62
Ақ Сарбаз Әлемі
АҚ САРБАЗ
Рух – Құдайдың ұрпағы
Сана – жанның сыртқы денесі.
Ой – Жан денесінің қимылы
Рух –
Жаратушының ұрқы, Құдайдан ұшқын боп шығып,
келе-келе жана бастайды – Жанға айналады.
Жанның сана киімі жақсы болса тозбайды.
Сана жанды лаулатып өсіре түседі де Құдайға әкеп қосады.
Құдай – Ұлы От.
Ұлы Жандар Дүниесінде Мәңгілік өмір сүретін Жандармен
жүздесуді армандаймын мен.
Мен Ұлы Жандар Дүниесінде өмір сүре алар нұрлы денесі
бар Адамды көрдім. Оны менен басқалар «көре» алған жоқ.
* * *
Үш нәрсені бәрінен жоғары қоямын:
1. ТӘҢІРІ – дінім
2. АҚ САРБАЗ – пірім
3. ДӘСТҮРІМ – ұшан-теңіз Ғылым.
Сенетін дінім бар
Сиынатын пірім бар,
Зерттейтін ғылым бар
Осыдан артық атамның басы керек пе?!
2008 жыл 6 март