Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет62/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АЙНАЛАЙЫН
Жерұйығым – өлеңім
Біз баратын мекен ғой.
«Айналайын!» дегенім – 
Ғарыш Жолы екен ғой!
Жүрген ізім – ол менің
Түбі Нұрға жетем ғой.
Қошқар мүйіз өрнегім –
Ғарыш Жолы екен ғой!
Жасалса да мың айла,
Қалмай ешбір байланып
Қазақ түбі Құдайға
Қайтып келер айналып!
* * *


185
ҒАРЫШ ЗАҢДАРЫ
ЭВОЛЮЦИЯ – көркею
Өсіп-өну, үлкею.
КАРМА – Ғарыш желісі
Әрбір істің жемісі
ИЕРАРХИЯ заңы бар –
Кіші үлкенге бағынар
ҚҰБЫЛУ деген бұл Заңым – 
Жерде қайта туғаның!
ҰҚСАСТЫҚ Заңын таныңыз –
Ұқсас біздің жанымыз
ЕРІКТІЛІК дегенім –
Өз еркіммен келемін
ҚҰРБАНДЫҚ Заңын ұстанып –
Мен түнекті жеңемін!
* * *
Өлеңдер


186
Ақ Сарбаз Әлемі
ИЕРАРХИЯ
Жеті түрлі пішінде,
Жасалса өмір порымы.
Иерахия ішінде,
Бәрінің бар орыны.
Бірінші өмір деңгейі – 
Топырағы даламның.
Жерім менің кеңпейіл –
Дәл өзіндей бабамның.
Екінші өмір сатысы – 
Шөп пен егін жайқалған.
Еңбегіңнің ақысы,
Жомарт далам қайтарған.
Өсімдіктен жоғары –
Хайуанаттар Әлемі.
Қызыметі бағалы –
Мал артық қой себебі.
Одан биік өмірде,
Мен тұрамын адам боп.
Әсер алып көңілге,
Барлығына алаң боп.
Менен биік сүретін,
Одан жақын маған кім?
Желеп-жебеп жүретін –
Әруағы бабамның
Шыдап барлық күйікке,
Деп айтпаймын жалғызбын.
Әруақтан да биікте – 
Періштеміз бар біздің!


187
Махаббатпен лайым
Адам өсіп-өнеді.
Ең биікте Құдайым –
Бізге шуақ төгеді!
* * *
ДОМБЫРА
Ата-бабам атақты
Өрлеп өнер өріне.
Домбыраны жасапты
Ұқсас қылып өзіне.
Қуат кірер көктегі
Адамда бар қос арна
Домбыраның қос шегі
Соған ұқсас жасалған.
Қос ішекпен байланып
Кіндік, құлақ, көп перне
Сазды әуенге айналып
Күмбірлейді шерткенде
Кірбің кетіп ойдағы
Билеп алып еркіңді
Оятады бойдағы – 
Жеті түрлі центрді.
Таппасам да мен тыным
Күймен демеп көңілді.
Ашылғанда центрім –
Өзгертемін өмірді!
Өлеңдер


188
Ақ Сарбаз Әлемі
САНАМАҚ
Біреу – бұрау, бұралу
Топырақ боп құралу.
Екеу – деген егілу
Дән боп жерге себілу
Үшеу деген – ұшу ғой
Ақ қанатты құсым ғой
Төртеу деген – төр болар
Жол ортасы сол болар
Бес дегенде Ес кірер
Ақыл сөзі естілер
Алтау деген – алды ғой
Жетуге аз ақ қалды ғой!
Жетеу деген – жеткенім
Ғарыш Жолын өткенім!
* * *


189
ҚЫЗМЕТ ЕТЕМ ҒАРЫШҚА
Көш ілесер соңына,
Ақ Сарбазға сенемін.
Ата-бабам жолына,
Қайта айналып келемін!
Адал жолмен жүрем мен.
Арамдықтан жиренем.
Мейірімді мінез бен,
Ізгілікке үйренем.
Он сегіз мың Ғаламның,
Сырын зерттеп жанымнан.
Қасиетін бабамның,
Оятамын қанымнан.
Бір Тәңірге бас ұрып,
Кір жұқтырмай намысқа.
Қасиет көзім ашылып –
Қызмет етем Ғарышқа.
Атқан кезде нұр таңым,
Үлгі болып бар елге,
Шын қазақтың ұрпағын,
Танытамын Әлемге!
Өлеңдер


190
Ақ Сарбаз Әлемі
МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫМЫН
Ата жолын қуған соң
Атқа шабу – тілегім 
Қазақ болып туған соң
Қазанатқа мінемін
Мен кетпеймін жоғалып
Ғарыш заңын білемін
Табиғатқа оралып
Көшпенді өмір сүремін. 
Аумай ата салтынан 
Өмір көріп, жер көріп
Ақ Сарбаздың артынан
Ілесемін ел болып.
Алып болам әлі мен
Атпен жүр деп түңілме
Мерседестің бәрінен 
Мен озамын түбінде!
* * *


191
КЕШ СЦЕНАРИЙІ, САХНАЛЫҚ ҚОЙ-
ЫЛЫМДАР МЕН ОЙЫН
Талақ еттім, тәубесі жоқ топырды
Жаным азат, Жаңа Жерге аттанам.
Жүректегі Құдай жаққан отымды,
Сөндіре алмас, қара түнек қаптаған!
Жерұйыққа арналады өлеңім 
Қауымдасып Кеңістікке бет түздік.
О, Дүние! Өзің қандай кең едің –
Алдымда да, соңымда да ШЕКСІЗДІК!
Сценарийлер


192
Ақ Сарбаз Әлемі
ЖАҢА ҒАСЫР – ЖЕРҰЙЫҒЫМ ОЛ МЕНІҢ
(БҚО, Ақжайық ауданы, М.Өтемісов атындағы орталау 
мектебінде өткізілген концерттік сабақ кеші.
Сценарий авторы: Жәнібек Әбілпеисов (үйірме жетекшісі)
Кешті жүргізген: Тілекші Сейтбаева (Қазақ тілі пәні мұғалімі)
Музыкамен сүйемелдеген: Амангелді Жанаисов (мектеп 
директоры)
Оператор: өзім.)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Адамзат тарихында айтулы құбылыс болып өтті. Жер 
планетасы Эволюцияның алтыншы сатысына шықты.
Енді есік ашып жатырған жаңа XXI-інші ғасырда жұрт 
Жерұйықты көретін болады, Ақ Сарбазды білетін болады, 
Ғарыш Заңымен өмір сүретін болады.
Ғарыш алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, адами 
болмысымыздың ақ-қарасын айырып, санамен серпілетін 
уақыт жетті.
Жаңа ғасырдың Эволюциялық мақсаты – адамзатты 
ақылдың тығырығынан алып шығып, машинасыз өркениет 
орнату.
Яғни, мейірбандық жолмен дамып, көшпелі өмір салтын 
ұстанып, табиғатқа – жанды бөлшегі ретінде қайтып оралу.
Келер ғасырдың жүгін көтеріп, Жаңа құрлықтың жұрты 
болу үшін біз – Ақ Сарбаз жазған: Ғарыш туралы, Ғарыштың 
заңдары туралы, адамзаттың Эволюциялық мақсаты туралы 
Жаңа Білімді басшылыққа алатын боламыз.
Осы орайда Атамекен ауылының орталау мектебінің «Асыл 
мұра» үйірмесі әзірлеген «Жаңа Ғасыр – Жерұйығым ол менің» 
атты концерттік сабақ кешін көруге шақырамыз.
1. Ән «Елім менің» (Бақтыгүл)


193
Жүргізуші: Ақ сарбаз кітабында бүкіл Жиһан Ғарыштың 
негізгі 7-заңына сүйеніп дамитыны айтылады. Ғарыштың 
7-заңы бар.
ЭВОЛЮЦИЯ – көркею (Шынар:)
Өсіп-өну, үлкею.
КАРМА – Ғарыш желісі (Айнагүл:)
Әрбір істің жемісі.
ИЕРАРХИЯ – Заңы бар (Ғалия:)
Кіші үлкенге бағынар.
ҚҰБЫЛУ деген бұл Заңым – (Гүлсезім:)
Жерде қайта туғаның!
ҰҚСАСТЫҚ Заңын таныңыз – (Жанна:)
Ұқсас біздің жанымыз
ЕРІКТІЛІК білеміз – (Бақтыгүл:)
Еркімізбен жүреміз.
Құрбандыққа әзір боп (Хор:)
Біз өмірді сүреміз!
Жүргізуші: Бүкіл Ғарыш спирал бойымен жылжып 7 сатылы 
кезеңде дамиды. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі – қошқармүйіз 
сол Ғарыш Жолының белгісі болып табылады. 
Өлең: «ҒАРЫШ ЖОЛЫ» Ж.Әбілпеисов (Алтынбек:)
Жерұйығым – өлеңім
Біз баратын мекен ғой.
«Айналайын!» дегенім – 
Ғарыш Жолы екен ғой!
Жүрген ізім – ол менің
Түбі Нұрға жетем ғой.
Қошқар мүйіз өрнегім –
Сценарийлер


194
Ақ Сарбаз Әлемі
Ғарыш Жолы екен ғой!
Жасалса да мың айла,
Қалмай ешбір байланып
Қазақ түбі Құдайға
Қайтып келер айналып!
Ән: «Айналайын» (Жанна)
Жүргізуші: Ғарыштың 3-інші заңы Иерархия туралы қазақтар 
жақсы білген. Иерархия деген – Үлкеннің кішіге қамқорлығы, 
кішінің үлкенге қызмет етуі болып табылса: қазақ халқының 
жерін сүюі, малын сүюі, ақсақалды қадірлеуі, аруақты сыйлауы, 
«Құдай қаласа», «бұйырса» деп сөйлеуі осы Иерархия заңын 
бұзбай сақтағандығын көрсетеді.
Өлең «Я, Аллам» Мұқағали (Ғалия:)
Жүргізуші: Эволюция ілгері даму болса, Революция – 
төңкеріс болып табылады. Яғни – атам заманнан бері гүлденіп 
өсіп тұрған бәйтеректі түп-тамырымен жұлып алып, төңкеріп, 
көміп, қайта өсіруге тырысу.
Революцияның кесірінен қазақ халқы рухани тамырынан 
ажырап қала жаздады. Яғни, төңкерілген бәйтеректің тарбиған 
тамырлары 70 жыл ішінде сөлінен айырылып, сойдиған, 
сорақы, қураған, қорқынышты, құбыжық кейіпке түсті.
Коммунистердің қанды кармасынан бас тартып, Эволюция 
заңымен ілгері даму үшін біз – өзіміздің қазақтың ата-салтын 
жаңа көзқараспен зерттеп, өмірге қайта қолдануымыз керек.
Өлең: ИЕРАРХИЯ ДЕҢГЕЙЛЕРІ 
Жеті түрлі пішінде, (Ғалия:)
Жасалса өмір порымы.
Иерархия ішінде,
Бәрінің бар орыны.
Бірінші өмір деңгейі – (Бақтыгүл:)


195
Топырағы даламның.
Жерім менің кеңпейіл –
Дәл өзіндей бабамның.
Екінші өмір сатысы – (Лаура:)
Шөп пен егін жайқалған.
Еңбегіңнің ақысы,
Жомарт далам қайтарған.
Өсімдіктен жоғары – (Айнагүл:)
Хайуанаттар Әлемі.
Қызыметі бағалы –
Мал артық қой себебі.
Одан биік өмірде, (Шынар:)
Мен тұрамын адам боп.
Әсер алып көңілге,
Барлығына алаң боп.
Менен биік сүретін, (Гүлсезім:)
Одан жақын маған кім?
Желеп-жебеп жүретін –
Әруағы бабамның
Шыдап барлық күйікке, (Біржан:)
Деп айтпаймын жалғызбын.
Әруақтан да биікте – 
Періштеміз бар біздің!
Махаббатпен лайым (Жанна:)
Адам өсіп-өнеді.
Ең биікте Құдайым –
Бізге шуақ төгеді!
Ән. «Елім-ай» (Шынар:)
Скетч: «Ең бастысы – Эволюция» (Орынбасар, Арман, 
Шынар)
Сценарийлер


196
Ақ Сарбаз Әлемі
Жүргізуші: Эволюция дегеніміз – барлық тіршілік иесінің 
ілгері дамуы.
О баста Құдайға ұқсас қылып жаратылған адам сол 
Құдайлық құдыретке жеткізер дұрыс сана қалыптастыру үшін 
Эволюцияның 7 сатысынан өтеді.
3-інші сатының адамдары менмендік, өзімшілдік принципін 
ұстану арқылы дамыды. Ал, 4-інші сатының негізгі қағидасы 
физикалық денені жетілдіру еді. Мұны ежелгі Греция орындап 
шықты.
5-інші сатының негізгі принципі – ақылды дамыту болды. 
Мұны қазір Америка мен Жапония орындап, адамзатты бесінші 
ақыл сатысына көтерді.
Енді, асқына дамыған ақылдың құрдымға құлап кетпеуі 
үшін бізге 6-ыншы сатыға міндетті түрде өту парыз.
Алтыншы сатының негізгі принципі – мейірбандық, 
сүйіспеншілік болып табылады. Бұл қағиданы орындап 
адамзатты жаңа биікке көтеру міндеті қазақ халқына 
жүктелген.
Қандарыңыздағы қазақтың қонақжайлығын, дарқандығын, 
кеңпейілдігін, мәрттігін – барлық жақсы қасиеттерін ояту – 
даланың киесін көтеру, Ғарышпен үндестікте өмір сүру – жас 
ұрпақ сендерге міндеттеледі.
«Ұлы махаббат» Қадыр Мырза-Әли (Айнұр:)
«Өзіміз туралы ода» Қадыр Мырза-Әли (Лаура, Бақтыгүл:)
«Ел және мен» Қадыр Мырза-Әли (Тоты, Шынар, Дамира:)
«Аман қалған шабуылдан жүздеген» Қадыр Мырза-Әли 
(Айнагүл:)
Ән: «Шілдехана» (Лаура)
Жүргізуші: Адам денесінде бүкіл Ғарышпен байланысқа 
түсе алатын 7 центр бар. Бұл – әулиелік құдырет дарытатын 
қасиет көздері болып табылады. Қазақтың бұрынғы әулиелері, 
емшілері осы центрлерін ояту арқылы небір ғажайып істер 
жасаған.
Қазақтың домбыра аспабы – адамның рухани денесіне 
ұқсас.


197
Адамда Ғарыш энергиясын қабылдайтын және Ғарышқа 
энергия шығаратын 2 қуат арнасы бар. Домбыраның 2 ішегі 
соған ұқсас. Кіндігі – 1-інші центрге, 2 құлағы – алтыншы, 
жетінші центрге ұқсас. Пернелерді басып күй ойнағанда адам 
бойындағы бүкіл центрлерге әсер етіп, оларды оята алатын 
домбыра аспабы – Қазақтың ұлы рухани қазынасы болып 
саналады.
(Музыка. Күй баяу жіберіледі)
Қазақтың күйлері – Ғарыш вибрациясы.
Күй – Ғарыштың ырғағы, дыбысы.
Күй – Ғарыштың әуені, тілі.
Өлең: «ДОМБЫРА» Ж.Әбілпеисов (Орынбасар:)
Ата-бабам атақты
Өрлеп өнер өріне.
Домбыраны жасапты
Ұқсас қылып өзіне.
Қуат кірер көктегі
Адамда бар қос арна
Домбыраның қос шегі
Соған ұқсас жасалған.
Қос ішекпен байланып
Кіндік, құлақ, көп перне
Сазды әуенге айналып
Күмбірлейді шерткенде
Кірбің кетіп ойдағы
Билеп алып еркіңді
Оятады бойдағы – 
Жеті түрлі центрді.
Таппасам да мен тыным
Күймен демеп көңілді.
Ашылғанда центрім –
Өзгертемін өмірді!
Сценарийлер


198
Ақ Сарбаз Әлемі
Жүргізуші: 6-ыншы саты – сүйіспеншілік пен мейірім ғасыры.
Адамзат эволюциясын тоқтаусыз дамыту үшін – Ғарыштың 
7-інші заңы Құрбандық жолымен жүру керек. Эволюция – 
құрбандық жолымен дамиды.
Өлең «Арып-ашқан жан болса» Мұқағали (Гүлсезім:)
«Жүректе жанған жырым бар» Ж.Әбілпеисов (Жанна:)
Скетч: «Алтыншы Саты адамы кім?» (оқушылар)
Ән «Дастархан» (Тоты:)
Жүргізуші: Алтыншы саты – табиғатқа қайта оралу. Ата-
дәстүрімізді қайта жандандырып, байытып Ғарыш Заңдарымен 
қаруланып, жаңа құрлықта жаңаша өмір сүретін боламыз.
«Табиғаттан бабамыз ала берген секілді» Қадыр Мырза-
Әли (Айнұр:)
«Келешектің ғалымы» Қадыр Мырза-Әли (Шынар:)
«Қазтуғанның өлеңі» (Айнагүл:)
Скетч: «Атасы мен немересі» (Ғалия, Тоты)
Жүргізуші: Ақ Сарбаз ағамыз аман болсын!!!
Ол – Құдай мен қара халықтың арасын жалғастырып тұрған 
алтын көпір.
Құдайдың құдыретін танытып, қуатын көрсетіп, білімін 
бізге жеткізіп, тынымсыз жұмыс жасап тұрған Үлкен Жүрек. 
Ол – біздің бәрімізге Ортақ Жүрек. Сондықтан елдің бәрі Ақ 
Сарбаздың қалауын өз қалауындай қабылдайды.
Өлең: «ЖҮРЕК» Ж.Әбілпеисов (Бақтыгүл:)
Ақ Сарбаз Ағам тегінде
Жаралған жан ғой асылдан
Қазақ боп келіп өмірге
Құдайға барып қосылған.
Қатер көп оған бұл жерде,
Бауырым, мұны біле гөр.
Ақ Сарбаз деген білгенге –
Ғарышқа ортақ ЖҮРЕК Ол


199
Апаттан сақтап Әлемді
Шықты Ағам қарсы түнекке.
Жеңіске жетті, ал енді
Айналып жатыр Жүрекке.
Денеге қуат беретін,
Жүрек боп жүру оңай ма?
Қатер көп Оған төнетін,
Абайла, адам, абайла!!!
Қан беріп күллі Ғаламға
Жүрек боп жасап жүр Ағам.
Әл беріп адал адамға,
Жұбатты жұртты жылаған.
Аяқ, қол, көз бен құлақ бол,
Бәріміз Оған денеміз.
Ал, Жүрек – жалғыз, бірақ та ол,
Тоқтаса біз де өлеміз!
Адамдар, сендер бекерден
Жамандық ойға бармаңдар.
Біз үшін бәрін көтерген
Жүрекке салмақ салмаңдар!!!
Құдайдың нұрын түсіріп, (Біржан:)
Ғаламның отын жандырған.
Ғарыштың Заңын түсініп,
Халқының шөлін қандырған.
Бөлінбей жүрген халықтан,
Бабаның жолын аттамай.
Еліме кие дарытқан,
Ерімді Құдай сақтағай! 
«АҚ САРБАЗҒА» (оқушылар өздері шығарған өлеңдерін 
Сценарийлер


200
Ақ Сарбаз Әлемі
оқиды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет