Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет86/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   109
КЕЛІМСЕК ДІННІҢ КЕСІРІ
Суда балықтай жүзетін жүзгішке: «сен суға кетіп қалуың 
мүмкін. Мынаны кисең бәрі жақсы болады» деп құтқарғыш 
шеңберді кигізіп қойса қалай болады? Ол бұрынғы 
жүзгіштігінен, бұрынғы шапшаңдығынан айырылып қалмай 
ма? Ал, тереңге сүңгуге мүлде шамасы келмей қалады!
Көк аспанда емін-еркін самғап жүрген қыран бүркітке: «сен 
дұрыс ұша алмай жүрсің. Мынау сенің ұшуыңды жеңілдетеді 
деп пропеллер қондырып қойса қалай болар еді?
Одан кейін «пропеллерге бөгет жасайды деп оның 
қауырсындарын шетінен қия бастаса не болмақ?
Қазақтың Тәңірлік болмысын жоғалтып, келімсек діндерге 
берілуі де осыған ұқсас.
АЛЖУ
– Адамның алжуы нені білдіреді? – деп сұрадым бір күні 
Ұстаздан.
– Алжу – Рухтың тоқырауы, азып-тозуы. Алжып өлген Жан 
О Дүниеде сотқа тартылмайды – деді Ұстаз.
– Сонда қалай?
– «Жындыға сот жоқ» деген бар ғой. Бұл да сол секілді. 
Алжуға көбіне өзі үшін ғана өмір сүрген жандар ұшырайды. 
Елін, жерін ойлаған, Құдайды ойлаған жан 100-ге келсе де 
зердесін жоғалтпайды. Ең жаманы, бұндай жан адам боп 
қайта туа алмай, хайуандық деңгейге құлауы мүмкін...
Рухани ізденіс


270
Ақ Сарбаз Әлемі
* * *
«Алтыншы Саты адамына актер боп ойнауға болмайды. 
Алтыншы Сатыда біреудің рөлінде емес тек өз рөліңде ойнауға 
ғана рұқсат етіледі» дейді Ақ Сарбаз.
Бойында ояна бастаған қасиет көздері бар адам өзге рөлді 
сомдағанда (әсіресе трагедиялық рөлді) оның кармасын өзіне 
тартып алып, дәл сондай жағдайға өзі тап болуы мүмкін екен.
* * *
Ақ Сарбаз ұлттық дәстүрді ту қылып ұстаған қазақ 
спортшыларын да әрдайым қолдаумен келеді.
Егемендік алғаннан бері күрес пен бокста аз қазақтың 
әлемнің алпауыт елдерінің спортшыларынан басым түсіп келе 
жатқандығы соның дәлелі.
«Мен қазақпын» деп рингке әрдайым қазақтың шапанын 
киіп шығатын Головкин Әлемді таңдай қақтырды. Неліктен?
Қазақты жарнамалағаны үшін!
Халқын ұлықтайтын, аруақты ұмытпайтын жігіттер әрдайым 
Ақ Сарбаздың қолдауына ие болмақ.


271
ӘРУАҚ
«Көп ішінде отырып
Бір әруақты ер сөйлесе
Былайғы халық жым болар» (Мұрат Мөңкеұлы)
Патшалы Ресей XIX-ғасырда қазақ жерін отарлауға бел 
шешіп кіріскені мәлім. Дала төсіндегі бойсұнбаған көшпелі 
қазақ ауылдарына дүркін-дүркін жазалаушы отрядтар жіберіп 
отырған. Сол кезден қалған, орыс офицерлері айтыпты деген 
әңгіменің бірі мынадай:
«Біз алыстан көрінген 4-5 киіз үйге жақындаған кезде, киіз 
үйден оншақты адам көрінді де, кенет жер қайысқан қолға 
айналды. Жердің астынан шықты ма, түсінбедік. Осынша көп 
әскердің мысы басып, кері қашуға мәжбүр болдық» дейді.
Аз қазаққа айбын беріп, дұшпанын дүркірете қууға 
көмектесіп тұрған бұл не күш?
Бұл – Әруақтың күші еді!
Әруақ – қазақтың бірінші сүйеніші, қысылғанда – 
қолдаушысы, тарыққанда – демеушісі, жалғыздықта – 
жебеушісі болатын.
Қазақ ең әуелі әруаққа жақпас қылық істеуден қорқатын. 
Өйткені Әруақ – біздің үстіміздегі ата-бабамыздың рухы. 
Ол ұрпағының келеңсіз қылығына бей-жай қарамайды. 
Шамданады. Жазалайды. «Алла атқан – оңалар, Әруақ атқан 
– оңалмас», «Алла кешіргенді, Әруақ кешірмейді» деген мақал 
– соның дәлелі.
Байбақты Науша батыр шағын денелі, шалт қимылды аруақ 
қонған ер болыпты. Жауға шапқанда, артынан қарағанда 
биіктеп бара жатқандай, алдынан қарағанда көбейіп бара 
жатқандай көрінеді екен. Көк сүңгілі орыстың жазалаушы 
отрядына жалғыз өзі шапқан кезде көбейіп көрініп, жау кімді 
атарын білмей тұра қашқан.
Рухани ізденіс


272
Ақ Сарбаз Әлемі
Адай Досан батырдың оққағар Әруағы болған. Әруақ қолдап 
тұрған батыр ештеңеден қорықпайтын. «Өлемін деп қарамай, 
азды-көп жауды санамай» ақырып жауға тиу – Әруақты ердің 
ғана қолынан келер іс еді.
Тұрақты армиясы жоқ, мал бағып көшіп-қонып жүрген 
шашыраңқы қазақтың осынау кең даланы қорғаудағы ерлігін 
әруақтан айырып айту мүмкін емес.
Қазақтың Әруаққа сиынуы – одан Құдай жасау емес, Құдай 
мен арадағы Әруақтың дәрежесін білгендігінен еді.
Әруақ – Құдай мен Адам арасындағы байланыс жолы 
болатын.
Физикалық Дүниеде жүргенде Әруақты аттап өтіп, бірден 
Құдаймен байланыс орнатам деу – ақымақтық!
Бұл бейнелеп айтқанда, ауылдағы қазақ құдыққа түсіп кетіп 
шыға алмай тұрған кезде, дауысы жетер жердегі көршісін 
емес, президентті көмекке шақырғаны сияқты әрекет болмақ.
Адам Жетінші Сатыда, Ментал Дүниесінде ғана Құдаймен 
тікелей байланыс орната алады.
Құдайсыз қоғамда 70 жыл өмір сүргенде қазақ жақпас 
қылықтарымен әруақты әбден бездірді. Одан кейінгі 30 жыл 
сананы дінмен отарлауға арналды. Дінбасылар тарапынан 
әруақты мүлде ұмыттыруға күш салынды. Бұл – қазақты рухани 
қуатынан айырып, басқаруға оңай зомби қылу үшін жасалды.
Қазақтың үш биі туралы:
«Төле – тауып айтады
Қазыбек – қазып айтады
Әйтеке – батып айтады» деген сөз бар.
Тауып айту үшін – талант, қазып айту үшін – білім, батып 
айту үшін – әруақ керек!
Әруақтың күші тек қана бидің тілінде, батырдың қимылында 
емес батыстың ән-жырында да бар. Сенбесеңіз Мұхиттың әнін, 
Сүгірдің термесін тыңдап көріңіз...


273


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет