Ақ Сарбаз Әлемі. indd


ЖЕРҰЙЫҚТАҒЫ ӨМІРДІҢ БІР КҮНІ



Pdf көрінісі
бет64/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   109
ЖЕРҰЙЫҚТАҒЫ ӨМІРДІҢ БІР КҮНІ
(Қысқаметражды фильм сценариі. Сахналық қойылым 
қылуға да болады)
Қатысушылар: 
1) Бірінші жігіт
2) Екінші жігіт (даушылар)
3) Ақсақал – би, төрелік айтушы
4) Бала – ақсақалдың шәкірті
5) Ақсақалдың кемпірі, келіні т.б.
Көктемгі уақыт. Жерұйық. Киіз үй ішінде Ақсақал ойланып 
отыр. Қасында рухани жолдағы шәкірті.
Бала:
– Ата, неге елеңдеп отырсыз?
Қарт:
– Арқам мұздап, алаң қылатын бір жайсыз нәрсе болып 
қала ма деп қобалжып отырмын, шырағым.
Осы кезде үйге «Армысыз, ата!» деп екі жігіт кіріп келеді. 
Өңдері қату.
Ақсақал:
– Бар бол, балам, жоғары шығыңдар. Бері таман көрпеге 
отырыңдар. Әй, анасы, балдарыма қымыз бер.
(Жігіттер төрге шықпай, қарттың алдына таман қатарласа 
жүгініп отырады. Мал-жанның амандығын сұрасып, қымыз 
ауыз тиеді.
Қария үнсіз, алтыншы қасиет көзімен алдағы оқиғаны көріп 
отырғандай көздерін жоғарылата ойға шомған.)
Ақсақал:
– Иә, балдар, «Жаман адам келісіп отырып керіседі
Жақсы адам керісіп отырып келіседі» деген, бұл келістерің 
жай келіс пе, әлде қай келіс?
Бірінші жігіт:
– Ақсақал, мазаңызды алғаныма кешірім сұраймын. 
Алдыңызға дауласып келіп отырмыз.


205
Екінші жігіт:
– Өзіңіз әділ төрелігін айтар деп сенемін, ата.
Ақсақал:
– Біреудің малы күйеді, біреудің ары күйеді. Сендер қандай 
даумен келдіңдер?
Бірінші жігіт:
– Дәп бастыңыз. Екеуі де бар, ата.
Ақсақал:
– Алдымен сен сөйле!
Бірінші жігіт:
– Бұл жігіт менің қазіргі мініп жүрген сұркөжегімді құлын 
күнінде маған өз қолымен тарту қылып еді. Өзім баптап 
жүйрік қылып шығарып едім. Енді міне атымның маған абырой 
әпергеніне іші күйіп: «тұлпар түбін табады» деген ғой, әуелде 
білмей қалыппын, өзіме қайтарып бер – дейді.
Ақсақал: (екінші жігітке)
– Ал, енді сені тыңдайық?
Екінші жігіт:
– Бұл ең алдымен менің намысымды қорлады. «Ол ат танушы 
ма еді! Жүйріктің қадірін білуші ма еді, оқсата алмайтын болған 
соң маған берді. Қойторыдан басқаға тақымы үйренбеген» – 
деп сыртымнан мазақ қылыпты. Осының рас па? Мынауың 
не? – деп сұрағанымда, «Құдайдың маған берген бақытын 
қызғанасың ба?» – дейді. Құдай о баста ол жүйрікті маған 
беріп еді ғой? Бұл ақымақ қалай түсінбейді?
Бірінші жігіт:
– Сұркөжекті қалай баптайтынымды елдің бәрі біледі. 
Қыздай сылап-сипап, балаша мәпелеген менің еңбегімді желге 
ұшырып, бұл дүлей оп-оңай дайын тұлпарды иеленіп алмақ 
қой. Ондай оңбағандыққа қалай дәті барады?!
Ақсақал: (қолына шүберекке түюлі топырақты алады)
– Тоқтат! Ат – жүйрік болмайды ақылдан,
Мал – артық болмайды жақыннан!
Сендер бір-біріңе жақынсыңдар! Өйткені адамсыңдар. 
Сендерге Жерұйық сыйлаған Ақ Сарбаздың киесінен 
қорықпайсыңдар ма?! Жасыл Жұлдыздың астында жандарың 
шаттанып, жүйрік мініп жүргендерің кімнің арқасы? Құдай 
берген құт-мекен – Жерұйықтың қасиетті ауасын былғап жаман 
сезім тудыруға, кеңістікке керексіз қоқыс ойлар шығаруға 
Сценарийлер


