А. Ш. Асқарова, Г. Т. Оспанова



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата20.09.2022
өлшемі313,7 Kb.
#39550
1   2   3   4   5   6
Эксперимент
Революцияға дейін қазақ тілінде 14 газет, 1 
журнал шыққан екен. Ал революциядан кейін 
1917-1920 жылдар аралығында олардың саны 
25 – 26 ға жуықтаған көрінеді. Ал, 1920 жылдан 
кейін олардың қатары едәуір көбейген. Қaзaқ 
дaлacының eң aлғaшқы мepзімді бacылымдapы 
«Түpкіcтaн yәлaятының» гaзeті (1870-1882), 
«Дaлa yәлaятының» гaзeті (1988-1902), «Сер-
ке» (1907), «Қазақ» газеті (1907), «Дала» газеті 
(жылы белгісіз), «Қaзaқcтaн» гaзeті (1911-1913), 
«Aйқaп» тұңғыш жypнaлы (1911-1915), «Қaзaқ» 
гaзeті (1913-1918), «Ешім даласы» (1913), 
«Caдaқ» (1915-1918) қoлжaзбa жypнaлы, «Aлaш» 
(1916-1917) гaзeті, 1917-1918 жылдapы шығып 
тұpғaн «Capыapқa» (1917), «Біpлік тyы» (1917), 
«Ұран» (1917), «Тіpшілік» (1917), «Үш жүз» 
(1917), М.Жұмaбaeв бacшылығымeн шыққaн 
қoлжaзбa «Aйнa» жypнaлы, «Жac aзaмaт», 
кім шығapғaны бeлгіcіз «Жaңa зaмaн» гaзeті, 
oдaн бөлeк қoлжaзбa «Тaлпын», «Aбaйлay» 


23
А.Ш. Асқарова, Г.Т. Оспанова
қaбыpғa гaзeттepі, «Ғaлия» шәкіpттepі шығapғaн 
caтиpaлық қoлжaзбa «Тұзaқ», «Бұлтapтпac» жyp-
нaлдapы, 1918 жылдaн бacтaп шыққaн «Aбaй», 
«Aқжoл», 1919 жылы шыға бастаған «Дұрыстық 
жолы» газеті, тұңғыш педагогикалық журнал 
«Мұғалім», «Кедей сөзі» (1920) мен «Кедей 
тілі» (1920) газеттері, 1921 жылдан бас тап шыға 
бастаған «Бостандық туы», «Қызыл Қазақстан», 
«Еңбекші қазақ», «Жас алаш», «Шолпан», 
1923 жылдан бастап шыға бастаған «Сана», 
«Темірқазық» (1924) гaзeт-жypнaлдapы бoлды.
Әдеби сын баспасөзге байлаулы жанр, сол 
арқылы қалыптасып, әдебиеттану ғылымының 
жеке саласына айналғанын ескерсек, бұл орайда 
қазақ әдеби сынының тууы мен қалыптасуында 
газетпен журналдың тарихи маңызы ерекше 
екендігі сөзсіз. Олар жарық көргеннен бастап 
әдебиетімізге қатысты дүниелерге ерекше назар 
аударылды. Өлең-жыр, әңгіме, жолжазба, очерк, 
сыни-танымдық мақала, портрет, ғұмырнамалық 
шығармаларға өз бетінен үнемі орын беріп 
отырды.
Т. Кәкішұлы «Айқап» бетіндегі сын ескерт-
пелер мен мақалаларды екі салаға бөліп 
қарастырған: біріншісі, педагогикалық сипа-
ты айқын сыншылық ой-пікірлер; екіншісі, 
әдебиетке тікелей қатысты жайлардан өрбитін 
сыни ойлар. Бұлайша екі топқа бөліп, жіктей 
қарастыруда қисын жоқ емес.Қазақты оқу-
білімге жалаң үндеп қана қоймай, білім алудың 
кілті – оқу құралдарын жазу, емле мәселесін бір 
жүйеге түсіру, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес 
грамматика түзу, оқытудың әдіс-тәсілдерін жа-
сау сияқты керекті жұмыстарға жолбасшылық 
көрсетуде «Айқап» қызметі ерекше болғанын 
ғалым жан-жақты танытқан.Журналдағы педаго-
гикалық сипаттағы сын-пікірлердің бір парасы 
оқу құралдары – әліпбилерге арналды. Мәселен, 
«Айқаптың» 1911 жылғы № 4 нөмірінде «Кітап-
тар жайынан» деген тақырыпта Ибраhим 
Алтынсариннің орыс ғарпімен бастырған «Хре-
стоматия» деген араб ғарпымен қайта бастыру 
мәселесі. «Айқап» журналы оқу құралдарына, 
«Әліппе» кітаптарына жарнама сын жариялау-
мен қатар, қазақ тілінің грамматикасына, емле 
мәселелеріне де назар аударған.«Айқаптың» 
қазақ тіл білімінің негізін қалап, оның жеке 
ғылым саласына айналуына үлес қосқаны жай-
лы А.Байтұрсыновтың 1912 жылғы «Айқаптың» 
4-5 сандарында жарияланған «Жазу тәртібі» 
мақаласы. Әдебиетке қатысты жайлардан өрбитін 
сыни ой-пікірлерге жарнама-сын, рецензиялар-
ды, әдеби шолуды жатқызады. «Айқап» бетінде 
отызға тарта өлең жинақтары азды-көпті сөз бо-
лып, сыни пікір айтылды. Бұл жазылғандардан 
сыншылдық ой-пікірлер осы «Айқап» журна-
лы мен «Қазақ» газеттерінде жандана түскенін 
байқатады. Қазақ әдеби сын тарихына қосқан 
үлесі мол екенін, сын жанрларының қалыптасып, 
дамуынан-ақ аңғаруға болады.
Осындай журнал қатарына, ғасырға жуық 
тарихы бар 1922 жылдан бастап жарық көрген 
әдеби-көркем, қоғамдық-әлеуметтік тақырыбын 
қамтыған «Жұлдыз» журналы жатады. «Жұлдыз» 
журналы ХХ ғасырдың жиырмасыншы жыл-
дарынан бастап әр тақырыптағы туындылар 
жинағы болуымен қатар, әдеби үдерістің бір 
бөлігі ретінде тұтасқан және аяқталған әдебиет 
шежіресі тәріздес басылым деп айтуға болады. Ол 
«Шолпан» (1922), «Таң» (1924) журналдарының 
ізбасары саналады. Алғашқы саны 1928 жылы 
жарық көрген. Әр жылдары «Жаңа әдебиет» 
(1928-1932), «Жыл құсы», «Әдебиет майданы» 
(1932-39), «Майдан» (1941-1945), «Әдебиет 
және искусство» (1939-1941; 1945-57) атауы-
мен шығып тұрған. 1957 жылдан «Жұлдыз» де-
ген атпен шығады. Журналдың қалыптасуына 
қазақ әдебиетінің классиктері Б. Майлин, 
I. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов көп еңбек 
сіңірді. Алғашқы редакторы – С. Сейфуллин 
болған. Журналға Ғ. Мүсірепов, З. Қабдолов, 
Ә. Нұрпейісов, С. Мәуленов, Ш. Мұртаза, 
Б. Тілегенов, М. Мағауин әр жылдары бас ре-
дактор болған. Журналдың «проза», «поэзия», 
«Ислам тағылымы», «әдеби мұра», «зерде», 
«әдебиеттану», тағы басқа бөлімдерінде қазақ 
ақын-жазушыларының жаңа шығармалары, 
өнер туындылары, қазақ халқының тарихы мен 
мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне қатысты 
мақа лалар жарияланып келеді. Қазақстан сурет-
шілерінің шеберханасынан алынған суреттер 
жеке беттерде беріледі.«Жұлдыз» журналының 
алғашқы шығарылымы «Шолпан» журналы – 
Ташкентте 1922 жылдың қазан айынан 1923 
жылдың маусымына дейін жарық көріп тұрған 
«саясат-шаруашылық, білім-әдебиет туралы ай-
ында бір шығатын «қырғыз-қазақ» басылымы. 
Журналдың бар болғаны 8 басылымы жарық 
көрген. Шығарушысы (бас редактор) – Иса 
Тоқтыбаев. Журнал маңына алаштың ұлтжанды 
азаматтары шоғырланған. Олар: Н.Төреқұлов, 
О.Жандосов, С.Қожанов. М.Дулатов, К.Бөриев, 
Х.Досмұхамедов, 
Ә.Диваев, 
М.Жұмабаев, 
М.Әуе зов т.б. Журналдың алғашқы саны ғана 
жеке б асылған, кейінгі сандары 2-3, 4-5, 6-7-8 
болып бірге шыққан. Бұдан ары журнал шық-
пай қалады. Бұның себебі «Қазақстан ұлт-
тық энциклопедиясының» 4-томында бы-


24
Әдеби сынның журналистикамен байланысы
лай көрсетілген: «... жеке мақалаларында 
буржуазияшыл-ұлтшылдық қате тұжырымдарға 
жол берілген деп есептеліп, осыған байла-
нысты журнал 8 саны шыққаннан кейін 1923 
жылдың мамыр айында жабылды». Журналдың 
алғашқы саны 1922 жылдың 15 қараша күні жа-
рияланды. Алғашқы басылымдағы бөлімдер: 
Саяси һәм жалпы бөлім, шаруашылық, партия 
тіршілігі, білім бөлімі, әдебиет бөлімі, бұйрық – 
жарлықтар. Бұл санда әдебиет бөлімінде жарық 
көрген мақала, шығармалар: Ә. Диваев «Әділ би», 
Р.Төлешұлы «Тау асар есепші», Ғ. Балақадырұлы 
«Шолпанға», С.Сейфуллин «Түркістанда халық 
ағарту ісі»,«Сұлу батыр». Журналдың 2-3 
саны 1922 жылы қараша-желтоқсан айларын-
да жарық көрді. Бұл санда «Қоңыр» бүркеншік 
атымен М.Әуезовтың «Қызыл сұңқарлар» 
атты сыни мақаласы жарық көрді. Ал төртінші 
саны 1923 жылы қаңтар айында жарық көрген. 
Бірақ бұл сан тек 3 бөлімнен тұрады. Олар: са-
яси һәм жалпы бөлім, ғылым бөлімі, әдебиет 
бөлімі. Жалпы аталған сандарда «Қорқыт», 
«Батыр Баян», «Ләйлі-Мәжнүн», «Оқыған 
азамат», «Шол панның күнәсі», «Қысқы түн» 
сияқты шығармалар жарық көрді.Журналдың 
«Жұлдыз» болып жарық көруі 1976 жылдан ба-
сталады. Журнал мұқабасында 1999 жылға дейін 
1928 жылдан бастап жарық көргендігі жазылса, 
1999 жылдан бастап 1922 жылы деп жазылған. 
Журнал айына бір рет шығып, жылына 12 саны 
жарық көріп тұрды. Желтоқсан айында жарық 
көрген санында барлық жылдың қорытындысы 
беріліп отырды. Журнал мынадай бөлімдерден 
тұрады: 1. Роман, повесть, әңгіме; 2. Өлең, по-
эма, дастан; 3. Очерк және публицистика; 4. 
Өнер және ғылым; 5. Сын және библиография; 
6. Жаңа кітап жайлы.Журналдың бас редакторы 
– Бекежан Тілегенов. Кейіннен біршама жылдар 
бұл қызметті Мұхтар Мағауин атқарды. Редак-
ция алқасы қатарында біршама ақын-жазушылар 
болды. Олар: Рахманқұл Бердібаев, Ахат 
Жақсыбаев, Сәкен Жүнісов, Ғафу Қайырбеков 
(бас редактордың орынбасары), Мұхамеджан 
Қаратаев, Сабыл Мәмбеев, Сайын Мұратбеков, 
Қадыр Мырзалиев, Қалаубек Тұрсынқұлов, 
Шаим Шаваев. Бұл журналда белгілі ақын-
жазушылардың өлеңдері, әңгімелері, роман, 
повесть, сыни мақалалары жарық көріп тұрды. 
Повесть, романдар әрбір санда бөлім-бөлім бо-
лып жарық көрді.
Журналдың 2000 жылғы 
басы лымдарына біраз өзгерістер енгізілді. 
Бөлім дер саны, мазмұны алмастырылды. Олар: 
1. Проза, поэзия; 2. 2000 – мәдениетті қол-
дау жылы; 3. Әдеби мұра; 4.Әдебиеттану; 
5.Саясат және әлеумет; 6. Алтыншы дәптер; 
7. Хат-хабар, ой-толғам.Осы жылғы басылым-
дарда әлем әдебиетінен аудармалар жарияла-
на бастады. «Дін-ислам дәрістері» атты тарау 
жарияланды. Мұхтар Мағауиннен кейін бас 
редакторлық Ұлықбек Есдәулетке болды. 2010 
жылдардан бастап Қазақстан жазушыларының 
әдеби әлеуметтік журналы атанды. Қазіргі кез-
де журналдың бас редакторы – Ғалым Жайлы-
бай. Журнал мұқабасы өзгергенмен бөлімдер, 
мазмұны сол алғашқы басылымдардан көп 
айырмашылығы жоқ. Журнал қазірде айына бір 
рет жарияланып тұрады. 
«Абай» – республикалық фольклорлық-
этнографиялық, тәуелсіз әдеби-көркем журнал. 
1992 жылы жарық көрген. Меншік иесі – «Парыз» 
шығармашылық тобы мен ҚР Мәдениет және 
ақпарат министрлігі. Таралымы – 1000 дана (2013 
жылы). «Айбергенов әлемі» – республикалық 
әдеби-мәдени журнал. 2010 жылы жарық көрген. 
Жылына төрт рет шығады. Таралымы – 3000 
дана (2013). «Әдебиет Қазақстан мектебінде – 
Литература в казахстанской школе» – ғылыми-
әдістемелік журнал (2007). Таралымы – 2000 
дана (2013). Жылына 6 рет шығады. «Әлем 
әдебиеті» – әдеби-көркем және публицистік жур-
нал. 2006 жылы жарық көрген. Таралымы – 3000 
дана, жылына 4 рет шығады. «Жалын» – әдеби-
көркем және әлеуметтік журнал. 1969 жылы 
жарық көрген. Таралымы – 1583 (2013). Айына 
бір рет шығады. «Жамбыл» – әдеби-көпшілік
танымдық журнал. 2004 жылы жарық көрген. 
Жылына 4 рет жарық көреді. Таралымы – 3250 
(2013).«Қазақ және әлем әдебиеті – Казахская и 
мировая литература» – республикалық ғылыми-
әдістемелік және педагогикалық журнал. 2004 
жылы жарық көрген. Таралымы – 1500 дана 
(2013), жылына 6 рет шығады.«Қазақ тілі мен 
әдебиеті» – республикалық ғылыми-әдістемелік 
және педагогикалық журнал. 2004 жылы жарық 
көрген. Таралымы – 4531 дана (2013), жылы-
на 12 рет шығады.«Қаламгер» – халықаралық 
ақпараттық, танымдық-талдамалық, көркем-
әдеби журнал. 2013 жылы жарық көрген. Ай-
ына бір рет шығады. Таралымы – 1000 дана. 
«Қасым» – республикалық әдеби-қоғамдық жур-
нал. 2011 жылы жарық көрген. Таралымы – 3000 
дана (2013), жылына 6 рет шығады. «Мұқағали» 
– республикалық әдеби-мәдени журнал, 2006 
жылы жарық көрген. Таралымы – 6930 дана 
(2013). «Простор» – литературно-художе-
ственный журнал. 1933 жылы жарық көрген. 
Құрылтайшысы – Қазақстан Жазушылар одағы. 
Таралымы – 1104 дана (2013), ай сайын шығады. 


25
А.Ш. Асқарова, Г.Т. Оспанова
«Тұмар» – республикалық әдеби-көркем жур-
нал. 2008 жылы жарық көрген. Таралымы – 1000 
дана (2013). Жылына 6 рет шығады. «Үркер» – 
жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси жур-
налы. 2009 жылы жарық көрген. 
Егер 1990 жылға дейін Қазақстанда үш әдеби-
көркем журнал (Жұлдыз, Жалын, Простор)
жарық көрсе, тәуелсіздік жылдарында олардың 
саны артты. Алайда олардың саны көбей генімен, 
барлығының жиынтық таралымы «Жұл дыздың» 
1990 жылғы таралымына жет пейді. Мысалы, 
«Жұлдыз» журналы 1980-90 жылдар аралығында 
3000 мыңдай данамен таралған. 
Баспасөзде жарық көретін әдеби сын мақа-
лалар журналдың қоғамдық-саяси бағытына 
орайласатыны байқалады. Мысалы, ХХ ғасырдың 
басындағы журнал-газеттердің бағыты, ең ал-
дымен, әлеуметтік-саяси тақырыптарды игеріп, 
одан кейін әдеби-эстетикалық көзқарастағы 
мақалалар қамтылған. 
ХІХ ғасырдан бастап әдеби сынның тари-
хында газеттер де елеулі орын алады. Әдеби 
сын баспасөз бетінде өмір сүреді. Сондықтан 
да әдеби сынның дамуы баспасөздің дамуымен 
тікелей байланысты. Қазақ даласында «Түркістан 
уалаятының газеті» (1870-1882), «Дала уалаяты-
ның газеті» (1888-1992) газеттерінің шыға 
бастауы мен бірге олардың беттерінде әдеби ой-
пікірлер де көрініс тапты. Бұл газеттерде саяси-
экономикалық мәселелермен қатар, оқу-ағарту 
жұмысының жай-күйін, өнер-білімнің пайдасы, 
орыс ғылымы мен мәдениетінің жетістігі тура-
лы мақалалар жарияланған. Біраз кітаптарға 
жазылған мақалалар арқылы сыни ой-пікірдің 
туа бастағаны аңғарылады. «Қисса Қожа Ғафан 
hәм Садуақас» деген кітапқа жазылған мақалада 
«Қазақ тілінің тазалығын сақтау, оны бөтен, түсі-
ніксіз сөздермен шұбарламау», жайында ой ай-
тылғанын ауыз әдебиет үлгілерін іріктеу, жүйе-
леу, құндыларын жариялау мәселесіне назар 
аударылған.«Дала уалаяты газетінің» әдебиет 
пен өнерге, аңыз бен жырға, тарихи шежірелерге 
байланысты материалдары елдің санасын ояту 
бағытында үлкен еңбек сіңірген.Мысалы, 
А.Құрманбаевтың «Қазақ тілі хақында» мақала-
сындағы қазақ тілінің тазалығын сақтау жайын-
да, Д.Сұлтанғазиннің қазақ тілі жайында жазған 
мақалалары «Дала уәлаяты газетінде» жарық 
көрген Мәшhүр Жүсіп Көпеевтің Абай өлеңдері 
жайлы мақаласықазақ әдебиеті тарихында Абай 
атының аталуына себеп болған көрсеткіш. 
Қазақ әдеби сынының дамуына үлес қосқан 
газеттердің бірі ХХ ғасыр басында жарық көріп 
тұрған «Қазақ» газеті. Сыншы Т. Кәкіш ұлы 
«Қазақ» газеті А.Байтұрсынұлының ағарту-
шылық идеясын насихаттаумен қатар, нақты 
практикалық тұрғыдан шешуге, іске айналдыруға 
тырысқандығымен дараланады деп көрсетеді. 
Басылымдар жекелеген тұлғаларға, оның ішінде 
тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі 
тілдес елдердің ұлы перзенттеріне арналған 
ғұмырнамалық құнарлы мақалалар мен мәнді 
зерттеулер десе де болғандай. Тарихи танымды 
мақалалар әсіресе, М.Сералин қаламынан көбірек 
туған. «Маржани», «Ғабдолла Тоқаев», «Жуырда 
орны толмастай өлім», И.Гаспринскийдің 1914 
жылы 1 қыркүйекте қайтыс болғанына байла-
нысты оның өміртарихы мен шығармашылық 
еңбегіне тоқталған.М.Дулатовтың қаламынан 
«Тоқай», «Ахмет Иасауи», «Абай», «Шоқан» 
сияқты мақалалары тарихи құндылығымен ерек-
шеленетінін жазған. А.Байтұрсынұлының «Ис-
маил Гаспринский» атты мақаласында жалпы 
түркі үшін еткен еңбегі бағаланса, Г.Н.Потанин 
туралы А. Бөкейхановтың, М.Шоқаевтың Әбу-
бәкір Диваев жайында жазған мақалалар таныс-
тыру-таныту мақсатын көздеген. 
Әдеби сын баспасөзге байлаулы жанр, сол 
арқылы қалыптасып, әдебиеттану ғылымының 
жеке саласына айналғанын ескерсек, бұл орайда 
қазақ әдеби сынының тууы мен қалыптасуында 
ХХ ғасыр басындағы «Айқап» журналы мен 
«Қазақ» газетінің тарихи маңызы ерекше екен-
дігі сөзсіз. Олар жарық көргеннен бастап әдебие-
тімізге қатысты дүниелерге ерекше назар ауда-
рылды. Өлең-жыр, әңгіме, жолжазба, очерк, 
сыни-танымдық мақала, портрет, ғұмырнамалық 
шығармаларға өз бетінен үнемі орын беріп 
отырды. 
Ақ Жол газеті – Қазақстанның қоғамдық-
саяси ойының және мәдени-ағарту ісінің да-
муына ықпал еткен газет. Ол 1920 – 25 жыл-
дары Ташкентте Түркістан Компартиясы 
ОК мен ТүркАКСР-ы ОАК-нің органы, 1925 
– 26 жылдары Шымкентте БК(б)П Сырда-
рия губкомының органы ретінде шығарылды. 
Алғашқы редакторы – С.Қожанов. Кейін газет-
ті шығарушы, редакторлардың ішінде Н.Төре-
құлов, С.Оспанов, И.Тоқтыбаев т.б. болды. 
Оның жұмысына М.Дулатов, Ж.Аймауытов, 
Х.Досмұ хамедов, І.Жансүгіров, А.Байтұрсынов, 
Б.Сүлеев, Т.Шонанов т.б. қазақ зиялыларының 
үлкен шоғыры араласқан.
Басылым беттерінде Алаш қозғалысының 
қайраткерлері қазақ халқының мүддесіне 
қатысты тақырыптарды қозғап, құнды мақалалар 
жариялады. Газеттің саяси-идеялық бағыты 
құрылтайшыларына ұнамады. Оның жұмысына 


26
Әдеби сынның журналистикамен байланысы
көп кедергілер жасалды. Коммунистер «қызыл» 
деген сөзі бар атауды алмай, газеттің «Ақ жол» 
атануының өзінен күдікті мән іздеді. Осыған 
орай С.Қожанов «Ақ жол» біздің ақ батамыз, 
ақ жүрегіміз, ақ көңіліміз екенін қазақ-қырғыз 
жұрты ақылымен біліп, жүрегімен сезеді» деп 
жазды. 1925 жылы 29 мамырда И.В.Сталин 
РК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне жолдаған 
«Қазақ баспасөзі туралы» хатында «Ақ жол» мен 
«ақгвардияшыл эмигрант» М.Шоқай арасын-
да идеялық бірліктің байқалатындығын жазып, 
партияда жоқ интеллигенттерді коммунистік 
басылымға жолатпауды талап етті. Сталиннің 
хаты ескі интеллигенцияны қуғындауға жол 
ашып, 20-жылдардың алғашқы жартысында 
Қазақстанда жарық көрген ұлттық басылымдарға 
үлкен соққы болып тиді және жариялық пен 
демократиялық атаулыны әміршіл-әкімшіл 
жүйемен ауыстыруға негіз берді. «Ақ жол» газеті 
халық алдындағы борышын адал орындаған, 
ұлттың рухын көтеретін басылымдардың бірі 
болды. (Encıklopedıalyq anyqtamalyq. 2010).
«Жас Алаш» газеті – жастарға арналған ең 
байырғы және беделді республикалық басылым. 
Алғашқы саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент 
қаласында жарық көрді. Ұйымдастырушысы әрі 
тұңғыш редакторы Ұ.Мұратбаев, жауапты хат-
шысы І.Жансүгіров болды. Сол кездегі қаржы 
тапшылығына, т.б. себептерге байланысты ба-
сылым «Жас қайрат», «Өртең», «Жас қазақ» 
газеттері және осы аттас журнал түрінде шығып 
тұрды. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған 
С.Садуақасов. 
А.Байтұрсынов, 
Б.Майлин, 
С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Аймауытовтар 
«Еңбекші қазақтың» бір бетін «Лениншіл жас» 
деген атпен де шығарған. Газет 1927 жылы 
22 қыркүйектен «Лениншіл жас» деген атпен 
шыға бастады. Бұл басылым қай кезде де қазақ 
жастарының азамат болып қалыптасуына үлкен 
еңбек сіңірді. (Encıklopedıalyq anyqtamalyq. 
2010). «Қазақ әдебиеті» газеті – Қазақстан 
Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер 
газеті. Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан ба-
стап шыға бастады. Газет беттерінде қазақ ақын 
жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, 
очерктері, роман, повестерінен үзінділер, 
байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында 
жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты 
деректер мен археологиялық-этнографиялық 
мұралар, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні 
және келешегі жайлы байыпты әдеби-сын 
мақалалар; елдік елеулі мәселелер – қоғамдық-
саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғалар жөнінде 
публицистік өткір ой-толғаулар, дүние жүзі 
классиктерінің үздік туындыларынан аударма-
лар жарияланады.Сонымен бірге оқу-ағарту, 
білім, ғылым саласындағы әр алуан көкейкесті 
мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, 
қолөнерінің келелі тақырыптарын кеңінен 
толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен 
сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығармашылық 
туындыларын оқырмандарға таныстырып оты-
рады. (Encıklopedıalyq anyqtamalyq, 2010: 199).
«Ана тілі» – ұлт газеті. Алғаш жарық көруі: 
Республикалық «Ана тілі» газеті тәуелсіздіктің 
жылымығы есе бастаған 1990 жылы, Ұлыстың 
ұлы күні наурыздың 22-сінде жарық көрді. 
Бағыты: «Ана тілі» – Мемлекеттік тілдіңбірден-
бір жоқшысы, үні айбары. Республикадағы тіл 
тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым. 
«Ана тілі» тек Мемлекеттік тіл ғана емес, ұлтқа 
қатысты кез келген күрмеулі мәселелерді көтеріп 
келеді. Қазақтың тілі, қазақтың ауылы, қазақ 
мектебі, балабақшасы, қазақ жастары, қазақ 
ғылымы, т.б. көптеген тақырыптар басылым 
беттерінен түсіп көрген емес. (Encıklopedıalyq 
anyqtamalyq, 2010: 199).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет