Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет89/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   109
ЖАННЫҢ ҮЙІ
Рухани байлық – көрінбейтін қазына. Ол қанша көп болса 
адамды сонша биік дүниеге көтереді. Ол – жеңіл. Бұзылмайды.
Материалды байлық көзге көрінеді. Ауыр. Жетілмеген 
тұрпайы материя болғандықтын бұзылып, бастапқы 
бөлшектерге ыдырайды. Мысалы: малдың өлуі, үйдің құлауы 
т.б.
Адам үйін реттеп тазалап отырады. Артық қоқыстарды 
шығарып тастайды. Сол секілді сананы да белгілі бір уақытта 
реттеп тазалап отыру керек. Өйткені, Сана – Жанның үйі.
Егер біздің физикалық үйіміздің іші лас болса, оған жақсы 
адам кіре ме? Кірсе де жиіркеніп, ренжіп шығып кетпес пе?
Сол секілді біздің Жанымыздың үйі – Сана, іші таза 
ойларымен, таза сезімдермен реттеулі, жарқырап тұрса ғана 
біздің санамызға Құдай кіре алады. Ал, егер санамыз жаман 
ойлар мен жаман сезімдерге толы болса, Құдайды қабылдай 
алмайды.
Рухани жолға түсу үшін – сананы үнемі тазарту керек.
СЕЗІМ МЕН ОЙДЫ АУЫЗДЫҚТАУ
Физикалық дене өз ортасына өзінен бөліп ДЫБЫС шығара 
алады. Дыбыстың жету аймағы шамамен – 1 шақырым.
Астрал дене өзінен бөліп СЕЗІМ шығара алады. Жету 
аймағы жүздеген, мыңдаған шақырым. Сезімнің қамту аймағы 
дыбыстан ауқымды әрі шапшаң. Мыс: баласы бақытсыздыққа 
ұшыраған сәттегі одан шыққан үрей сезімі алыстағы анасына 
жетіп, оны алаңдатады.
Ментал дене өзінен ОЙ бөліп шығарады. Ойдың қамту 
аймағы шексіз. Ой бәрінен шапшаң жетеді. Өйткені, басқа 
денелер шығарар дыбыс пен сезім материясынан ойдың 


281
материясы неғұрлым нәзік. Мұны – мұз, су, бу материясымен 
салыстыруға болады.
Адамның ментал және астрал денесі үнемі жұмыс үстінде. 
Сыртқа сезім және ойды үздіксіз шығарумен болады.
Ауыздан шыққан сөз физикалық дүниеде әшкере болып 
естіледі ғой. Сол секілді астрал және ментал дүниесіне шыққан 
сезім мен ой да естіліп, көрініп әшкере болады.
Не болса соны ойлап, жаман сезімдер шығару адам 
тұлғасына абырой бермейді. Биік Тіршілік Иелері алдында өзін 
ұятқа қалдырады. Мысалы физикалық дүниеде аузына келгенін 
айтып балағаттап жүретін ұятсыз адамнан бәрі жиіркенеді.
Алтыншы Сатыда адам өзінің астрал және ментал денесін 
басқарып, өзінен шығатын сезім мен ойдың сапасына мән беріп 
үйренеді. Өйткені, қасиет көздері ашылған адамға өзгенің 
сезімі мен ойы естіліп, көрініп тұрады. 
7. 3. 2000ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет