А. Ш. Асқарова, Г. Т. Оспанова



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата20.09.2022
өлшемі313,7 Kb.
#39550
1   2   3   4   5   6
Нәтиже мен талқы
Сонымен, эксперимент нәтижелерін зерде-
лей келе мынадай қорытындыға келдік: Әдеби 
газеттердің әдеби сынды дамытуға әсерық-
палы зор болғанымен, кейде мүмкіншілігінің 
де шектеулі екендігін жасыруға болмай-
ды. Өйткені белгіленген көлемі шектеулі 
болғандықтан, сыни мақалаларға көп орын 
бере алмайды.Сыни мақала әдеби шығармалар, 
жазушы шығармашылығынан басқа, сол ту-
ынды өмірге келген мәдени-тарихи, қоғамдық 
мәселелерді де қарастырады. Тікелей газет
журнал контексімен байланыстыратын әдеби 
сынның бұл қасиеті публицистикалық сын деп 
аталады. Публицистиканың өзіне тән қасиеті 
оның жылдамдығында, өмірге және қоғамдық 
көзқарасқа дер кезінде әсер етуінде. Автордың 
замандасы болып табылатын сыншы үшін, 
әдетте, шығармада уақыттың нақты, шынайы 
бейнесінің көрініс табуы маңызды. Сондықтан 
сыншы заман сипатына, қоғамдағы көркем 
мәдениеттің деңгейіне, шығарманы талдау-
да өзі қызығушылық танытқан мақсатқа қарай 
шығарманы талдау нысанына айналдырады.
Сыни интерпретация жасаудың маңызды 
принципі – көркем шығарманы нақты қоғамдық-
мәдени ахуалға орай өзектендіру. Әдеби 
сынның публицистикалық сипаты жазушының 
шығармада көрініс тапқан тарихи-әлеуметтік 


27
А.Ш. Асқарова, Г.Т. Оспанова
аясына орай бағалауынан байқалады. Де-
генмен қоғамдық өмір құбылыстары әдеби 
сынныңтікелей объектісі болмауға керек. Қазақ 
әдеби сыны әрқашанда әдебиетті тану ғана 
емес, сонымен қатар қоғамның да өзін-өзі та-
нуы болды десек, артық айтқандық болмайды. 
Сондықтан да сыншы-публицистер әдебиет 
пен өнерге көбінесе ақиқатты танудың құралы 
ретінде қарайды. В.В. Розанов былай деп жазады: 
«Әдебиетке өмірлік мән дарытатын, оған барын-
ша қызығушылықты туындататын, оның тарихи 
аяда дамыған қоғамның рухымен үндестіретін 
қуат силайтын сыншы болмаса, мұны атқару 
мүмкін болмас еді. Тап осы сынның әсерімен 
әдебиет біздің өмірімізде елеулі мәнге ие болды. 
Жазушы біздің қоғам мен тарихта жұртшылық 
пікіріне құлақ асатын маңызды тұлғаға айналды» 
(Rozanov V.V., 1996: 236). Публицистикалық 
сынның мән-мағынасының салмақтылығы 
қоғамдағы елеулі өзгерістердің, саяси ахуалдың 
күрт өзгеруіне байланысты болады. Мәселен, 
сыншыны қоғамдық-саяси мәселелер ғана 
алаңдатпайды, сонымен қатар ол моральдық 
мәселелерді де қарастырады және оқырманның 
эстетикалық талғамын қалыптастырады. Көркем 
шығармада автор оқырманмен сырттай сыр-
сұхбат құра алмаса, сыншылар оқырмандармен 
тікелей диалогке түсіп, белгілі аудиторияға 
ие бола алады. Мақаланың композициялық 
құрылымын анықтау, диалог формасында 
ұйымдастыру – сыншының өзіндік ерекшелігі 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет