Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет71/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

УАҚЫТЫ КЕЛДІ
Шіркін, менімен кезінде Ақ Сарбаз тақырыбын талқылайтын 
бір орта болғанда ғой! Ұстаз тұлғасын ашатын талай зерттеу 
еңбектер жазып тастайтын едім.
Алайда Зұлымдық Күштері Ақ Сарбазға «ақпараттық өлім» 
үкімін жариялады. Бірде-бір бұқаралық ақпарат құралдарында 
оның аты аталмады. Кейде интернеттен «Ақ Сарбаз» деп 
іздесем әскердегі сарбаздар туралы жазылған материялдар 
ғана шығатын. Елі мен Жері үшін орасан зор қызмет атқарып 
отырған Оны ешкім керек қылмады.
Мен әңгімем жарасқан адамға Ақ Сарбаз туралы айта 
бастасам, әлгі адам аяқ астынан қалғып ұйықтап кететінін 
көріп таң қалып жүрдім. Ақ Сарбазға арнайы барып жазып 
алған сұхбаттарымды тыңдайтын құлақ, көретін көз болмай 
жылы жауып тастағаныма жиырма жылдың жүзі болған еді.
Ақ Сарбаз әкелген ілім – ұлттық идеямыз болса, Ақ 
Сарбаз мектептері, Ақ Сарбаз университеті ашылса деп 
армандайтынмын. Қажет болса Ақ Сарбаз мектебінің 
бағдарламасын да жасауға қабылетті едім! Бұндай мектептен 
білім алған бала кішкентайынан Ғарыш Заңдарымен сусындап, 
ғылым-білім меңгеріп, дүниені жаңа көзқараспен көріп, дінге 
байланбай еркін өседі. Суицид те жойылады.
Қазіргі қоғамды жайлап бара жатқан суицид дерті – өмірінің 
мәнін жоғалтудан ғой!
«Бір адамды өзің сияқты деңгейге жеткізсең – ұлттық 
карманы орындайсың» деген Ұстаздың сөзі есімде.
Алайда мен үміт күткен адамдардың бәрі өз кармасының 
жетегінде, пенделік тұрмыстың етегінде кете барды. Ақ 
Сарбазды өзім сияқты түсініп, өзім сияқты қабылдайтын 
адамды кездестірмедім.
Ақырында: «Ақ Сарбаз халықтың көру аясына симайтын 
алып болмыс шығар?» деген тұжырымға келдім. Мысалы 
Рухани ізденіс


226
Ақ Сарбаз Әлемі
құмырсқа пілдің үстінде жорғалап жүруі мүмкін. Бірақ аяғының 
астындағы пілді құмырсқа Жер деп қабылдайтыны хақ. 
Жақсы. Қарапайым халықтың Ұстазды қабылдауға шамасы 
келмесе, діндарлар қайда? Құдайды сүйетін, күні-түні Құдайға 
мінәжат қылатын діндарлар Мәдіні неғып танымай жүр?!
Жүрегі таза ақындарымыз қайда? Ғұлама ғалымдарымыз 
қайда қалды? Олар неге Ақ Сарбаз туралы 30 жыл бойына бір 
ауыз жақ ашпады?
Демек олардың ары – әппақ, жаны жап-жарық емес! 
Дүниеге былғанған, қараулыққа қосылған, сайтанға сатылған 
пенделер болғаны!
Осындай түңілулерден соң жайлап сабама түсе бастадым. 
«Қазір әрбір қазақ кармалық дешифратордан өтіп жатыр. 
Түнектің 4 тұзағы: жалған махаббат, байлық, билік, атақ-
даңққа ұсталып, еріп кетпей аман өткені ғана алтыншы сатыда 
өмір сүруге қабылетті Жаңа Ғасыр адамы болады» деген 
Ұстаздың сөзі бар.
Мен ешкімді күштеп те, қызықтырып та өз жолыма түсіре 
алмайды екем. Рухани жолға әр адам өз санасымен, өз еркімен 
келуі тиіс. Ендеше өзіме ғана жауап беріп, тыныш жүрейін 
деген тоқтамға келдім.
Қазағына егемендік сыйлаған, егемендіктің алғашқы 
жылдарында табиғат апаттарынан сақтап, қыс айларын жылы 
қылған, халқының кармасын барынша жақсартып, болашақта 
Қазақ ұлты Әлем халықтарының көшбасшысы болуы үшін бар 
жігерін сарп етіп еңбек етіп жатқан Ұлы Ұстазға елінің рахметі 
мен сыйлауы тым болмаса мен арқылы қайтсыншы деп Ұстазға 
қызмет етуге үнемі ынтық болдым.
Алтыншы сатыда уақыт тез өтеді. Бұрын 10 жылда болатын 
ірі оқиғалар қазір бір жылда өтіп кетіп жатыр. Тіпті таң қалып 
та үлгермейсің.
Ұстаздың 75 жасына арнап Өзі жазған қос кітабын 500 дана 
тиражбен батыс вариантта шығарып бердік. Мемлекеттің 
қолдауынсыз жеке қаржыға шыққан кітап тым аз болғандықтан 
елдің көзіне түсе қоюы қиын еді.
Ағылшын психотерапеві Майкл Ньютонның Жан Әлемі 
туралы жазылған қос кітабын көріп, Ақ Сарбазды түсінуге 


227
баспалдақ болсын деп қазақ тіліне аударуды ұйғардық. 
Талантты жазушы, аудармашы, ақын інім Нұрлан Сәдір менің 
өтінішімді орындап, кітапты тамаша аударып шықты.
Ұстаз 
80 
жасқа 
толғанда 
аудиожазбасымен, 
толықтыруларымен Ақ Сарбаз және Тәңір Жауынгері 
кітаптарын тағы шығардық. Бұл жолы қысқа жіп күрмеуге 
келмей, әрқайсысын 100 данадан ғана бастыра алдық.
Алайда ел рухани білімге сусап, «ұйқысынан» ояна бастаған 
екен.
Алматыдағы Бекжан дос хабарласып: «Ақ Сарбаздың 
кітаптарын Жанат Бақыт есімді журналист көп тиражбен 
шығартқалы жатыр» дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Бұл 
мен үшін қуанышты хабар еді
Ұстазбен хабарласқанда: «уақыты келді» деді. Осыдан 
соң өзімде бар бейнежазбалар мен Ұстаз туралы естеліктерді 
ғаламторға жүктеуді шештім.
Рухани Білім ешкімге күштеп таңылмайды. Әркім көргені 
мен оқығанынан өзіне керек бір пайдалы нәрсе ала алса мен 
еңбегімнің зая кетпегені деп білем. Түптеп келгенде осының 
өзі ұлттық карманың орындалуы ғой!
Рухани ізденіс


228
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет