Ақ Сарбаз Әлемі. indd


АҚ САРБАЗ – ТӘҢІР ЖАУЫНГЕРІ



Pdf көрінісі
бет2/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АҚ САРБАЗТӘҢІР ЖАУЫНГЕРІ
Төменде Ақ Сарбазбен алғаш кездескенде жазылған, 
алайда баспасөз қабылдамай, жарияланбай қалған мақалалар 
мен сұхбаттарды осы жерде жариялауды жөн көрдік. Содан 
бері 30 жылға таяу уақыт өтсе де, айтылған жайттар маңызын 
жоғалтпағандай көрінеді.
БІРІНШІ МАҚАЛА
«Ұйқысы алыптың,
Қашанда қатты ғой» – деп Қадыр ағамыз жырлағандай, 
алып даланы мекендеп өсіп-өнген қазақтың ұйқыдан оянып, 
Ғарышқа көз тігер уақыты келді. Ол үшін Эволюция Сатылары 
мен Ғарыш Заңдарын зерттеп білу қажет.
Эволюциялық дамудың 7 сатысы бар.
Адамның өмір сүре жүріп денені әбден жетілдіруі – Төртінші 
Сатыға тән құбылыс. Ол шартты әлем халықтары ішінен Греция 
орындады. Спорттық олимпиаданың ежелгі отаны – Греция 
екенін тарихтан білеміз.
Ал, Бесінші Сатының шарты – ақылды жетілдіру еді. Оны 
Америка мен Жапония орындап Әлемді жаңа сатыға биіктетті.
Алтыншы сатының негізгі шарты – мейірім мен сүйіспеншілік. 
Бұл сатыға әлі ешбір ел көтерілген жоқ. Алайда, көтерілуге 
дайын тұрған ел бар. Ол – Қазақ елі.
Өтіп кеткен шартты жетілдіре беру адамды “соқыр ішек” 
секілді рухани ауруға шалдықтырады. Қазіргі көріп жүрген 
кейбір иога секталары мен шығыс жекпе-жек түрлері IV-інші 
сатының керексіз тұйығы боп табылады.
Ал, бесінші сатының алтыншы табалдырығында тұрған 
адамға ешбір діннің, иоганың, компьютерлі білімнің керегі жоқ.
Алтыншы Саты – ол табиғатпен біте қайнасып, Ғарыш 


6
Ақ Сарбаз Әлемі
Заңдарына сай еркін өмір сүру сатысы. Ол құбылыс қазақ 
халқының қанында енді оянып келеді. Қазақ халқы ұрпақтан-
ұрпаққа болашақ дәстүрдің ұрығын аманаттап бүгінгі күнге 
жеткізді. Қазақтың халықтық салт-дәстүрінде сақталып келген 
Ғарыш Заңының жасырын ұрығы бүгінде өз жемісін бере 
бастады.
Карма заңына сүйеніп қазақтың тарихын мұқият зерттеген 
адам халықтың өткен өмірінен, мақал-мәтелдер қазынасынан, 
ауыз әдебиетінен болашақ алтыншы сатыға жеткізер айналма 
қозғалысты айқын аңғарар еді.
Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі – болашақ ұрпақтың 
Ібіліс торынан құтылып Ғарыш заңына сай өмір сүруін аңсау 
болатын. Оның қадамы 20-ыншы ғасырда қайта айналып 
жалғасты. Оны орасан ғарыштық деңгейде жүзеге асырушы 
Ақ Сарбаз болды.
Қорқыттың қобызда ойнауы – табиғатпен біте қайнасуға 
ұмтылу еді. Оның өлімнен қашуы – түнек тұтқынынан қайтсем 
құтылам деген алғашқы қадам болатын. Міне, Қорқыт ата 
қадамы бүгінде қазақ халқының Ғарыштық қадамына айналды.
Қорқыт өлімнен құтыла алмады. Қайда барса да алдынан 
өзіне арнап көр қазып жатқандарға тап болды. Ал, қазіргі 
айналымда қазақ халқы Ақ Сарбаздың қуатымен Ібіліс бұғауын 
үзіп, Ғарышқа жол ашты. Осы арқылы Ғарышты апаттан аман 
сақтап қалды.
«Жаңа суперэтнос қалыптастыру үшін Ғарыш Заңын 
орындаудың жалғыз шарты – қазақ халқының мәдениетін, 
тілін, рухани қазынасын қабылдау болып табылады» – деп 
мәлімдеді Ақ Сарбаз Әлем алдында. 
Ж.Әбілпеисов 1995 жыл


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет