Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет77/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   109
МАСКҮНЕМДІК
«Тәңір Жауынгері» кітабында араққа салынып, маскүнем 
боп кеткендердің өлген соң Астрал Дүниесіндегі сапары 
айтылады. Тірлігінде арақтың батпағына әбден былғанған 
адам Астрал Дүниесіне барғанда өзі секілділермен бірге 
батпақ арқылы сапар шегеді екен. Ол жолдан аман өтетіндері 
де болады. Егер өте алмай батпаққа батып өлсе бітті, адам боп 
қайта туу мүмкіндігінен айырылып, сүлік боп дүниеге келеді. 
Осылайша өзі адами тірлікте жақын-жуығының несібесін сорып 
қалай өмір сүрсе, солай батпаққа келушілердің қанын сорып 
өмір сүретін болады делінген.
70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүрген уақытта қазақ орыстың 
арағына әбден үйренді. Бұл рухани аштықтың салдары еді. 
Рух дененің қыспағынан босанғысы келеді. Бұрынғы қазақ 
ондай мүмкіндікке күй, жыр тыңдағанда, атқа мініп шапқанда, 
қымыз ішкенде ие болатын. Қайғы-мұңсыз, кең дала төсінде 
емін-еркін көшіп жүрген қазақтың рухы биік, сезімі Тәңірлік 
сферамен астасып жататын. Осының арқасында XIX ғасырда 
күйшілер көп болды. 
XX-ғасырда мұндай мүмкіндік болмады. Құдайсыздық пен 
қысым белең алды. Қазақтың өнер жолындағы адамдары 
түгелге жуық араққа салынды. Өнер адамдарының бойында 
ояна бастаған қасиет көздерінің оты жоғары қарай өрлеген 
кезде оны басу үшін көп адам арақ ішуге мәжбүр болады. 
Өйткені арақ – отты су. Өртті оған қарсы от жіберу арқылы 
тоқтатуға болады.
Қазақ қоғамында араққа салынбаған адам аз. Ол біреудің 
әкесі, біреудің ағасы, біреудің жары еді.
Ұстаздың орыс хирург танысы болыпты. Кезінде Чернобыл 
апатына көмекке барған. Радиацияның салдарынан шашы 
түсіп, әйелі кетіп қалған екен. Тоқсаныншы жылдардағы қиын 
кезеңде әлгі хирург мұқтаждарға тегін операция жасап беріп 


243
жүріп араққа салынып кетеді. Ақыры маскүнем қалпында 
қайтыс болған.
Кейін оншақты жылдан соң Ұстаз таныс хирургін астрал 
дүнесінде жолықтырады. Шашы бар, аппақ костюм-шалбар 
киіп шықиып тұрғанына таң қалып:
«Батпақтан қалай өттің?» деп сұрайды.
«Бір топ адам осы жолмен сапар шеккенде өте қорқынышты 
болды. Кейбір жерде белшеден, кейбір жерде кеңірдектен 
батпаққа батып, әупірімдеп шығып, жылжып келемін. 
Жанымдағылардың біразы жандауысы шығып батып өлгенін 
көзіммен көрдім. Бір мезгілде батпақтың шетіне жеттім. 
Анадайдан әппақ қала көрініп тұрды. Бұл Шеберлер Қаласы 
еді. Тірлігінде маскүнемдікке салынып, батпақтан аман өткен 
өнер адамдары осы қалада тұрады екен.
Маған батпақтан өткенде денемді көтеріп жүру әлдеқайда 
жеңілдеу тиді. Бәлкім елге жасаған қайырымды істерім ауыр 
кармамды жеңілдеткен болар» деп жауап беріпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет