Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет68/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ЭВОЛЮЦИЯ ОЙЫНЫ
«Ақ Сарбаз» кітабындағы Жаңа Білімді жас ұрпақ санасына 
бала кезден сіңіру үшін оқушылар арасында Эволюция ойынын 
ұйымдастыруға болады. Ойынға класымен қатыса алады.
Ойын 3 турдан тұрады. Әр турда 5 кезең бар.
1-кезең. БАЙЛЫҚ ҚОРЫ. Алты кішкене тиынды уыстап 
тұрып жоғары лақтырып алақанның сыртымен тосып алады. 
(Әйнекпен ойнайтын осыған ұқсас ойын бар ғой) Алақан 
сыртына түскен тиындар «карма ресурсы» боп саналады. 
Оның әрқайсысы 2 ұпайдан береді. Ал, жерге түскендер – 
жиналуға тиісті карма қоры. Оны тиын ұстаған қолмен ептеп 
алып екінші қолға жинайды. Бұл жиналғандар бір ұпайдан 
есептеледі. 
2-кезең. БИЛІК ШЕБЕРЛІГІ. Мұнда ойыншыға 3 асықтан 
беріледі. Бұлар оның қол астындағы елі боп есептеледі. Енді 
әр ойыншы билік иесі болып аз асықтарын ойынға қосады. 
Кәдімгіше асық тігіп, сақа иіріп атысады. Ұтылушы қанша асық 
жіберсе сонша ұпай жоғалтады. 3-жүріс ойын ойналады.
3-кезең. ДАҢҚ БИІКТІГІ. Ойыншы 7-сатылы даңқ дәрежесі 
сызылған тақта алдында таяқ ұстап тұрады. Төменнен 
кішкене шүберек лақтырылады. Ойыншы сол шүберекті 
қолындағы таяғымен даңқ биіктігінің бетінде басып ұстап 
қалуға тырысады. Қай биіктікке ұстаса сол дәрежедегі даңқты 
иеленіп ұпай алады.
4-кезең. НӘПСІ ШЫҢЫРАУЫ. Жерге тасталған жіңішкелеу 4 
метр ағаш бойымен көзді байлап жүріп өту. Ағаш 4 сызықпен 
бөлініп, әрқайсына 2,5 ұпай жазылады. Ағаштағы сызылған 
аудандар: а) билікқұмар, б) байлыққұмар, в) нәпсіқұмар, д) 
атаққұмар.
Өте алмай құлаған ойыншының бұрынғы ұпайынан 10 нәпсі 
ұпайы алынып тасталынады. Өйткені, нәпсі ұпайы – минус. 
Ал, құламай өткен ойыншы сол ағашта жазылған ұпайлардың 
Сценарийлер


220
Ақ Сарбаз Әлемі
бәрін плюс ретінде иемденеді. 
5-кезең. БІЛІМ МҰХИТЫ. Ойыншы ыдыстағы бүктеулі 
қағаздарға жазылған сұрақтардың біреуін алып, соған жауап 
береді. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Қате жауапқа ұпай 
қосылмайды.
Егер ойыншы ойын барысындағы 4-інші кезеңде нәпсі 
шыңырауына құлап, бұрынғы барлық ұпайынан айырылса, ол 
Эволюция шеңберінен шығарылып «Астралды тозақ» дейтін 
шеңберге барып күтеді. «Менталды жұмақ» шеңберінде өз 
еркімен ұпайын өзгеге қосып ойыннан шығушылар күтеді. 
Бұлар 1-інші тур біткенде ментал шеңберіне жиналып, Құбылу-
қайта туу» қақпасы арқылы «Эволюция шеңберіндегі ойынның 
2-інші турын бастайды.
Бірінші турда сынақтан өткендер жиған ұпайларына 
сай Иерархиялық орынды иеленеді. Бұл жерде әр ойыншы 
иерархиялық деңгейін одан әрі биіктету үшін екінші турға 
қайта қатыса алады. Алайда, бұрынғы ұпайы уақытша есепке 
алынбай нөлден қайта бастауға мәжбүр болады.
Егер нәпсі шыңырауына құлап, бүкіл ұпайын жоғалтса, онда 
бұрынғы өмірінің ұпайынан да айырылады. Егер екінші турдың 
барлық сынынан аман өтсе оған бірінші турдың ұпайы үстеме 
қосылады.
3-тур аяқталған соң төреші – Бас Иерарх, «Эволюция» 
жолында «биік дамыған» ойыншыларды атап, орындарын 
хабарлайды. «Алтыншы Сатыға» лайықты ұпай жинағандарға 
«Жерұйық» сыйлығын табыс етеді.
Ойын барысында «Алтыншы Саты деңгейіне» көтерілген 
ұпайы жоғары оқушылар 6-сатының «мейірбандық принципіне 
сүйеніп өз ұпайларының белгілі бір санын 2-інші немесе үшінші 
турды жаңа бастаушыларға беріп, олардың ұпайын көбейте 
алады.
Егер алған ойыншы эволюция шеңберінен аман өтсе, алған 
ұпайын қайтарып береді. Ал, құлап кетсе берушінің ұпайы 
қоса күйіп кетеді.
25.10.1999ж.


221


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет