46
Ақ
Сарбаз Әлемі
болдым. Келіп өзің көшірісесің – деді.
Айтса болды. Кідірмей Ұстазға жол тарттым. Барсам Ұстаз
жаңа үй сатып алып қойыпты. Ескі үйін құрылыс компаниясы
сатып алыпты.
Бұрын: «мен бала кезден тұрған үй, мен бұл планетадан
кеткен
соң шынымен қоршалып, музейге айналады» дейтін.
«Бұл нұсқа орындалмайтын болғаны ма?» деп ойладым.
Менің ойымды көріп отырған Ұстаз былай деп жауап берді:
– Мен халықты аядым. Қаржы дағдарысының кесірінен
қаншама адал бизнесмендердің қаржысы күйіп кетті. Қаншасы
банкроттыққа шыдамай өз-өзіне қол жұмсап өлді. Егер мені
бұл жерден қуып жатса мұның да бір қайыры тиетінін көрдім.
Ұстаз бес ұлы бар майдангер қарттың үлкен ұлы еді. Төре
тегінен шыққан олардың барлығының өз кәсіптері болатын.
Алғаш барып Ұстаздың қызыметін істеп жүрген
кезде ол
төрелер маған таң қалып қарайтын. Өздерінің түсініксіз,
елеусіз өмір сүріп жатқан дімкәс ағасына айдаладан бұл жігіт
неменеге келіп қызымет етіп жүр? – деген сұрақты жүздерінен
оқитынмын.
Мен бұл адамдардың бәрі Ұстазға бұрынғы өмірінен алажақ
екенін кейін түсіндім. Қазақ мұны: «ағайын – бар болсаң көре
алмайды, жоқ болсаң бере алмайды» деп тура айтып кеткен.
Бұрынғы ғұмырлардан келе жатқан Карма жібі туысқан қылып
тоқайластырған соң ол әулет кармасына айналады да, оны
өмір бойы өтейсің.
Ұстаз да үлкен ұл болғандықтан інілеріне бала кезден қамқор
болып, оларды талай қатерден арашалап қалғанға ұқсайды.
Тіпті кейбіреуі болып студент кезімде экзамен тапсырып беріп
жүрдім – деп күле әңгімелейтін.
Кей адамдар «туысыма қанша жақсылық жасасам да, рахмет
айтпады» деп өкпелеп жатады. Әрине бұрынғы ғұмырдағы
алажағын алған
адам рахмет айтпақ тұрғай, есігіңді тарс
жауып кетуі мүмкін. Оған қуану керек. Өйткені карма жібі
үзіліп жатыр. Өзіңе туысқан не ескі дос тарапынан жасалған
сатқындықты кешіре алсаң
сен карманың жаңа деңгейіне
өтесің. Мүмкін сенімен жағымды карма байланысы бар жанға
47
жолығуың.
Осы уақытқа дейін Ұстазды жібермей байлап тұрған
туысқандық карма жібі үзілгенге ұқсайды. Ұстаз жаңа үйге
жалғыз өзі көшкелі жатыр екен. Жетпіске таяп қалғанда
туысқансыз, жанашыр адамсыз
жалғыз тұру қалай болар
екен? – деп уайымдаймын.
Маған салса әкемдей адамды ауылға көшіріп әкетер едім.
Алайда Ұстаз Өзі кетсе Алматыны үлкен қатер күтіп тұрғанын
ескертті.
Бұрын талай рет «үлкен жер сілкінісі болады» деп болмай
қалғаны бар. Бір күні осындай хабар естіген Ақ Сарбазды
танитын Әсия апамыз Ағаға қоңырау шалып:
– Үйге кіруге қорқып сыртта жүрміз – десе Ұстаз:
– Мен әлдеқашан ұйықтауға жатып қалдым – дейтін көрінеді.
Бұл оның жер сілкінісін болдырмай тастағанын білдіретін.
Сонымен Ұстаз 58 жыл тұрған үйден көшетін болды. Бұрын
бұл үй тұйық көшенің бойында болатын. Жаңа үйдің көшесі
тұйық емес екен. Біз бұны жақсы ырымға жорыдық.
Ұстаз туралы