Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет94/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

КӨП АҚЫЛДЫҢ КЕСІРІ
XX-ғасыр Бесінші Сатының дамуы шегіне жеткен ғасыр 
болды. Ақыл дәуірі адам рухын өзі ойлап шығарған «жетістікке» 
қамап, Құдайға барар жолын бөгеді. Планета экологиялық 
апат шегіне жақындады.
Егер қазақ халқының қасиетті құрбандығы арқасында 
Алтыншы Саты дүниеге келмегенде адамзаттың тағдыры 
аянышты аяқталар еді.
Қазір де планета ақыл сатысы адамдарының қорлығына 
төзіп-шыдауда. Қара Жердің арқасын жауыр қылып мыңдаған 
шақырымдық тас жолдар салынуда. Ол жолдармен Жерді 
жаншып есепсіз ауыр көліктер ағылуда...
Алып қалалар Жердің іріңді жарасы секілді өсе түсуде.
Ақыл Сатысының адамдары барлығын өздерінің заңғар 
ақылдарымен есептеп қойған. Келешекте комфортта өмір 
сүру үшін Жерде миллиард адам қалдырып, басқасын қыру 
жоспары... Ол іске аспаса, Алтыншы Саты адамдарымен біте 
қайнасып, Жерұйыққа өту. Сол жерде бәріне қайтадан қожа 
болу...
Алайда салқын ақылдан ыстық сезім басым тұратын заман 
келе жатыр. Барлығын пайда-зиянмен есептейтін Бесінші Саты 
адамдарынан Алтыншы саты адамдарының артықшылығы – 
дүниеге байланбайтындығы.
Рухы оянған, Тәңірге жүрегімен берілген мұндай жандарды 
сайтанның 4 әдісімен тұзаққа түсіре қою қиын.
Кезінде мың жыл құлдықта болып, санасы әбден уланған 
еврейлерді құлдық санадан арылту үшін, Мұса пайғамбар 40 
жыл шөлде көшіп-қонып тіршілік кешпеп пе еді. Осы мезгіл 
ішінде бұрынғы құлдар өліп таусылып, тәуелсіз ойлай білетін 
жаңа ұрпақ туып, өсіп-жетілді де қазіргі ақылды, ұйымшыл 
еврей ұлты қалыптасты.
Ресейдің қазақты отарлай бастағанына да 300 жыл өткен 


295
еді. Бұл 10 ұрпақтың өмірі! Осы уақыт ішінде қазақ бойындағы 
Ғарыштан дарыған асыл қасиеттерінің көбін жоғалтты. Халқын 
қор санайтын, өзін кем көретін, сатқындық, жағымпаздық 
қасиеттері барлар әдейі көтермеленіп, қалғандары қудаланды, 
құртылды.
Енді Жерұйықта жалғаспақ қазақтың көшпенді өмірінің 
мақсаты да халықты құлдық санадан арылтып, азат ойлы 
Тәңір Перзенттеріне айналдыру.
Бізде қазір екі құлдық сана қалыптасып қалды. Біріншісі: 
техникасы дамыған халықтарды Құдай көру. Соларға табыну. 
Ақылдың құлы болуға бейімдік.
Екіншісі: діни құлдық сана. Оның нәтижесі көшеге шықсаңыз 
көзге ұрып тұр.
Бұлай шексіз жалғаса беруі мүмкін емес!
«Алтыншы Саты адамдары Ғарыштың игілігі болып 
саналады. Сол себепті Алтыншы Саты халқын сақтау үшін 
Ғарыш кез-келген шешімге бара алады» дейді Ақ Сарбаз.
Рухыңды оятпасаң, санаңмен сілкінбесең, Ғарыштан жерге 
құйылып жатқан жоғарғы ырғаққа лайық бола алмасаң, енді 
бұрынғыша өмір сүре алмайсың, ҚАЗАҚ!
Рухани ізденіс


296
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет