жоспары
;
•
Оқушылардың
оқу жетістігін критериалды бағалау ережесі
;
•
Мұғалімдерге арналған критериалды бағалау бойынша
нұсқаулық
;
•
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кіріктірілген білім беру
бағдарламасы білім беру мақсаттары мен құндылықтардың ұзақ
мерзімді сипатын, оқытудың күтілетін оқу нәтижелерін, білім беру
деңгейіне қатысты орта білім беру мазмұнының құрылымы мен
құрамын, Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім беру үдерісін
ұйымдастырудың талаптарын белгілейді.
Оқу бағдарламасы
Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын
белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді
қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны
туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім,
бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.
Оқу жоспары
Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұнын пәндер
бойынша оқытудың
ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген.
Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс
-
шаралар түрлерін
оқушылардың
оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу
мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады.
Мұғалім мен оқушылардың
сабақта нәтижеге
қол жеткізуі үшін оқу
мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ
түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі
әдістермен тәсілдерді
қолданады.
Оқушылардың
оқу жетістігін критериалды бағалау ережесі
Критериалды бағалау ережесінде оқушылардың
оқу жетістіктерін
бағалауды ұйымдастыру
,
өткізу тәртібі анықталады. Құжат
8
төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі
:
• қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру
,
өткізу
рәсімдері
;
• тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу рәсімдері
;
• тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері
;
•
оқушылардың
портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар
.
Мұғалімдерге арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Критериалды бағалауға арналған нұсқаулық оқушылардың
оқу
жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс
-
әрекетіне өзгерістер
енгізудің теориялық және тәжірибелік
негізін
анықтайды. Берілген
ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға
сәйкестігін, әр оқушының
оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және
тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру
,
өткізу жолдары
көрсетілген. Құжатта төмендегідей ақпараттар берілген:
•
бөлім/ортақ
тақырыптар
бойынша
жиынтық
бағалау
тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар;
•
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балмен,
дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері
;
ортақ тақырып
бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата
-
аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрикалар
;
•
тапсырмаларды құрастыру, рәсімдерді
өткізу бойынша
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы;
•
тоқсандық жиынтық бағалаудың
балл қою кестесімен бірге
тапсырмалар үлгілері.
9
5.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті
жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы
және жиынтық бағалау (2
-
сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, білім
беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
2-
сурет
.
Критериалды бағалаудың құрылымы
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән
мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау
оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі
болып табылады, оқу үдерісі
барысында мұғалім тарапынан жүйелі
өткізіліп отырады.
Қалыптастырушы бағалауда баға, балл
қойылмайды, мұғалім мен оқушы
арасында
үздіксіз кері байланыс
қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылардың
қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл оқушылардың
мүмкіндігін
анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне
көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау
оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша балл,
баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі
(тоқсан, оқу жылы, білім беру деңгейі) аяқталғанда мұғалімдерге,
оқушылар
мен ата
-
аналарға оқушының ілгерілеуі туралы ақпаратты
ұсыну үшін өткізіледі
.
Бұл белгілі бір
кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру
деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер
оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1
-
қосымша), өзінің оқыту
Достарыңызбен бөлісу: |