Ақ Сарбаз Әлемі. indd


АДАМДАР ПЛАНЕТАМЕН ҚОШТАСУДА



Pdf көрінісі
бет70/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АДАМДАР ПЛАНЕТАМЕН ҚОШТАСУДА
Бір үйдің, бір әулеттің, бір рудың, бір ауылдың, бір ұлттың, 
бір мемлекеттің деңгейінде қалып қоймай, планеталық масштабта 
ойланып-толғанып, Ғарыштан келген толқындарды жүрегіңнен 
өткізіп, өзіңді өркениеттің өрені, Тәңірінің Перзенті сезінген жақсы 
ғой. Осыдан 30 жыл бұрын желтоқсандағы Қазақ жастарының 
қасиетті құрбандығы планетаны ақыл сатысынан да жоғары жаңа 
эволюциялық деңгейге көтерді. Қазақ халқынан XXI ғасырда 
адамзат көшін бастаушы қасиетті жандар көп шығады деп 
ойлаймын. Адамзаттың алдына шыққанымыздың бір ғана белгісін 
айтайын, біздің халық егемендік алысымен шет елдік дамыған 
елдердің қаңсығы мен таңсығын бірден меңгеріп алды. Бұған қаржы 
саласындағы махинация, жезөкшелік, өмірі сезімге кірмеген т. б. 
сұмдықтар дәлел. Қайтерсің енді. Адамзаттың алдына шыққанда 
ең әуелі сол адамзат жинаған боқтықтың дәмін бірінші татасың 
ғой. Шығыс халықтары мастерлерінің шығыс жекпе-жегінен 30-
40 жыл айналысып жеткен деңгейлеріне біздің жігіттер 3-4 жыл 
айналысып-ақ меңгеріп алып жатыр. Шетелдік жақсы деген 
әндердің барлығы дереу қазақшаға аударылып шырқалуда. Бұл 
тек басы ғана. Жайлап-жайлап біздің мәдениетіміз бен музыкамыз 
әлем халықтарын рухани тығырықтан шығарар қуат көзі болары 
хақ. Оған күй тартуды үйреніп жүрген шетелдіктер дәлел. Бізге 
тек адамзаттың бұрынғы қаңсығынан жиреніп, барша әлемге өз 
аталарымыз қалдырған ізгілік пен ұлылықты ұсына білу керек. 
Қазақтан басқа халықтың көбі қазір саяхаттап жер шарын кезіп 
жүргенді қалайды. Көшпенді халықтың ұрпағы болсақ та біз 
адамзат арбасын өрге сүйреген қара нар болғандықтан тырп 
етпестен шыдап келеміз. Ау, басқа халықтар сайрандап, әлемді 
кезіп, рахатын көріп жүр, Қазақ болса.... теріп жүр, біздің күніміз 
қашан туады? деп шерленгенде Бекжан досымның бір сөзі есіме 
түседі. «Адамдар планетамен қоштасып жатыр» деп еді... 
22.01.2017ж.


225


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет