246
Ақ Сарбаз Әлемі
шалған кексе әйелдерге дейін жалаңбас жүргенін көріп, көз
ұялатын болды. Қызы қайсы, келіні қайсы, енесі қайсы? Байы
бары қайсы, жоғы қайсы айырып болмайды.
Той-томалақтың ертесінде
әйел адамдардың көбі басы
ауырып жатады.
Үйіңізде киіз болса астын көтеріп көріңізші. Киіз жарықтық
беті таза болса да бүкіл шаңды астына жинайды ғой. Адамның
ашық жүрген шашы да сол секілді, бүкіл лас энергияны бастың
ішіне жинайды. Осыдан кейін басыңыз ауырмай қайтсын.
Енді неге біз ата-әжелеріміз сияқты болуға (аздап та болса)
тырыспаймыз?
Тым болмаса денсаулығымыз үшін...
РУХ-САНАМЕН БІРІГУ
Адамдар қоғамы алтыншы сатыда бірте бірте санамен біріге
бастайды.
Бұрынғы қазақтың руымен бірігуі – Ұқсастық Заңымен
қарағанда осыған сәйкес еді. «Сүйекке таңба келеді» деп
күнәлі істен сақтанатын.
Қазақ баласына 7 атасын жаттатып өсіреді. Жеті Ата
дегеніміз – белгілі бір уақытта Жерде өмір сүрген,
қазір
Аруақтар Әлемінде тұратын Жандардың есімі еді. Олардан
ұмытпаған ұрпағына энергия құйылып тұратын. Бала өсе келе
мына дүниедегі жеті атадан тараған мыңдаған туысын танып,
оларға бауыр тартып, жағымды карма жасайтын.
Ғарыш жүздеген жылдар бойы қазақ қоғамын осылайша
санамен бірігуге тәрбиелеп келді.
Отарлаушы
Ресей осыны біліп, ең алдымен қазақтың
рулық ауызбіршілігін бұзуға күш салды. Ру билерінің билік
күшін жойып, болыстық құрды. Болыстық құрамына бірнеше
ру кіретін.
Жік-жікке бөлініп партия құру, болыстыққа талас
басталды.
«Болды да партия,
Ел іші бүлінді» – деп Абай өз заманында басталған қоғам
247
дертін өлең қылды. Билікке талас, жағымпаздық,
пара мен
жемқорлық, сатқындық осы кезден басталды. Көмейіне Құдай
салып айтқызып тұрған білікті билердің шешімі қоғамда рөл
ойнамай қалды.
Алтыншы сатыда қазақ қоғамы рулық деңгейден көтеріліп,
Рухпен бірігетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: