218
Ақ Сарбаз Әлемі
жақындау тұрмын. Сен маған
Иерархиялық жоғары Тіршілік
Иесі ретінде қызмет етуің керек.
– Соқ өтірікті! Сені 1 жасқа келгенше жүре алған жоқ деп
мамаң айтушы еді ғой. Менен артық өмір сүрген 1 жыл ішінде
сен түкте бітірген жоқсың. Көп болса,
гаршокке отырып
үйренген шығарсың.
– Сен мені бүйтіп мазақтама! Сен Ғарыш Заңдарын бұзайын
деп жүрсің ғой.
– Ғарыш Заңдарын мен неге бұзамын. Бұзбаймын
– Ендеше, неге менің үлкендігімді мойындамайсың?
– Сенің жасың үлкен болғанмен, басың үлкен емес. Егер
менен
Иерархиялық дәрежең биік болса, математикадан
көшіріп алайыншы – деп маған жалынбас едің.
– Қап, мынаны-ай! (Қолын бір сілтейді. Қастарына қыз бала
келеді)
Қыз:
– Сендер неменеге қызылкеңірдек болып жатырсыңдар?
2-інші бала:
– Екеуміз Иерархиялық орынға таласып жатырмыз.
Қыз:
– Не-ме-не?! Иерархиялық орынға таласудан қандай жаман
карма шығатынын білмейсіңдер ме? Люцифер туралы мұғалім
айтып еді ғой.
1-інші бала:
– Жо-жоқ. Біз Люцифер болайық деп жүрген жоқпыз.
Құдайға қарсы болайық деп жүрген жоқпыз.
Біздер мына
екеуміздің арамыздағы жас айырмашылығына дауласып
жатырмыз.
Қыз:
– Тастаңдар дауды. Сендерге
Иерархиялық қызмет керек
болса, мен көрсетейін. Кеттік, мектеп маңындағы гүлдерге су
құю керек. (көпшілікке бұрылып:)
– Ең бастысы – Эволюция!!!
(Екеуін итермелеп алып кетеді)
Шымылдық.
28.10.1999 жыл