206
Ақ Сарбаз Әлемі
қалай дәттерің барды? Кім рұқсат берді, а?!
Қасіретті қара Жердің мына бір уыс топырағын қолыма 
ұстап отырып, қасиетті Жерұйықтың төсіне жамбасымды 
тигізіп отырып билік айтамын: (Екінші жігітке қарап:)
– «Ауызға келген түкірік, қайтып жұту – мәкүрік» Бергенді 
қайтып алу Ғарыш Заңында жоқ. Сенің жүйрік атқа деген 
құштар көңіліңді мен бағалаймын. Ел алдында жарқырап бой 
көрсетіп жүруің үшін саған өзімнің Бәйгіторымды мінгіземін.
– Ал енді сен... (Бірінші жігітке бұрылады)
Бірінші жігіт: (сөзін бөліп)
– Ақсақал, ғапу етіңіз, сөзіңіз еттен өтіп, сүйекке жетті. 
Екеумізден де білместік кетіпті. «Мал үшін таласпа, ар үшін 
талас» дейді ғой. Жүйрік міну – мақсат емес, Құдайға қызмет 
ету – мақсат. Мен өзімдегі «Сұркөжекті» сізге тарту етемін. Әрі 
айыбым, әрі райдан қайтқаным болсын. Сіз мініңіз.
Ақсақал:
– «Өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін» өкпелесіп 
өмірдің ажарын кірлетпегендерің дұрыс, балдарым. Менің 
шешімім мынау: Қыстап болып дәл ертең көшуді бастауды 
ұйғардым. Бүгін маған атаған атыңды соясың. Аруақтарға 
бағыштап ас беріп, етін елге таратасың. Ертең жүктерді буып-
түйіп жұртта қалар орынды тегістеп, табиғи ортаға лайықты 
күйге келтіруді екеуіңе тапсырамын.
Екінші жігіт:
– Ақсақал, кешіріңіз. Сіздің Бәйгіторыңызды міне алмаймын. 
Мен сізден сыйлық алудан бас тартамын. Менен білместік 
болыпты. Кешіріңіз. Ұят болды.
Ақсақал:
– Менің тапсырмам түсінікті ғой. Ал, енді ертең бір-біріңнің 
бетіңе қалай қарайсыңдар?
Екі жігіт:
– Татуласамыз. (Бір-бірімен қол алысып, шығып кетеді. 
Ақсақал ойланып отыр)
Бала:
– Ата, сізден сұрайын деп едім. Анау сіз ұстаған шүберекке 
түюлі топырақтың мына біздің Жерұйықтың топырағынан 
қандай айырмашылығы бар?
Ақсақал:
– Ол ұзақ әңгіме ғой, балам. Бұл қара Жердің топырағында 


207
қазақ халқының барлық қасіретті өткен тарихы бар. 
Бабаларыңның қаны мен тері сіңген топырақ – бұл. Ал, мынау 
Жерұйықтың топырағы – біздің болашақ бақытты өміріміздің 
тұғыры. Бақытқа мастанып кетпес үшін бұрынғы қиындықты 
ұмытпау керек, балам.
Бала:
– Ата, бағана анау жігіттің атын неге союға бұйырдыңыз? 
Жүйрік атқа обал емес пе?
Ақсақал:
– Біріншіден шатақтың себебін бұл дүниеде қалдыруға 
болмайды. Екіншіден, өлім деген жоқ. Аруаққа арнап 
сойылғаннан кейін ол ат астрал дүниесіндегі біздің 
бауырларымыздың бірінің сүйікті аты болады.
Бала:
– Ал, неге Сұркөжекті өзіңіз мінбедіңіз?
Ақсақал:
– Иерархиялық тұғырда тұрып елге ықпал жасау үшін тек 
қана беруші болу керек. Екі даугердің ортасынан олжа алатын 
мені кім деп едің? «Бүлінгеннен бүлінші алма» демей ме қазақ.
Бала:
– Ата, бағана сіз ана жігітке өзіңіздің Бәйгіторыңызды беріп 
жатқанда шошып кетіп едім, алып кете ме деп, әйтеуір алған 
жоқ. Сіз оның алмайтынын білдіңіз бе?
Ақсақал:
– Мен қалай дегенімді білемісің? «Ел алдында бой көрсетіп 
жүруің үшін» дедім ғой. Ойың сұлу болмаса, бойың сұлу 
болғаннан не пайда? Бұл бір жағынан жігіттің тереңдігін сынау 
еді. Егер ол менің атымды мініп елдің алдына барар болса, кім 
көрінген сұрамай ма: Би-ата бұл атын саған не үшін берді? – 
деп. Сыйлықты ерлігімен емес кемдігімен алу намысы бар жігіт 
үшін – өлім. Мен осыны ескердім. Ол жігіттердің бірі ұсынылған 
сыйлықтан бас тартып, екіншісі жақсы көрген жүйрігін өз 
қолымен сойып тастағанда бұл дүниедегі ең басты нәрсенің 
не екенін түсіне бастайтын шығар деп ойлаймын, балам.
Бала:
– Ата, осы біз жыл сайын көше береміз-көше береміз. 
Батысқа қарай жылжып келеміз. Болып кеткен жерімізге бір 
рет те қайта қыстаған емеспіз. Сонда біз қайда барамыз?
Ақсақал:
Сценарийлер


208
Ақ Сарбаз Әлемі
– Біз ағын су сияқтымыз ғой. Жанды су жалпақ мұхитқа 
жеткенше қозғала бермей ме? Біз де Жетінші Сатыға жеткенше 
қозғала береміз.
Бала:
– Жетінші Саты деген не?
Ақсақал:
– Ол деген ниеті, тілегі бір, жаны оянған, бойындағы барлық 
жеті қасиет көзі ашылған Адамзат Қауымы, шырағым.
Бала:
– Жеті қасиеті ашылған адам қандай болады?
Ақсақал:
– Жеті қасиеті ашылған адам мынау Жиһанның барлық 
құдіретін бойына жинаған Тәңіртектес қасиетті жанға 
айналады, балам.
Бала:
– Сіз ондай адамды көрдіңіз бе?
Ақсақал:
– Әрине, мен көрдім. Ондай Адам біздің ортамызда болды. 
Бізді құт-мекенге көшіріп, қасиетті көшті бастап берген кім 
екенін білесің бе?
Бала:
– Білем! Ол Ақ Сарбаз ата ғой! Сонда, Ақ Сарбаз – барлық 
7 қасиет көзі оянған адам болған ба?
Ақсақал:
– Дұрыс айтасың, балам. Ақ Сарбаз – қара Жердің қасиетті 
құрсағын жарып шыққан, ғасырлар бойы толғатып дүниеге 
келтірген Батыры. Ол тек Жердің емес, күллі Жиһанның 
мақтанышы. Ғарыштың Гауһары. Бәріміздің дамып, көшіміздің 
алға өрлеп бара жатқаны – соның арқасы.
Бала:
– Ата, сонда Ақ Сарбаз қазір қайда?
Ақсақал:
– Ақ Сарбаз қазір Құдайдың қасында, Ұлы Жандар 
дүниесінде.
Бала:
– Ол сонда дем алып жатыр ма?
Ақсақал:
– Ол Батыр ғой. Батыр ешуақытта шаршап-қажу дегенді 
білмейді, балам. Елі қиындықта жүргенде батырға демалыс 


209
жоқ. Ақ Сарбаз біздің әрбір ойымыз бен сезімімізді көріп-
бағыттап отыр.
Бала:
– Ол енді Ұлы Жандар дүниесінде өмір сүреді ғой иә, бізге 
келмей ме?
Ақсақал:
– Құдайдың шуағы мен мейірімін бізге көрсетіп, білім сыйлау 
үшін, біздің жүгімізді жеңілдету үшін Ақ Сарбаз өз еркімен 
біздің ортамызда дүниеге келетін болады. Біз өзіміздің Иемізді 
күтіп жүрміз ғой, шырағым.
Елді азғындыққа жібермей, Құдайға алып бару тек Ақ 
Сарбаздың ғана қолынан келеді, балам.
Бала:
– Ата, сіз осының бәрін қайдан білесіз?
Ақсақал:
– Қасиетті Кітаптан білемін.
– Әй, әжесі, сандықтағы қасиетті кітапты алып берші
балама көрсетейін.
(Сандықтан киізбен, былғарымен қапталған «Ақ Сарбаз – 
Тәңір Жауынгері» кітабын алып береді)
Ақсақал:
– Міне, балам, бұл қасиетті кітапты бізге Ақ Сарбаздың 
Өзі жазып қалдырған. Бұл – біздің Қазақтың қасиетті кітабы. 
Барлық қасиетті кітаптардың Кілті. Құдайтану кітабы. Бұның 
бағасы мынау Жиһанның бағасымен бірдей.
Бала:
– Бұл кітапта не жазылған?
Ақсақал:
– Бұл кітапта Ұлы Ғарыш Заңдары жазылған. Адамзаттың 
мақсат-мүддесі жазылған. Біздің жолымыз жазылған. Осыны 
ұмытпа, балам.
Ақ Сарбаздың барлық өмірлеріндегі азабы мен құрбандығы 
арқасында жеткен Білім бұл. Өзің осы кітапты қастерле. 
Өзіңнен кейінгіге үйрет, балам...
Соңы.
28.10.1999 жыл
Сценарийлер


210
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет